Семинар 1 Ерте жастағы педагогика ғылыми білім саласы ретінде



бет1/3
Дата10.12.2021
өлшемі17,53 Kb.
#78709
түріСеминар
  1   2   3
Байланысты:
Семинар 1 Абдулова А
М11.Бір жастан асқан балаларды тамақтандыру, Документ, Документ, «Химия» п нінен жиынты ба алау а арнал ан дістемелік сыныстар, Документ, ОСӨЖ 1-3, реферат МР студентам, hero-ss-instrukciya-or-po-registracii-studentov-na-discipliny

Семинар 1

Ерте жастағы педагогика ғылыми білім саласы ретінде

1. Ерте жастағы педагогика пәні, міндеттері. Басқа ғылымдармен байланыс.

2. Мектепке дейінгі педагогика мен психологиядағы жас ерекшелік кезеңділігіне көзқарастар

3. Жас кезеңдерінің сипаттамасы.




  1. Мектепке дейінгі тәрбиенің жалпы міндеті – дене, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық тәрбиенің тұтастығын қамтамасыз ету. Осы кезде игерген баланың рухани байлығы өмір бойына із қалдырып, оның дұрыс дамуына негіз болады.

Балалар психологиясы жалпы психологиядан тарайтын даму психикасы туралы білімге сүйенеді. Мысалы, балалар психологиясын зерттеудің, оның іс-әрекеті, психикалық үдерістері мен жағдайлары, жеке басының қасиеттері сияқты жағдайларды бөліп көрсету, олардың бұрын жалпы психологияда бөліп көрсетіліп, сипатталғандығынан ғана мүмкін болады. Балалар психологиясы жас ерекшелігі анатомиясы мен физиологиясының жетістіктерін, әсіресе баланың жүйке жүйесі мен жоғарғы жүйке қызметінің дамуы туралы мәліметтерді үнемі пайдаланып отырады.

Баланың психикасының даму заңдылықтарын зерттегенде балалар психологиясы басқа ғылымдардың ғылыми мәліметтерінің негізіне сүйенеді.

Балалар психологиясы табиғат пен қоғамдағы құбылыстар дамуының заңдылықтарын ашатын сананың қоғаммен сабақтастығын дәлелдейтін философия, диалектикалық материализм негізіне сүйенеді.

Бала психологиясы саласындағы білім педагогиканың ғылыми негіздерінің құрамына кіреді. «Егер педагогика адамды барлық қарым-қатынаста тәрбиелегісі келсе, – деп жазды К.Д.Ушинский, – ол ең алдымен оны да барлық қарым-қатынаста білуі тиіс».

Балалар психологиясы тек балдырғандардың психикалық дамуын, психологиялық дамудың әрбір сатысын сипаттайтын негізгі компоненттерді зерттейді. Яғни, балалардың бойының өсуін, салмағының артуын, дене пропорциясының өзгеруін, жоғарғы нерв жүйесінің құрылымы мен жетілуін, ішкі секреция бездерінің қызметін, оның өзгерісін анатомиялық-физиологиялық негізіне сүйене отырып зерттейді.

2. Жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты әр түрлі жас кезеңдеріне тән психикалық қасиеттер қалыптасады. Сондықтан сол қасиеттерге сүйене отырып, жас кезеңдеріне топтастырады.

Балалар психологиясы – балдырғанның даму фактілері мен заңдылықтарын оның іс –әрекетінің дамуының және психикалық процесстері мен сапаларының дамуын, оның жеке басының қалыптасуын зерттейді. Сәбилік және мектеп жасына дейінгі шақ – бұл баланың мектеп жасы дамуы қалыптасатын шақ. Баланың дамуы - бала бақшадағы зерттеулердің мәліметтермен ата- аналарын мұқият сұрау арқылы жанұядағы тәрбиесі мен мінезінің ерекшелігін баланың дамуын зерттеудің нәтижесі психикалық мінездеме болып табылады.

Қазіргі кезеңде ерте жастағы педагогика алғашқы үш жылдағы баланың дене және психикалық дамуы үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды анықтауға және жасауға бағдарланады. Тәрбие мекемеде арнайы ұйымдастырылған тұтас педагогикалық процесс ретінде қарастырылады, ол педагогтың балалармен мақсатты, мазмұнды, логикалық тұрғыдан құрылған, нәтижелі диагностикаланатын өзара іс-қимылы болып табылады, олардың уақтылы және сапалы дамуын қамтамасыз етеді. Оқыту тәрбие құралы ретінде әрекет етеді,бұл әлеуметтік мәдениетте тіркелген балаларды тану, қайта құру және әлемді бастан кешіру тәсілдері мен құралдарын игеруге бағытталған ерекше педагогикалық процесс ретінде қарастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды.

3. Сана-сезімнің , дене күш қуатының дамуы адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Адамдар өмірде көп өмір сүрген сайын - бойлары өсіп, денелері дамып, ақыл-саналары дамып, білімдері нығая бастайды. Балалардың жас ерекшелігін есепке ал, оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі.

Психология ғылымында жас шамасына қарай кезеңдерге бөлу мәселесімен жас ерекшелігі психологиясы ғылымы тереңірек шұғылданады.

Жас ерекшелігі пәні бойынша балалардың даму кезеңдерін жас шамасына қарай бірнеше кезеңдерге бөліп оқытады.

1. Мектеп жасына дейінгі кезең:

- жаңа туған немесе нәрестелік кезең;

- сәбилік кезең;

- мектеп жасына дейінгі кезең.

2. Бастауыш мектеп шағындағы кезең.

3. Жеткіншектік кезең.

4. Жасөспірімдік кезең.

5. Ересектік кезең.

6. Қарттық кезең.

Мектепте оқыту үдерісіне байланысты біз жоғарыдағы 4 кезеңді қарастырамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет