Эссе
Бейіндік оқыту мектепте білім беруді дамытуда өзекті және маңызды қадам болып табылады. Осы сияқты көлемдегі барлық басқа жаңа енгізілімдер сияқты, бұл қадам да барынша ойлануды, тындырымды нақтылауды керек етеді. Ең алдымен, «бейіндік оқыту» және «бейіндік мектеп» ұғымдарын ажырату қажет.
Бейіндік оқыту – саралай және даралай оқытудың құралы, білім беру үдерісінің құрылымында, мазмұны мен ұйымдастыруында өзгертулер енгізе отырып, оқушылардың қызығушылықтарын, қабілеттері мен бейімділіктерін ескеретін, жоғары сынып оқушыларының бейіндік қызығушылықтарына және таңдаған бағыттарына білімді жалғастыруына сәйкес оқыту жағдайларын жасау.
Бейіндік мектеп – осы мақсатқа жетудің институционалдық формасы. Бұл негізгі форма болғанымен, жекелеген жағдайларда бейіндік оқытудың басқа формалары перспективалы бола алады, оның ішінде білім стандарты мен бағдарламаларды жүзеге асыруда жеке білім беру ұйымынан тысқары шығара алатын формалар да болады.
Бейіндік оқыту жеке тұлғаны қалыптастыруға бағдарланған оқыту үдерісін жүзеге асыруға бағытталады. Бұл ретте оқушылардың индивидуалдық білім алу траекториясын реттеу мүмкіндігі кәдімгідей кеңейеді.
Бейіндік оқытуға көшудің көздеген мынадай негізгі мақсаттары бар:
жалпы орта білім берудің жекелеген пәндерін тереңдете оқытуды қамтамасыз ету;
оқушылардың индивидуалдық білім бағдарламаларын құрудың кең ауқымдағы және икемді мүмкіндіктерін анықтай отырып,жоғары сынып оқушыларын оқыту мазмұнын мәнділікпен саралауға жағдай жасау;
оқушылардың қабілеті мен индивидуалдық бейімділіктеріне, қажеттіліктеріне орай, түрлі категориядағы оқушылардың толыққанды білім алуға тең қолжетімдігін орнатуға ықпал ету;
оқушылардың әлеуметтену мүмкіндіктерін кеңейту, жалпы және кәсіби білім беру арасындағы сабақтастықтың қамтамасыз ету, мектеп түлектерін жоғары кәсіби білім бағдарламаларын меңгеруге тиімділікпен даярлау.
Бейіндік білім беру ұйымы бүгінгі күні аса қажет ететін мәселелер:
оқушылар мен тәрбиеленушілерге кәсіби бағдар беру, бейіналды және бейіндік даярлауды жүзеге асыру брйынша жүйелі жұмыс жүргізу, нәтижесі – түлектердің болашақ мамандығын игеруге жоғары деңгейдегі психологиялық және интеллектуалдық (білімдік) даярлығы болуы;
кәсіби бағдар беру, бейіналды және бейіндік оқыту бағдарламалары бойынша көрестілетін білімдік қызметке білім беру үдерісіне қатысушылардың сұранысы болуы;
біліктілігі бар мамандар құрамы болуы;
қажетті материалдық-техникалық базасы болуы;
таңдалған бағыт бойынша оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі;
оқушылардың өзін-өзі тануы мен әлеуметтік бейімделуі үдерістерінің жүйелі психология-педагогикалық қамтамасыз етілуі;
бейіндік пәндердің оқытылу сапасын бақылайтын және әдістемелік қамтамасыз ететін әдістемелік кеңес болуы; бейіналды және бейіндік оқытуды ұйымдастыру мен нәтижелерінің бағаланымы бойынша аналитикалық іс-әрекеттер жасау; таңдалған бағыттар бойынша зерттеулер мен әзірлемелердің оза жүру сипаты; бейіналды және бейіндік оқытудың бағыттарына сәйкес келетін кәсіби бағдар беру жұмысының мазмұны мен формаларын әзірлеу;
ақпараттық-талдау қызметін ұйымдастыру.
Жалпы білімнің жоғары сатысын жаңалаудың басты идеясы - мұндағы білім беру барысының неғұрлым индивидуалдануы, функционалдануы мен тиімді болуы.
Көпжылғы тәжірибе көрсеткендей, жасөсіпірім шақтың 15 жас шамасынан бастап білім беру жүйесінде оқушылардың өз қызығушылықтарының, қабілеттерінің және мектептен кейінгі өмірлік жоспарларының жүзеге асырылуына жағдайлар жасалынуы керек.
Әлеуметтік зерттеулер жоғары сынып оқушыларының көпшілігі (70% шамасы) «негізгі пәндердің басты қағидаларын білу, ал терең оқуға тек мамандануға байланысты пәндер ғана таңдалуына» мүдделі екендігін көрсетеді. Басқаша айтқанда, жоғары сынып оқушыларында оқытуды бейіндендіру жоғары сынып оқушыларының көпшілігінің білімдік және өмірлік ұстанымдарына сәйкес келеді. 15-16 жасқа таман көптеген оқушыларда болашақ кәсіби қызметіне бағдар қалыптаса бастайды.
