11.4. ГЛОССАРИЙ – терминдермен жұмыс
Антрапогендік заттек (Антропогенное вещество) - Жер сфераларына адамның іс- әрекеті нәтижесінде енгізілген химиялық қосылыстар. Табиғи айналымға кіріп, осы себепті ерте ме, кеш пе экожүйелерге сіңіскен. Антропогендік заттек - тер және табиғатқа жат, тірі организмдер мен абиотталық агенттер өте баяу ыдырататын, сондықтан табиғи заттектер алмасуынан тыс қалатын жасанды қосылыстар болады. Соңғылар биосферада қорланып, тіршілікке қатер болады Табиғи түзілімге кіретін, бірақ адам бір геосферадан басқасына көшіретін немесе жасанды түрде жинақтайтын химиялық қосылыстар мен элементтер. Антропогендік заттекке қатысты ерекше жағдай болып табылады. Мүндай элементтер қатарында адам. Жердің терең қойнауынан қазып алып тарататын ауыр металдарды және табиғи жағдайда, әдетте үлкен кеңістікте шағын мөлшерде болатын радиоактивтік заттектерді айтуға болады.
Антропогендік кеңейту - (Антропогенная экспансия)-антропоген және лат. expansіo – кеңейту)-адамның табиғатқа жасайтын кез келген тікелей және жанама әрекеті.
Антропоэкология – 1) адам экологиясы- адам мен популяцияның қоршаған табиғи, квазитабиғи, артетабиғи және бір жағынан әлеуметтік ортамен қарым-қатынасының биологиялық аспектілерін зерттейтін ғылыми пән: 2) адам мен оның арғы тегінің эволюциялық экологиясы: 3) биосфера мен адам зат қарым қатынасының жалпы заңдылықтарын зертейтін кешенді пән. Бұл жерде антропоэкология ұғымы әлеуметтік экологияға жақын. Адам экологиясы адамды биологиялық объект ретінде, ал әлеуметтік экология әлеуметтік- биологиялық немесе әлеуметтік объект ретінде қарастырады.
Аптау (Адсорбция)– сұйық немесе қатты дененің беткі қабатының ерітіндіден немесе газдан заттек сіңіруі. Аптау биологиялық процестерде, сондайақ заттектерді тазарту және табиғат қорғау технологияларында маңызды рөл атқарады.
Арна ағындысы (Русловой сток) – су жинау алабының арналық желісімен судың ағуы
Арналық эрозия (Русловая эрозия) - өзен эрозиясының түрі - өз арнасын ағын сумен шаю. Арналық эрозияға бүйірлік және тереңдік эрозия кіреді.
Аршыма тау жыныстары (Вскрышные породы)- пайдалы қазбаны жауып жататын және пайдалы қазба соның ішінде болатын кенді жыныстар: кенді ашық қазып алу жұмыстары процесінде ойып алынып басқа жерге ауыстырылады
Атмосфера қорғау (Охрана атмосферы) – атмосфераның барлық қабаттарындағы энергетика мен ауаның химиялық құрамын сақтауды қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы. Кен байытатын, мұнай өнімдерін өндіретін және оларды өңдейтін өнеркәсіп орындарының қалдығы аз немесе қалдықсыз технологияға кошіру, автокөліктерден, ұшақтардан, жылу қазандарынан бөлінетін газ тәрізді, ауа тозаңы, ауыр металдар,фенолдар және т.б. зиянды заттектердің шекті мөлшелерден асып кетпеуін бақылау атмосфераны қорғаудын негізгі шаралары болып табылады.
Атмосфераны ластау әлеуеті (Потенциал загрязнения атмосферы) атмосфераның тап сол географиялық аудандағы көздерден болатын ластану дәрежесіне байланысты метеорологиялық факторлардың үйлесімі. Метеорологиялық жағдайлар (желдету, т.б.) неғұрылым қолайлы болса, атмосфераны ластау әлеуеті соғұрлым төмен болады.
Ауаны тазалау (Очистка воздуха) – аудан бөгде қоспаларды физикалық-химиялық әдістер арқылы алып тастап, сапасын табиғи сапаға жеткізу.
Бағалау (Бонитировка) – жеке табиғи ресурстарды және олардың аумақтық үйлесімдіктері мен жиынтықтарын (биоциеноздарды , ландшафтар мен қорық бөлімшелерін, т.б.) немесе жеке шаруашылықтық кұндылықтарды (жануарларды) сапа жағынан бағалау
Биологиялық мониторинг (Биологический мониторинг) – 1) биологиялық нысандарды бақылау (түрлер саны, олардың жағдайлары, кездейсоқ түрлердің пайда болуы және т.б. 2) биокөрсеткіштер арқылы бақылау арнайы биосфералық қ орықтарда жүргізіледі.
Биологиялық тазалау (Биологическая очистка) - қалдықтарды биологиялық объектілер көмегімен (су өсімдіктері, белсенді тұнба, ағаш үгіңділері арқылы өткізу, т.б.) залалсыздандыру
Географиялық экология (Географическая экология)– географиялық процестерге экологиялық зандылықтарды қолдануға негізделген экологияның тарауы: негізінен жоғарғы деңгейдегі экожүйелерді қарастырғанда қолданылады. Бұны геоэкология және ландшафт экологиясы деп те атайды
Геотехнология, экотехнология – табиғи процестерге сәйкес дәл келетін, кейде соларды жалғастыратын технология. Мыс., контурлы егіншілік, жерді қайырмасыз немесе нөлдік өңдеу
Дарақтар саны (Численность особей) – шекаралары анықталған бір аумақтағы организмдер саны. Мыс., бір әкімшіліктегі аудан, облыс , мемлекеттегі қой, жылқы, т.б. саны
Дене паразиті (Экзопаразит) – өз иесінің денесінде арам тамақтықпен тіршілік ететін организм.
Денелік сінірумен тазалау (Абсорбционная очистка) – тазалаушының заттарды бүкіл беткі қабатымен сіңіруі
Денивеляция – су бетінің, еңістердің желден, жер сілкінуі әсерлерінен және аудан түскен ылғалдардың біркелкі болмауынан және т.б. себептерден өзгеруі.
Динэкология–эволюциялық динамикалық экология, экологияның динамикасы дарақтар мен олардың топтарының мекендеу орталары мен эволюциялық қатынастарын және динамикасын зерттейтін бөлігі
Дыбыстық қысым (Звуковое давление) – толқындар жоқ кездегі қысыммен салыстырғандағы толқындар таралған ортадағы қысымның өлшемі. Децибелмен өлшенеді.
Жануарларды қорғау (Охрана животных)–жануарлар тіршіліктерін қамтамасыз етуге, олардын популяциялық түр құрамдарын сақтап, сандарының белгілі деңгейде болуына бағытталған халықаралык, мемлекеттік, аймақтық шаруашылық-әкімшіліктік және қоғамдық шаралар. Бұл шаралар қүрамына жануарлар санын реттеумен бірге, олардың тіршілік ортасын сақтау да жатады.
Заттектер айналымы (Круговорот веществ) – заттектердің атмосферада, литосфера мен гидросферада, соның ішінде ғаламшар биосферасына енетін қабаттарда болып жататын процестерге талай мәрте қайталап қатысуы.
Инсектицид - шаруашылықта немесе табиғи кауымдастықтарда жағымсыз жәндіктерді құрту үшін қолданылатын заттек
Инсектофунгицид – бір мезгілде қатарынан жәндіктерді (инсектецид) және саңырауқүлактарды (фунгицид) жоюға қолданылатын заттек
Ирригациялық эрозия (ирригационная эрозия)- суармалау кезінде топырақтың шайып әкетілуі. Топырақтың сортаңдануы кезінде қайталама
Көшкін (Оползень) – ауырлық күші әсерінен, әсіресе, борпылдақ материал сумен қаныққанда жұмсақ тау жыныстары массасының беткеймен төмен жылжуы.
Күйе бөлшектері (Сажевая частица) – отын жанғанда түзелетін, оттықтан шығарылған газдармен бірке негізінен ұсақ бөлшектер түрінде әкетілетін көміртектің сутекпен конглогомераты
Қалдықсақтағыш (Хвостохранилище) – сұйық қалдықтарды сақтауға арналған тұйық бассейн немесе жартылай тұйық бассейн (жартылай тұйық бассейн сұйықтық жартылай сіңірілетін жер бөгетін салуда пайда болады)
Қалалық ландшафт (Городской ландшафт) - құрылысы, көшелері және саябақтары бар антропогендік ландшафт типі.
Қалдықтар контейнері (Контейнер отходов) - қалдықтарды уақытша сақтау үшін немесе көму үшін қолданылатын, қалдықтарды салатын контейнер. Қалдықтар контейнері қоршаған ортаны ластанудан қорғайды.
Қалдықтар түрі (Вид отходов) - қалдықтарды жіктеудің қабылданған жүйесімен жалпылама сәйкес белгілері бар өндіріс пен тұтыну қалдықтарының жиынтығы
Қалдықтарды қайта өңдеу (Переработка отходов)- қайтадан пайданалуға жарамды пайдалы кұрамдарды алу немесе зиянды құрауыштарын бейтараптау мақсатымен өнеркәсіптік және коммуналдық қалдықтарды механикалық, физикалық - химиялық және биологиялық өңдеу
Қалдықтарды құрғату, сорғыту (Обезвоживание отходов) - қалдықтар мен қоқыстарды одан әрі өңдеу (брикеттеу, жағу және т.б) мақсатымен олардан суды бөлудің технологиялық тәсілі.
Ландшафтық зерттеулер (Ландшафтные исследования) – Ландшафтардың даму тенденциясын, генезисін, динамикасын, қызметін, кұрылымын, таралуын зерттеу мақсатындағы зерттеу операциялары мен әдістерінің жиынтығы. Ландшафтық зерттеулерге далалық , дистанциялық зерттеулер, сондай-ақ үлелеу кіреді
Ландшафтың өзгергіштігі (Изменчивость ландшафта) – ландшафтың даму процесінде функциялық параметрлер өзгеріснің пайда болу қасиеті. Ландшафтың өзгергіштігінің керісінше түсінігі – ландшафтың тұрақтылығы.
Ластағыштардың жинақталуы (Аккумуляция загрязнителей)- ластағыштардың тірі организмдермен жинақталуы және олардың шоғырының қоректік тізбектің әрбір деңгейінде артуы
Ластану деңгейі (Уровень загрязнения) – ортандағы ластағыш заттектер кұрамының абсолютті немесе салыстырмалы көрсеткіші.
Ластану нормасы (Норма загрязнения) – ортадағы заттектер шоғырының нормативті актілермен шектелген рауалы деңгейде болуы
Ландшафтың өзгергіштігі (изменчивость ландшафта)- ландшафтың даму процесінде функциялық параметрлер өзгересінің пайда болу қасиеті.
Мониторинг - қоршаған табиғи орта жағдайының антропогендік факторлардың әсер–ықпалынан өзгеруін болжау мен бағалаудың , бақылаудың кешенді жүйесі.
Мөлшер (Доза) –организмге енген немесе түскен радиоактивті сәуле шығару (сәуле шығару мөлшері) энергиясының немесе заттектердің саны.
Мұнай дағы (Нефтянное пятно) - суқойманың қалыпты аэрациясына және одан судың булануына кедергі келтіретін мұнай қабатымен жабылған су бетіндегі үлескі.
Мұхиттық лас су ( Ляльные воды) - ластанған мұхит (теңіз) суы
Норма - зандастырылған ңұсқама, бірдеңенің міндетті деп танылған реті, кұрылысы
Норманалатын параметр (Нормируемый параметр) – заңды түрде бекітілген немесе ережелермен және стандарттармен шектелген параметр
Өзен желісінің жиілігі (Густота речной сети) - қандай да бір аумақтын 1 км2 ауданына келетін өзен желісінің ұзындығы
Өсу нысаны (Форма роста) - морфологиялық белгілері бойынша бөлінетін өсімдіктердің тіршілік нысанының бөлімі
Өсімді мауысым (Сезон вегетации) - өсімдік өніп-өсетін жыл кезеңі
Өнеркәсіптік ластану (Промышленное загрязнение) – кәсіпорын шығарындылырынан ортаның ластануы. Қазірге кезде өнеркәсіптік ластану ғаламдық проблемаға айналып отыр
Өнеркәсіптік су (Промышленная вода) – судан өнеркәсіптік көлемде қандай да бір кұрауыштарын алу үшін шикізат ретінде пайданалатын су
Өнеркәсіп қалдықтарын пайдаға асыру (Утилизация промышленных отходов) - Өнеркәсіп қалдықтарын қайтара пайданалатын шикізат, отын, тынайтқыш және т.б. ретінде қолдану
Өлім –жітім коэффициенті (коэффициент смертности) – бір жыл ішіндегі бір мың адамға шаққандығы өлген адамдар саны
Популяциялық күрт өсу (Популяционный взрыв) – популяцияны реттейтін әдеттегі механизмдердің бірінің болмай қалуына байланысты қандай да бір популяциядағы дарақтар санының тез, бірнеше есе күрт көбеюі Популяциялық күрт өсу түрлерді жерсіндіру кезінде қарқынды болатындығы байқалады
Популяциялық экология (Популяционная экология) – экологияның бір бөлігі, популяцияның ортамен тікелей және кері байланыстары мен ішкі популяциялык процестерін қарастырады
Радиоактивтік бақылау (Радиоактивный контроль) - өндірістік шоғырындылардың радиоактивтік мөлшеріне және олардың изотоптық құрамына бақылау жасау, қалыпты нормадан ауытқуын тіркеп отыру
Радиоактивтік жауын-шашын (Радиоактивные осадки) – жер бетіне шаң тозаң түрінде немесе жаңбырмен (қармен) бірге түсетін радиоактивтік заттектердің ыдыраған өнімдері
Радиоактивтік ластану (Радиоактивное загрязнение) – ортада радиоактивтік заттектердің кұрамының қалыпты денгейінен артуына байланысты физикалық ластану түрі. Радиоактивтік ластанудың негізгі көздері –ядролық сынақ және қондырғылар.
Радиоактивтік ластану деңгейі (Уровень радиоактивного загрязнения)- радиоактивтік ластанумен сипатталатын сандық шама
Суды залалсыздандыру (Обеззараживание воды) – судағы ауру туғызатын (микро)организмдердің мөлшерін бекітілген санитариялық-гигиеналық талаптарға сай белгілі мөлшерге дейін азайту
Суды тазалау (очистка воды) – судағы бөтен қоспаларды (тірі организмдерді қоса) механикалық , физикалық- химиялық (хлорлау, озондау) және биологиялық әдістермен жою.
Суды тазалауға арналған тұндырғыш (Отстойник для очистки воды) – судан салынды заттектерді тұндыруға арналған гидротехникалық ғимарат
Суды тұщыландыру (Опреснение воды) – табиғи судың кұрамындағы тұз мөлшерін азайту; теңіз суы немесе тұзды грунт суы құрамындағы тұздың деңгейін суды технологиялық пайданалуға немесе ауыз су үшін тұтынуға қажетті деңгейге дейін тұндыр. Қазіргі кезде 100-150 мың тұрғыны бар елді мекендерді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін теңіз суын тұщыландыратын қондырғылар жасалған
Суды хлорлау (Хлорирование воды)- ауыз суды немесе ақаба суды залалсыздандыру үшін хлормен өңдеу. Ауыз суды озондаған (яғни, озонмен өңдеу) дұрыс, өйткені, суды хлорлау бірқатар жағдайларда мутагендер мен канцерогендер (хлорорганикалық қосылыстар, мыс., хлороформ) түзілуіне себепші болады
Сутектік көрсеткіш (Водородный показатель рН) – ерітінділердегі сутек иондарының шоғырлануын сипаттайтын өлшем
Сумен қамтамасыздандыру (Водообеспеченность) – суды тұтыну онымен қанағаттандыру мүмкіндігінің үйлесімділік дәрежесі, ол көлем бірлігімен немесе пайызбен көрсетіледі
Сутірек (водоупор) - су жатқан кеңістіктің түбіне төселген немесе жанжағын бекітіп тұрған су өткізбейтін тау жыныстарының қалындығы
Сушайма (Гидросмыв) - мал қорасын су ағыншасымен тазалау. Түзелетін сұйық көн суқоймаларды, су ағындарын және топырақ бетін жиі ластайды. Оны арнайы сұйық шашыратқыштарды пайдаланбай тыңайтқыш ретінде қолдануға жарамайды, өйткені ол ауа өткізбейтін жұка қабықша түзіп өнімді жоғарылатудың орнына төмендетеді. Сұйық көнді құрамынан биогазды алып, құрғатып, түйіршіктегеннен кейін пайдалануға болады
Сілтісіздендіру (выщелачивание) – химиялық ерітінділердің немесе микроорганизмдердің көмегімен қатты заттектердің жеке құрамды бөліктердің ерітіндіге аустыру арқылы шығару
Табиғаттану (Природоведение) табиғатты – зерттеумен айналасатын географиялык, биологиялық, тарих, физика, химия және т.б. ғылымдардың кешені
Табиғат әлемі (Царство природы) – ірі биографиялық бөлімше (мыс: арктогей,палеогей, неогей және нотогей)
Табиғатты қорғау заны (Закон об охране природы)- табиғи ресурстарды қорғауға, ұтымды пайданалуға және ұлғаймалы ұдайы өндіруге бағытталған мемлекеттік шараларды реттейтін негізгі зандық нормалардың жиынтығы
Табиғи өсімдік (Естественная растительность)- адамның әрекет -әсеріне (ағаш кесу, жырту, жайылым, пішін шабу, т.б.) ұшырымаған күйіндегі өсімдіктер. Қазіргі кезде жер шарында адам болмаған 1.5 млрд га алғашқы тропикті ылғал ормандар бар. Мұндай аудандар Бразилияда, Заирде, Индонезияда, Колумбияда т.б. жерлерде сақталған
Табиғи ресурстарды толықтыру (Восполнение природных ресурсов) – геологиялық барлау, басқа іздеу және зерттеу жұмыстарының барысында табиғи ресурстардың жаңа қорларын және көздерін анықтау
Топырақ тығыздығы – табиғи қалыптасуы бұзылмай алынған құрғақ топырақ массасының оның көлеміне қатынасы.
Топырақтың химиялық ластануы – топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы
Топырақ ылғал сыйымдылығы (Влагоемкость почвы) – топырақтын ылғалды ұстау қабілеті. Ол топырақтың көлемінен немесе массасынан пайызбен қөрсетіледі.
Топырақ ылғалдылығы (Влажность почвы) - топырақ құрамында ылғалдың қатты, сұйық және газ түрінде болуы
Топырақтану (Почвоведение) – топырақтарды: олардың генезисін, даму тарихын, құрамы мен қасиеттерін, географиялық таралуын, сондай–ақ топырақты оңтайлы пайдалану мен оның құнарлылығын арттырудың жолдарын зерттейтін ғылым.
Топырақтың өздігінен тазару уақыты (Время самоочищения почвы) – топырақты ластағыш химиялық заттектердің массалық үлесінің 96%-ға азаюы өтетін уақыт аралығы
Топырақтың өздігінен тазаруы (Самоочищение почвы) топырақтағы жылыстау, айналу, ыдырау, шіру процестері нәтижесінде ондағы ластағыш заттектердің мөлшерінің азаюы
Топырақтың санитариялық жағдайы (Санитарное состояние почвы)- топырақтың адам денсаулығы мен жануарларға тікелей әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық қасиеттерінің жиынтығы. Топырақтың санитариялық жағдайы сөз болғанда, ең алдымен, мәдени өсімдектер өсіретін және мал жайылымына арналған топырақтар ескеріледі
Топырақтын қышқылдығы (Кислотность почв) – топырақ ерітіндісіндегі (белсенді немесе маңызды қышқылдық) және топырақтың сіңіретін кешеніндегі сутек иондарының концентрациясы
Төгінделер (Сбросы) – Коршаған ортаға ақаба сумен бірге түсетін ластағыш заттектер (қоспалар) немесе артық мөлшердегі жылу.
Флотация - ұсақ қатты бөлшектердің суға шылануының айырмашылықтарына негізделген, оларды ажырату процесі. Флотация пайдалы қазбаларды байыту үшін кеңінен қолданылады.
Ценобиоз – организмдердің қауымдастықтарда бірлесіп тіршілік етуі
Цитоэкология – клеткалардың қоршаған орта жағдайларына бейімделу заңдылықтарын зерттейтін цитология саласы
Ығыстару (Вытеснение) – түрлердің бірінің экспансиясына қолайлы жағдай қалыптасуының нәтижесінде эқологиялық тұрғыдан жақын бір түрдің орнын екінші бір түрдің басуы. Ығыстырылған түрдің қырылуына апарып соғуы мүмкін
Ыстық шөл (Жаркая пустыня) – жер, су бетінен булану атмосфералық жауын-шашын мөлшерінен талай есе асып түсетін шөл.
Індет (Эпидемия) – организмдердің қайсыбір қауымдастағы немесе бір аймақ шеңберінде жұқпалы ауралардың тез және үзбей тарауы
Эвритермия - қоршаған орта температурасының кең аралықта өзгеруіне бейімделу
Экоклимат – экологиялық қуыстығы ауа-райы
Экологиялық зиян (Экологический вред) – антропогендік іс- әрекеттердің зардабынан болған қоршаған ортадағы жағымсыз өзгерістер
Экологиялық инвестиция (Экологическая инвестиция) – қоршаған ортаны, экологиялық жағдайды жақсартуға, табиғи капиталды өсіруге арнап бағытталған қаржы
Экологиялық ресурс (Экологический ресурс) – табиғи ресурстар: оларға таза атмосфералық ауа, таза су табиғаттың көрікті көріністері (Пейзаж), тазалағыш және сүзгіштік қасиеті бар батпақты жерлер және т.б. жатады
Экологиялық сыиымдылық (Экологическая емкость) – тіршілік ететін ортаның сыйымдылығы; табиғи факторлардың жиынтығы. Биоценоздардың ішіндегі түрлердің саны
Экологиялық сертификаттау (Экологическая сертификация)- кызметтің немесе өнімнің белгіленген экологиялык талаптарға сәйкес келетегінің арнайы актімен хатталып расталуы
Экологиялық соқпақ (Экологическая тропа) – эстетикалық, табиғатты сақтау және тарихи құндылығы бар әр түрлі табиғат объектілері арқылы өтетін маршрут. Экологиялық соқпақ - экологиялық тәрбие берудің бір түрі.
Эрозия – жел мен судын және т.б. табиғи құбылыстардың әсерінен жер қыртысының түгелдей не жарым- жартылай бүлінуі. Су эрозиясы және жел эрозиясы (дефляция) болып бөлінеді
Ядролық алапат (Ядерная катастрофа) - ядролық жарылыс салдарынан болатын апатты жағдай.
Достарыңызбен бөлісу: |