Жерді суландыру, фитомелиорация
Су мелиорациясының маңызы су режимін жасанды реттеу мен ландшафттарды құрғату арқылы жақсарту, суландыру және су тоғандарын жасау. Су мелиорациясына қажетті су ауа, термиялық, ауыл шаруашылық жерлерінің су режимі, су ресурстарын тиімді пайдаланумен байланысты.
Мелиорациясының бағытын және қасиеттерін дұрыс таңдау табиғат жағдайларының кешеніне, климатқа, топырақтың механикалық құрамына, рельеф т.б. байланысты.
Ең біріншіден табиғи ылғалдылық және ауданның жалпы гидротермиялық жағдайын есепке алу керек. Оны бағалау үшін төмендегідей көрсеткіштер қолданылады:
А.Н. Костяковтың гидротермиялық коэффициенті - жылдық жауын шашын мөлшерінің булануға қатынасы температура мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығымен анықталады.
Г.Т. Селяниновтың гидротермиялық коэффициенті – жауын шашын мөлшерінің 10 0С жоғары ауаның орташа температура мөлшеріне қатынасы.
Г.Н. Высоцкий Н.И. Ивановтың ылғалдылық коэффициенті – жылдық жауын шашынның булануға қатынасы
Булану коэффициенті.
Ландшафттар қасиеттерін өзгертуде фитомелиорацияның, яғни табиғи ортаның жағдайын өсімдіктер көмегімен жақсарту шараларының орны ерекше. Әсіресе кеңінен қолданылатыны орман мелиорациясы.
Достарыңызбен бөлісу: |