Қазіргі кезеңде жоғары сынып оқушыларының ЖОО-ға түсу мен сынақтардан өтуі бойынша мектепте қосымша мамандандырылған даярлықтың қажеттілігі туралы тұрақты пікір қалыптасқан
Жалпы білім беретін ұйымдардағы жоғары сынып оқушыларының дәстүрлі бейіндік емес даярлығы мектеп пен ЖОО арасындағы сабақтастықтығы бұзылуына алып келді, ЖОО-ларда көптеген даярлық бөлімдерін, репетиторлық, ақылы курстар т.б. ашуға жетеледі. Жалпы орта білім беретін мектептің міндеті – жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағдар алуына жағдайлар жасау.
Әлемдік ақпараттық кеңістіктің дамуына байланысты, білім беру саласын да жаңа қарқынмен, жаңа мазмұн байлығымен дамыту керек. Білім мазмұнында қоғамның құндылықтары, рухани және шығармашылық әлеуеті қалыптасатындай күш болуы керек.
Ол үшін білім беруге деген көзқарас түбегейлі өзгеруі керек, атап айтқанда, оқушылар тек білім, білік, дағдыны меңгеріп қоюы ғана көзделмей, есесіне, адамдық болмысының қалыптасуына, әрқайсысының қайталанбас өзіндік тұлғасы қалыптасуына ден қою керек. Бейіндік оқытудың түпкі көздейтін мақсаты осындай болуы керек.
Бейінді оқыту – білім беру үдерісінің құрылымында, мазмұнында және ұйымдастырылуындаға өзгерістер есебінен оқушылардың қызығушылықтары, бейімдіктері және қабілеттері толық есепке алынғанда, оқуды жалғастыруға байланысты жоғары сынып оқушыларының кәсіптік қызығушылықтары мен ниеттеріне сәйкес білім алулары үшін жағдай жасалған кездегі білімді дифференциациялау және даралау құралы. Бұл ретте оқушының жеке білім траекториясын құру мүмкіндігі ұлғаяды.
Бейіндік мектеп осы мақсатты іске асырудың институциналды түрі, әрине бірегей емес негізгі түрі болып табылады. Жекелеген жағдайда, бейінді оқытудың басқа түрлері де перспективті болуы мүмкін, мысалы,жеке бір мектеп қабырғасында,ы сәйкес білім бағдарламаларын іске асыратын түрлер. Экспериментке қатыастын жалпы білім беретін мектептер «сынақ алаңы» ретінде ғана емес, бейінді оқытудағы жаңа құрылымды ашудағы серіктес ретінде танылады.
Бейінді оқыту – бұл оқушылардың қызығушылықтары, бейімдіктері және қабілеттері есепке алынатын, оқушылардың кәсіптік таңдауларына сәйкес олардың дамуына жағдай жасалатын, оқу қызметін ұйымдастыру түрі, оқуды дифференциациялау және даралау түрлерінің бірі.
Оқушының оқыту профилін таңдауы бейіндік мектепті құрудың негізі болып табылады. Алайда бұл таңдау әлі жеке шешім қабылдау субъектісі болып табылмайтын жастағы мектеп оқушысына міндеттеледі. Сондықтан метептегі бірінші оқуды бастаған күннен бастап оқушыларды тұрақты іздеуге және өз жолын таңдауға шақырып отыру қажет. Сондықтан мектептерге бейіндік және элективтік курстар (міндетті және таңдау бойынша) енгізу керек, себебі олар оқушы қызығушылығы мен кәсіптік бейімделуін дамытуға әсер етеді. Бұған қоса, оқыту бейінін анықтау оқушының танымдық қызығушылығы негізінде ғана емес, білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымының мүмкіндіктерін, аймақтық білім жүйесінің құрылымы, әлеуметтікмәдени орта дәстүрі мен ерекшеліктерін есепке алу негізінде жүзеге асырылады.
Жалпы орта білімнің бейіндік оқыту мазмұны екі - жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық білімдік - бағыттан тұрады. Бейіндік пәндер бойынша көптілді оқыту мүмкіндігі болады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытта үш бейін болады: филологиялық, әлеуметтік-экономикалық, тарихи-құқықтық.
Фиологиялық бағытқа мынадай пәндер кіреді: қазақ мектептеріне арналған «Қазақ тілі» (ілгері деңгей), «Қазақ әдебиеті» (ілгері деңгей), орыс тілді мектептерге арналған «Орыс тілі» (ілгері деңгей), «Орыс әдебиеті» (ілгері деңгей), «Әлем әдебиеті», «Екінші шет тілі», «Информатика және АКТ».
