Экожүйе түсінігі. Экожүйелердің жіктелуі және энергия ағымы.
Табиғатта әр түрлі түрлердің популяциялары бірегей жүйелерге бірігіп ірі бірлестіктер немесе (биоценоздар) құрады.Биоценоз-табиғат жағдайлары бірыңғай жерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдердің жиынтығынан тұрады. Биоценоз ұғымын алғаш ұсынған неміс зоологі К. Мебиус (1877ж.) Биоценоз табиғат компоненттерінің қолайлы тіршілік ортасы –биотоптан тұрады,ал биотоп- тірі организмдердің жиынтығы тіршілік ететін орта. Нәтижесінде биоценозбен биотоп бірлесіп – биогеоценозды құрайды. Бұл терминді ғылымға енгізген В. Сукачев (1940ж.) Биогеоценоз төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады: өндірушілер (жасыл өсімдіктер); тұтынушылар (бірінші-өсімдік қоректі жәндіктер; екінші –жануар тектес қоректілер); ыдыратушылар (микроорганизмдер) және өлі табиғат компоненттері. Ғылымда биоценоз ұғымының баламасы ретінде «Экожүйе» термині қолданылады,оны А. Тенсли 1935 ж. енгізген. Экожүйенің атқаратын функциясы көбірек сипатталады; 1) энергия ағымына ,2) қоректік тізбектер ,3) кеңістік пен уақытқа байланысты көп түрлілік құрылым , 4) биогенді элементтер айналымы , 5) эволюция және даму ,6) басқару ,7) компоненттердің қарым –қатынастары.
Экожүйе дегеніміз – ағзалар мен абиоталық ортадан , олардың әрқайсысы бір-біріне әсер ететін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі.
Табиғи экожүйелер көлемі бойынша әр түрлі болуы мүмкін; су қоймасы, мұхит, шалғындық т. б.
Табиғи экожүйелерде организм популяциясының жағдайлары әр түрлі себептерге байланысты тұрақты түрде өзгеріп отырады.Қысқа мерзімді себепке ауа райының жағдайы мен биоталық қарым-қатынастар, маусымды температураның жыл бойында қатты өзгеруі , жылдан-жылға абиоталық және биоталық факторлардың әр түрлі кездейсоқ қосылуы жатады. Бірақ та барлық тұрақсыздану жүйелілікпен экожүйенің тұрақтылық шегінен , жердің географиялық және ауа-райының жағдайына сәйкес болатын оның әдеттегі көлемінен , түр құрамынын, биомассасынан ауытқымайды. Экожүйенің осындай жағдайын климакс деп атайды, ғылымға бұл терминді Ф.Клементс (1916) енгізді.
Экожүйенің негізгі экологиялық көрсеткіштері тұрақты болады, себебі оның өзін-өзі сүйемелдеуге және өздігінен реттелуге қабілеттілігі бар, осы қабілеттілікті экожүйе гомеостазы деп атайды. Гомеостаз кері байланыс принципіне негізделген. Мысалы, популяция тығыздығының оптимумнан ауытқу нәтижесінде не туылым, не өлім-жітім артады.Экожүйелер гомеостазды ұстай отырып ,өзгерумен қатар даму қабілеттілігі де бар, табиғи және антропогендік факторлар әсерлерінің нәтижесінде тұрақты бір жерден ізден таймай қайталанбайтын алмасуға түсіп , олардың жәй түрден күрделі түрге өтуі де орын алады.
Бір биогеоценоздың (бірлестіктің) басқа биогеоценозбен ауысып отыруын экологиялық сукцессия деп атайды. Сукцессия бірнеше кезеңнен өтеді, нәтижесінде биоталық қауымдастықтар бірінен соң бірі алмасып жатады. Сукцессияның афтотрофты, гетеротрофты, аутогенді, аллогенді, фитогенді, зоогенді, ландшафты,алапатты, антропогенді түрлері бар. Кез келген сукцессия түрі бәсең дамитын климакстық өауымдастықтың пайда болуымен аяқталады.
Биомдар.Бір нақты географиялық аймақты мекендейтін тірі организмдердің (өсімдіктердің, жануарлар мен микроорганизмдердің) жиынтыңын биота (терминді Э.Раковице 1907ж ұсынды) деп атайды, ал табиғи –климаттық зона шегіндегі біріккен экожүйелерді (тундра, тайга,дала, шөл дала, тропиктік ылғалды орман)-биом (терминді Клементс және Шелфорд 1939 ж ұсынды) дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |