Үргізуші: Ассалаумағалайкум, ардақты ауыл тұрғындары! Армысыздар, Құрметті қонақтар! Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт, Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт. Барс жылы кіргелі тұр ортамызға, Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт



Дата15.02.2022
өлшемі15,32 Kb.
#131774
түріСценарий
Байланысты:
Жаңа 2022 жылға арналған мерекелік сценарий
cc764070-6bcb-46c9-aaf3-c2921b8ba37a, 1 СӨЖ Айтқалиқызы Жаңылсын Қф-101, 10 ОСӨЖ Айтқалиқызы Жаңылсын 101-қф, Сценарийлер, МӘНЖАЗБА

Жаңа 2022 жылға арналған мерекелік сценарий.
Жаңа жылдық әуен ойнап тұрады.
Жүргізуші ортаға шығады.

Жүргізуші: Ассалаумағалайкум, ардақты ауыл тұрғындары!


Армысыздар, Құрметті қонақтар!

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Барс жылы кіргелі тұр ортамызға,
Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!


Бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!
Құрметті, ауылдастар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жылы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы құттықтау сөз кезегін ауылымыздың ақсақалы ............... және Қарабұтақ селолық округінің әкімі Кеңшілік Мрзалыұлына береміз.
(Музыка қосылады)


  1. Аманбай Саят «Кел, Жаңа жыл!» әні

І жүргізуші: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды - деп, Абай атамыз жырға қосқандай, ұзақ күттірмей, барлық балалардың қуанышы Аяз атаны ортаға шақырайық.
(Аяз ата келеді. Қасында Ақша қары бар)
Аяз ата: 
Сендерге көк жүзінен нұрдай болып,
Жауғанын қапалақтап көріп қардың,
Асыға ұшып келдім құрдай жорып,
Ал, достар алдарыңа келіп қалдым.
Ақша қар: Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә, достар. Біз келгенше көптеген жерлерде болдық. Әлемнің әр жерінде той-думан болып жатыр.

  1. Еркиналин Арсен «Beggin»

Ауыл тұрғындарынан тілек.

  1. Сакенов Бекзат «Біздің ностальгия»

(И М П Р О В И З А Ц И Я)
Ең үздік костюм киіп келген ауыл тұрғындарына сыйлық табыстау
Ауыл тұрғындарынан тілек.
Ойындар ойнатылады.

  1. Болатбекқызы Аяулым «Last Christmas»

Аяз атаға хат жазған балалардың сыйлықтарын табыстау.
Ауыл тұрғындарынан тілек.
(Ойындар ойналады)

Жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, тұлпардай жүйрік болайық!



Әрі қарай «Би кеші»

Жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар! 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет