Семинар-2 Тақырыбы: Оқыту мен тәрбиелеуде пайдаланылатын ақпараттық және телеқатынастық құралдары 1. Әртүрлі ақпараттар негізінде оқыту көрнекілігін арттыру 2.Компьютер жәнекомпьютерлікжелілертелекоммуникациялыққұралдары
1. Әртүрлі ақпараттар негізінде оқыту көрнекілігін арттыру. Қазіргі заманғы жаңа ақпараттарды беру әдістерінің жіктелуі бірінші кезекте сызықты және құрылымдық материалдарды беру әдістерін ерекшелейді.
Оқыту ақпараттарының сызықты көрсетілімі кезінде оқыту материалын баяндау құрылымы материалды тәртіп бойынша қарастырумен анықталады. Берілген әдіс бірқатар жоғары оқыту орындарында және мектептерде дәстүрлі әдістеме ретінде қолданылады және оның берілетін материалдарының иілгіштігі мен жалпы алынатын білімдерді қабылдау толықтығының еңбек сыйымдылығына байланысты кемшіліктері бар.
Оқыту ақпараттарының құрылымдық көрсетілімі оның оқытылуының жүйелік жолдарына негізделген. Оқыту материалының құрылымы оның моделі ретінде қарастырылады және бір – бірімен байланысқан және бір – бірімен шарттасқан элементтер жиынтығы ретінде көрсетіледі. Оқытылатын материалды меңгеруде оның құрылымын анықтайтын элементтері мен оның байланыстары маңызды роль атқарады. Қазіргі заман жаңа компьютерлік технологиялары гипертекстілік ортаға тәжірибе жүзінде кез – келген ақпараттарды (текст, бейне, екі-үшөлшемді графика, дыбыс, видео, анимация және т.б.) енгізуге мүмкіндіктер береді, сонымен қатар бұл ақпараттар көрсетілімі мен ұйымдастырылуына байланысты жүйені одан да жоғары деңгейге жеткізіп – гипермедиа немесе мультимедиа деп қарастыруға болады.
Мультимедиа түсінігі кең спектрдегі мәндерді қамтиды: бұл құрастыру технологиясы ретінде, өнімнің өзі ретінде, аппараттық қамтама ретінде, және нәтижесінде, жаңа ақпарат түрі ретінде де қолданылады. Мультимедия түсінігінің пайда болуымен қарапайым әдістемелік көрсетілімдердің көрнекілігі және материал иллюстрациясының безендірілуі баюда.
Мультимедиа әртүрлі программалық және техникалық құралдар негізінде құрылады, білім алушыға тиімді әсер етеді, ақпаратты өңдеу, елестету, сақтау және құрудың компьютерлік құралдар ретінде көрсетіледі, білім алушы бір мезетте оқырман, тыңдаушы, көрермен және қатысушы бола алады.
Қазіргі заманғы жаңа аудиовизуальды (ыңғайлы навигация, иілгіш үлестік берілу, интерактивтілік) ақпараттарды өңдеудің әдістерін қолдану, әртүрлі рецепторлық айқын әрекеттердің бір мезетте қолданылуы білім алушының оқыту үрдісін интенсивтілігін көтеруге және оқыту ақпараттарын меңгеру тиімділігін арттыруға мүмкіндіктер береді.
2.Компьютер жәнекомпьютерлікжелілертелекоммуникациялыққұралдары.
Компьютердің жүйелік блогында ішкі, сыртқы құрылғылармен байланыс жасауға арналған арнайы тарақша қосқыш түріндегі порттар бар. Олар тізбекті және параллель қосылатын болып екіге бөлінеді. Осы порттар арқылы әр түрлі құрылғылар арасында ақпараттарды тасымалдауға болады. Егер екні немесе одан да көп компьютерлерді порттары арқылы байланыстыратын болсақ бұл компьютерлердің арасында ақпарат алмасу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туады. Осылай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлік желі құрады.