(Оқу бағдарламасы бойынша қарастырылмаған)
11. СТУДЕНТТІҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ (БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ, ТЕСТІЛІК ТАПСЫРМА, ӨЗІН-ӨЗІ ДАЯРЛАУ СҰРАҚТАР ТІЗІМІ, ЕМТИХАНДЫҚ БИЛЕТТЕР ЖӘНЕ Т.Б.)
11.1 Білімді бағалау жөніндегі мәлімет
«Өмір қауіпсіздік негіздері» пәні 2 кредит көлемінде 2 семестрге жоспарланған. Семестр барысында екі аралық бақылау (рейтинг) жүргізіледі: 7(8) және 15 апталарда.
7-аптаның соңында студенттерге бірінші аралық бақылау (рейтинг) (max 30%), 15 аптаның соңында екінші аралық бақылау (рейтинг) (max 30%) шығарылады (кесте 11.1).
Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).
Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер қосындысы ретінде анықталады.
Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.
Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (11.2-кесте)
Пәнді оқу «Өмір қауіпсіздік негіздері» оқу курсы бойынша барлық материалдарды қамтитын тест нысанындағы емтиханмен аяқталады. Емтиханға жіберілудің міндетті шарты - дәріс материалдарын білу және болуы, семинар сабақтарына жауаптарының болуы, өзіндік жұмыстарды орындау, аралық бақылауды тапсыру және рейтинг алу.
Достарыңызбен бөлісу: |