Бақылауға арналған сұрақтар:
1. Эрозия дегеніміз не?
2. Жайылымдық эрозияның қалыптасуының негізгі көздері қандай?
14 кредит сағат
№14 дәріс
Тақырып: Топырақтың ластануы және оның нәтижесінде туындайтын ғаламдық проблемалар
Дәрістің мазмұны: Топырақтың ластануы, тұздануы, құнарсыздануы мәселесі. Ғаламдық шөлейттену мәселесі
Дәрістің мақсаты:
Негізгі сөздер:
БҰҰ деректері бойынша елдің суға деген сұранысы су қорының 40%-тін құрайтын болса, ол жағдайда бұл елде су проблемасы пайда болады. Бұл жағдайда су проблемасы осы елдің экономикалық дамуын тежеуші факторлардың біріне айналады. Соңғы уақытта таза ауыз суды жер асты су көздерінен алып пайдалану өсіп барады. Бұл адамзаттың өмірге өте қажетті ресурсының азаюына әкелуде. Жыл сайын планетамыздың жер асты су қоймалары 160 млрд.м3 таза судан айрылуда. Судың бұндай үлкен көлемі оның айналымы кезінде орнына қайтып келмейді. Араб елдері регионында жер асты суларын қорғау мақсатында мемлекет аралық ұйым құрылды.
Таза суға деген жетіспеушілікті өсуін тоқтату үшін суды дұрыс қолдану білу технологиясын күшейтіп, заң тұрғысында шаралар қолдану керек. Индияда, Израилде, Испанияда, Иорданияда және АҚШ-тың кейбір аудандарында фермерлерге тамшылы түрде суғаруға көшуді ұсынуда. Бұл әдіс өсімдіктердің тамырына ылғалды тікелей апаруға негізделген.
Таза суға деген жетіспеушілік пен оны ұқыпты түрде қолдану мәселелері бұрыннан бері адамзатты ойландыруда, себебі бұл факторлар сол елдің тұрақты түрде дамуында, халқының денсаулығында және тұрмыстық жағдайының деңгейінде, өнеркәсіп пен тамақ өндіруде маңызды роль атқарады. Болашақта бұл жағдай қиындай түсуі мүмкін. XXІ гасырдың ортасына карай Жердің негізгі стратегиялық ресурсы мұнай емес, таза су болуы ғажап емес.
Достарыңызбен бөлісу: |