Семинар -15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 30 сағат СӨЖ 30 сағат


Арал теңізінің экологиялық мәселелері, оны қалпына келтіру



бет59/90
Дата12.09.2020
өлшемі0,74 Mb.
#63667
түріСеминар
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   90
Арал теңізінің экологиялық мәселелері, оны қалпына келтіру.
Арал теңізі- Қазақстанның шөл белдеміндегі бірден бір су айдыны. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км .кв. тереңдігі 30-60 метр, тұздылығы 10-12 % болған. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік –экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген болатын . Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін завод және 2 балық комбинаты жұмыс істеген.

1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алына бастады. Сыр бойындағы халық санының артуына байланысты суға деген қажеттілік артты. Осыған орай, 1970- 1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері – антропогендік факторлар болатын. Әмудария мен Сырдария өзендерінің бойында суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды. Ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мысалы , Аралға 1960 -1965 жылдар арасында 44 мың м. куб су құйылса , бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м. куб, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды.

Нәтижесінде , Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп ,оның су айдыны 30-200 км-ге дейін тартылды. Судың тұздылығы 40% артты. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т. тұзды шаңдар көтеріліп , желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға;

-жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескеру;

-ауылшаруашылығын дұрыс жоспарламау , судың қорын есепке алмау;

- суды өте көп мөлшерде қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;

-жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;

-табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Аралдың фаунасы мен флорасы жойылуға жақын. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн.т. деп есептеледі.

Қазірде Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.

Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар;

1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.

2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің реттеу арқылы суды молайту.

3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.

4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.

5. Жер асты суларын пайдалану.

6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін, толысуын күту.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет