Семинар №1. Тақырыбы: «Қазақстан тарихы»



бет1/15
Дата09.09.2023
өлшемі58,37 Kb.
#180558
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Практикалық сабақтар




Практикалық сабақтардың тапсырмалары мен әдістемелік ұсыныстары


Семинар №1.
Тақырыбы: «Қазақстан тарихы» курсы, мақсаты мен міндеттері.
Мақсаты:
1. Тарих және тарих ғылымы туралы білім түсінік қалыптастыру;
2. Қазақстан тарихын әлемдік-тарихи процестердің бір бөлігі ретінде қарастырып, тағылым алу;
3. Қазақстан тарихының дереккөздері мен тарихнамасына талдау жасау;
4. Қазақстан тарихы курсының мақсаты мен міндеттерін сараптау;
5. Отан тарихын зерттеп, білу саласындағы мемлекеттік саясатты бағалау.
Әдістемелік ұсыныстар:
1. Тарих және тарих ғылымы. Тарихтың мән-мағынасы. Тарих тағылымының маңызы. Тарих тәжірибесін зерделеу. Тарихтың негізгі міндеттері. Тарих және қоғам. Тарих және мемлекет. Тарих ғылым ретінде. Тарих ғылымының қалыптасуы, әдіс-тәсілдері, ұстанымдары, қағидаттары, функциялары.
2. Қазақстан тарихы әлемдік-тарихи процестердің бір бөлігі. Қазақстан тарихы дегеніміз не? Қазақстан тарихының әлемдік тарихи процестердегі алатын орны. Қазақстан тарихына жаңа көзқарас. Қазақстан тарихын замандарға, дәуірлерге, кезеңдерге бөлу.
3. Қазақстан тарихының дереккөздері мен тарихнамасы. «Қазақстан тарихының» дереккөздері. Дереккөздер деген не? Дереккөздердің жалпы жіктелуі: заттай, жазбаша, ауызша. Көне дәуір және ортағасырлық археологиялық ескерткіштер. Парсы, грек, латын, араб, түрік, қытай тілдеріндегі көне жазба дереккөздер. мен тарихнамасы. Ортағасыр жазба дерек көздері. Ауызша тарих айту дәстүрі және оның жолдары. Жаңа және қазіргі заман дереккөздерінің түрлері.
4. Қазақстан тарихы курсының мақсаты мен міндеттері. «Қазақстанның тарихы» курсының сипаттамасы. «Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері. Отан тарихының негізгі функциялары: танымдық, дүниетанымдық, тәрбиелік, болжамдық. Диалектикалық әдіс – пәннің философиялық негізі. Тарихи және логикалық әдіс, сараптау және синтездеу әдісі, жүйелеу әдісі – «Қазақстан тарихының» жалпы ғылыми әдістері. Пәннің арнайы әдістері: хронологиялық, тарихи-салыстырмалы, тарихи-типологиялық. Қазіргі Отан тарихындағы тарихи зерттеудің негізгі қағидаттарын қолдану: объективтілік қағидаты, тарихилық қағидаты, пәнді жан-жақты меңгеру қағидаты.
5. Отан тарихын зерттеп, білу саласындағы мемлекеттік саясат. ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік саясат ұлттық кеңесінің рөлі. «ҚР тарихи сананы қалыптастыру концепциясы» (1995ж.). Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты кітабының жарық көруі. «Мәдени мұра» бағдарламасының рөлі. «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы. «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының маңызы.

Семинар №2.
Тақырыбы: Ежелгі адамдар және көшпелі өркениет пен мемлекеттіліктің қалыптасуы.
Мақсаты:
1. Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы туралы білім мен түсінік қалыптастыру;
2. Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттарын қарастырып, тағылым алу;
3. Атқа міну мәдениетінің генезисін талдау;
4. Ерте темір дәуіріндегі тайпалар: сақтар, массагеттер, савроматтар, сарматтар, аландар, аорстар, роксоландар тарихын сараптау;
5. Мемлекеттіліктің қалыптасуының бастапқы кезеңін бағалау (б.з.б. III – б.з. II ғғ):
1) Прото және ежелгі түріктердің мәдениет генезисі. Ғұндар (Сюннулар).
2) Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері.
3) Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет