I кезең. Биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі.
II кезең. Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең Э. Геккель, Е. Варминг, К. Мебиус, Н. А. Северцов, М. А. Мензбир, Б. М. Житков, Д. Н. Кашкаров, Н. П. Наумов, А. Н. Формозов, Н. И. Калабухов, т.б. жан-жақты экологиялық зерттеулерді жүргізсе, сол сияқты Қазан университетінде Н. Ф. Леваковский, С. И. Коржинский, А. Я. Гордягин, Г. И. Панфильев, П. Н. Крылов т.б. өсімдіктер экологиясын зерттеп дамыта түсті.
Г. Ф. Морозовтың «Орман туралы ілімі», Д. Н. Кашкаровтың «Орта және бірлестіктер», «Жануарлар экологиясының негіздері», ағылшын А. Тенслидің «Экожүйелер туралы ілімі», орыс ботанигі В. Н. Сукачевтың «Биоценоз», В. И. Вернадскийдің «Биосфера туралы ілімі» т.б. ғалымдардың еңбектері экология ғылымының негізін қалған болатын.
III кезең.
Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология бүкіл ғаламдық ғылымдар мен әлеуметтік , экономикалық жағдайлар және проблемаларды қамтитын деңгейге жетіп отыр. Экологияның жаңа салалары бойынша теориялық және практикалық зерттеулер жүргізілуде. Олардың қатарына А. Гиляровтың «Популяциялық экология», (1990) Н. Реймерстің «Экология»(1994) , «Экологияландыру»(1993), Г. Сағымбаевтың «Экология негіздері» , «Экология және экономика» (1995) , Ж. Жатқанбаевтың « Экология (2000,2004) А. Бейсенова, Ж. Шілдебаевтің «Экология»
(2001) еңбектерін жатқызуға болады.
Дәріс № 2
Достарыңызбен бөлісу: |