сәбилік кезең деп аталады.
Бұл кезде баланың тілі шығып, денесі нығайып, ойнай бастау мезгілі.
3-тен 6-7 жасқа дейінгі кез – мектепке дейінгі кезең. Бұл кезеңде қарапайым әрекеттің түрлерін орындай алады, ойынның рөлдік ойын түрі пайда болады.
6-7-ден 10-11 жасқа дейінгі кез – бастауыш мектеп жасы деп аталады.
11-15 жас – жеткіншектік жас кезеңі деп аталады. Бұл кезде бала психологиялық жағынан да, физиологиялық жағынан да үлкен өзгерістерге ұшырайды. Осы кезеңді қиын кезең деп те атайды.
16-17 жас – жасөспірімдік кезең деп аталады.
20-30 жас – жастық кезең деп аталады.
30-60 жас аралығы кемелдену кезеңі деп аталады.
60-70 жас кәрілік кезең және қартаю аралықтарын қамтиды.
Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің схемасында, яғни, жаңа туған баладан бастап, жасөспірімдік шаққа дейінгі өзгерістер кіреді. Олар мынадай сатыдан тұрады:
1. Жаңа туған бала (1 – 2 ай)
2. Нәрестелік шақ (2 айдан 1 жылға дейін)
3. Ерте сәбилік шақ (1 – 3 жас аралығы)
4. Мектепке дейінгі балалық шақ (4 – 7 жас аралығы)
5. Бастауыш мектеп жасы (7 – 11 - 12 жас аралығы)
6. Жеткіншек шақ (11 – 12, 14 – 15 жас аралығы)
7. Жасөспірімдік шақ (15 – 17 жас аралығы)
Достарыңызбен бөлісу: |