Филологиялық бейін пәндері мазмұны мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
мемлекеттік тілдің қоғамның ресми, саяси-қоғамдық, қоғамық-экономикалық, ғылыми, күнделікті бейресми сияқты түрлі салаларында қызмет ету ерекшеліктерін білуі, басқа да тілдердің ерекшеліктерін білуі т.б.;
қазақ тілінің түрлі коммуникативтік жағдаяттарда қызмет ету ерекшеліктерін меңгеру;
қоғамда мемлекеттік тілде қарым-қатынас құруда ауызша және жазбаша сөйлеу тілі мәдениетін дамыту;
танылатын нысандарды өзара салыстыру, салғастыру, бағалау және жіктеме жасаудың критерийлерін өз бетімен сұрыптай алатын білік-дағдыларды меңгерту;
білім алушыларды ұлттық және әлемдік мәдени құндылықтарды игеруге баулу, дүниетаным көзқарастарын қалыптастыру;
сөз сөйлеуге дайындалу (тақырыпты таңдау, аталымды жинақтау, ішкі, психологиялық көңіл-күй т.б.) және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру;
өз бетімен білім алу білігі мен қабілеттерін дамыту, өз бетімен негізгі білім модульдері бойынша жобалық зерттеулер жүргізу, олардың нәтижелерін талдау және негіздеу;
білімін таңдап алынған бейін бойынша алдағы білім деңгейлерінде жалғастыруға дайындалу, кәсіби өзіндік келбеті қалыптасқан тұлға болуға даярлану.
Тарих-құқықтық бейінге мынадай пәндер кіреді: «Қазіргі әлемдегі Қазақстан», «Қазақстан заңнамасы»,«English for specific purposes», «Информатика және АКТ», «Этика және қарым-қатынас психологиясы».
Тарих-құқықтық бейін пәндері мазмұны мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
қазақстандық патриотизмге, белсенді азаматтық көзқарасты ұстануға тәрбиелеу;
оқушылардың тарихи және құқықтық сауаттылығын дамыту;
қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік коммуникацияға кіру мәдениетін дамыту;
оқушыларда қоғамдық-тарихи ақпаратарды талдау, мәнін түсіну және түсіндірме беру дағдыларын қалыптастыру;
қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүретін басқа да ұлттардың тіліне, тарихына, дәстүріне және мәдениетіне деген құрмет сезімін тәрбиелеу;
басқа білім деңгейлеріндегі білім мазмұнымен сабақтастық;
өз бетімен білім алу білігі мен қабілеттерін дамыту, өз бетімен негізгі білім модульдері бойынша жобалық зерттеулер жүргізу, олардың нәтижелерін талдау және негіздеу;
білімін таңдап алынған бейін бойынша алдағы білім деңгейлерінде жалғастыруға дайындалу, кәсіби өзіндік келбеті қалыптасқан тұлға болуға даярлану.
Әлемуеттік-экономикалық бейінге мынадай пәндер кіреді: «Экономики және кәсіпкерлік негіздері», «Қазіргі әлемдегі Қазақстан», «English for specific purposes», «Информатика және АКТ», «Қазақстанның қазіргі кезеңдегі геоэкономикасы».
Әлемуеттік-экономикалық бейін пәндері мазмұны мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
қазақстандық патриотизмге, өз Отаны үшін мақтаныш сезімін, белсенді азаматтық көзқарасты ұстануға тәрбиелеу;
әлеуметтік өмірдің түрлі салалары, қазақстандық қоғамның даму заңдылықтары мен мүмкіндіктері туралы түсінігі болуы;
кәсіби бағдар беру және білім алушылардың экономика мен кәсіпкерлік салаларда табысты еңбек ету дағдыларын дамыту;
Қазақстанның индустриалды-инновациялық жаңашаландырылуы және әлеуметтік-экономикалық даму жолдары туралы жүйелі білім қалыптастыру;
адамзаттың жаһандану жағдайында тұрақтылықпен даму заңдылықтары, мәселелері мен жолдары туралы заңдылықтары туралы білімді меңгерту;
оқушыларда әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси ақпараттарды талдау, мәнін түсіну және түсіндірме беру дағдыларын қалыптастыру;
өз бетімен білім алу білігі мен қабілеттерін дамыту, өз бетімен негізгі білім модульдері бойынша жобалық зерттеулер жүргізу, олардың нәтижелерін талдау және негіздеу;
білімін таңдап алынған бейін бойынша алдағы білім деңгейлерінде жалғастыруға дайындалу, өзіндік кәсіби келбеті қалыптасқан тұлға болуға даярлану.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан «Об образовании»
2.Государственная Программа развития образования в Республике Казахстан
3.Ермаков Д.С. Профильное обучение: проблемы и перспективы//Народное образование, 2004. - №7. - С.101-107.
4. Захарова Т.Б., Филатова Л.О. Дифференциация содержания обучения в старшей школе как условие эффективной преемственности общего и профессионального образования //Стандарты и мониторинг в образовании, 2003. - №5. – с.26-29.