Семинар №8. Тақырыбы: Қазақстан азаматтық-саяси қарсыластық жылдарында (1917-1924 жж.).
Мақсаты:
1. Ресейдегі Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы туралы білім қалыптастыру;
2. Ұлттық қозғалыстың күшеюі, Түркістан (Қоқан) және Алаш ұлттық автономияларының құрылуы мен қызметі туралы түсінік қалыптастыру;
3. Азамат соғысы жылдарындағы қазақ өлкесі, Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның құрылуы тарихын қарастырып, тағылым алу;
4. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат: себептерін, мәнін, іске асыру ерекшеліктерін, нәтижелерін талдау;
5. Түркістан Республикаларын ұлттық-территориялық межелеу, Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР-ы құрамына біріктірілуін бағалау.
Әдістемелік ұсыныстар: 1. Ресейдегі Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы. 1917 ж. Қазан төңкерісі: себептері, сипаты, қозғаушы күштері. Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы: бейбіт және қарулы әдіс, революцияның «қалалық» сипаты.
2. Ұлттық қозғалыстың күшеюі: Түркістан (Қоқан) және Алаш ұлттық автономияларының құрылуы мен қызметі. «Түркістан Мухториатының» (Қоқан автономиясының) жариялануы – жергілікті халықтың ұлттық автономия құру әрекеті. Кеңес өкіметімен келісімге келуге ізденістері және оның сәтсіздігі. Улемдіктер мен жәдиттер арасындағы қарама-қайшылық. Қоқан автономиясының талқандалуы және Түркістанның жергілікті тұрғындарының Кеңес өкіметіне деген сенімсіздігінің қалыптасуы.
Қазақстанның далалық аудандарындағы дағдарыстық жағдай. Екінші Жалпықазақ съезі және Алаш автономиясының құрылуы. Өлкеде тұрақтылық пен тәртіп орнату шаралары. Алаштықтардың билік туралы мәселені конституциялық жолмен шешуге әрекет жасауы – Құрылтай жиналысына сайлауға қатысуы және олардың сайлаудағы жеңісі, Құрылтай жиналысын большевиктердің таратуы.
3. Азамат соғысы жылдарындағы қазақ өлкесі. Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның құрылуы. Азамат соғысының басталуы жағдайында алашордалықтардың одақтастарды іздестіру әрекеті. Алаш Орданың дағдарысы және Кеңес өкіметі жағына өту. Алаш қозғалысына тыйым салу.
Азамат соғысы қоғамның қақ жарылуы ретінде. «Қызыл» және «ақ» террор. Қазақстан территориясындағы майдандар. Өлкеде «әскери коммунизм» саясатының жүргізілуі және оның ерекшеліктері. Шаруаның жағдайы. Кедейшілік және аштық. Азамат соғысында «қызылдардың» жеңіске жетуінің себептері.
Қырғыз (Қазақ) революциялық комитетінің ұлттық мемлекеттіліктің құрылу идеясына қарсы әрекеті. Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы – ұлттық мемлекет құру идеясының таптық негіздегі мемлекет құру идеясымен ауыстырылуы. Қырғыз (Қазақ) АКСР-інің құрамына солтүстік аумақтарды қосуға Сібір революциялық комитетінің қарсылығы және бұл мәселеге орталықтың араласуы. Республика құрамы мен аумағының халықтың қатысуынсыз анықталуы.
4. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат: себептері, мәні, іске асыру ерекшеліктері, нәтижелері. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). ЖЭС-ке көшудің әлеуметтік-экономикалық және саяси себептері. ЖЭС-тің мазмұны және оны жүргізу ерекшеліктері. Қазақ зиялы қауымының аштыққа қарсы күресі. Қазақстандағы жер-су реформасының мақсаты. Қазақ өлкелік партия комитетінің «Қазақ ұлтшылдығына» қарсы күресі. Елдегі және Қазақстандағы ЖЭС қорытындылары. Халық шаруашылығын қалпына келтірудің қиыншылықтары және экономикалық дамуының Кеңес Одағының өндірістік дамыған аудандарынан қалыс қалуының себептері.
5. Түркістан Республикаларын ұлттық-территориялық межелеу. Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР-ы құрамына біріктірілуі. Қырғыз (Қазақ) АКСР-інің территориялық мәселелерін әміршіл-әкімшіл жолмен шешу. Біртұтас Түркістан идеясының жеңіліске ұшырауы. КСРО-ның құрылуы. Қазақ АКСР-інің КСРО құрамына кіргізілуі. Ұлттық өзін-өзі басқару құқығының декоративтік және декларативтік сипаты.