Табиғи жүйелер адамзат әсерінің объектісі ретінде.
Қазіргі кезде табиғи жүйе табиғат пайдалану объектісі ретінде жер шарының географиялық қабығының негізін құрайды. В.Вернадский бойынша биосфера ( географиялық қабық) .
Географиялық қабық –ең ірі табиғат жүйесі болып табылады, ол геосфераның өзара әсері : литосфера, атмосфера, гидросфера,педосфера, фитосфера, зоосфералардың бір-бірімен зат және энергия алмасуы арқылы байланысады.
Осы географиялық қабықта ғана тіршілік бар, адамзат қоғамы дамиды. Географиялық қабық (биосфера) – күрделі кеңістіктік құрылым, ол геожүйеден және экожүйеден тұрады.
Геожүйе - бүтіннің бір бөлігі ретінде дамитын,орналасуы жөнінен бір бірімен байланысты, бір біріне қажетті табиғат бөлшектерінен тұратын ерекше материалдық жүйе немесе биоталық және абиоталық компоненттердің кеңістікте салыстырмалы шектеулі, біртұтас қызмет атқаратын заңды үйлесімі.(табиғи-территориальды комплекс, ландшафт).
Экожүйе дегеніміз – ағзалар мен абиоталық ортадан тұратын , олардың әрқайсысы бір-біріне әсер ететін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі, оның әр бөлігі екіншісіне әсер етеді.
Бұл екі түсініктің бір-бірімен ұқсастығы да, айырмашылығы да болады.
Ұқсастығы: геожүйе мен экожүйенің табиғат компоненттерінің бір біріне жақын қасиеттерімен , атқаратын қызметінің жалпы жиынтығы арқылы көрінеді, бұлар екеуіде ашық табиғи жүйені құрайды, уақытқа және кеңістікке байланысты өзгереді. Олардың құрамына бір-бірімен зат және энергия ағыны арқылы байланысқан биоталық және абиоталық компоненттер кіреді, олардың ішінде негізгі рольді ауа, су, биота сияқты компоненттер атқарады, табиғатта өтетін күрделі процестерді анықтайды ( биологиялық ресурстарды қалпына келтіруде).
Айырмашылығы: кеңістіктік шекараны анықтау сипатымен, зерттелетін байланыстардың бағытын анықтауда көрінеді. Экожүйе биоцентрлік жүйе болып табылады, онда қоршаған орта факторлары немесе абиоталық факторлар негізгі компонент биотаға қарай бағытталады, әсіресе трофикалық немесе қоректік тізбекке ерекше көңіл бөлінеді.
Ал, геожүйе полицентрлі, барлық табиғат компоненттері тең дәрежелі,тура және кері байланысқа көңіл бөлінеді, экожүйеге қарағанда кең көлемді болып келеді.
Экожүйе деген түсінікке дәл шектеу қоюға мүмкін емес, ол бір тамшы суға, батпаққа, тұтас биосфераға тең мағынада қолданылады. Ал, геожүйе деген түсінікті қолданғанда, (ландшафт, табиғи-территорияльды комплекс) кеңістікте шектеулі ұғым туады.
Географиялық қабықтың (биосфераның) кеңістіктік жіктелуі нәтижесінде көлемі мен күрделілігі жағынан ажыратылатын табиғи жүйе қалыптасады, бұл жүйе үш көлем деңгейі не бөлінеді: а) ғаламшарлық (ауқымды)- географиялық қабық(биосфера) тұтастай немесе оның ірі бөлімдері ( құрылықтар, мұхиттар,климаттық белдеулер); б) региональды (аймақтық) –ірі аймақтар, геодинамикалық және микроклиматтық факторлардың әсерімен анықталады (физико-географиялық елдер, табиғат зоналары, экожүйе аймақтары, ландшафтық облыстар немесе мегаэкожүйелер т.б.) ; в) локальды (жинақталған)-ауқымы үлкен емес территориялар,мезорельеф пен және гидроклиматтық айырмашылықтармен анықталады (урочища, фация немесе биогеоценоз, жергілікті жерлер).
Табиғи жүйенің аймақтық және жинақталған деңгейі адамның шаруашылық әрекетінің нәтижесінде табиғи ортаның өзгерісіне әкелген күшті антропогендік қысымға ұшыраған.
Достарыңызбен бөлісу: |