Семинар: 15 Аудиториялық сағат: 45 соөЖ: 22,5 СӨЖ: 67,5 Емтихан: 2 Семей 2015 ж



Дата19.02.2017
өлшемі250,48 Kb.
#11005
түріСеминар
Қазақ инновациялық гуманитарлық заңуниверситеті

Гуманитарлық факультет

Тарихжәне география кафедрасы

«Бекітемін»________

Кафедра меңгерушісіКурманбаева Ш.А.

«____»_____2015 ж



Оқу жұмыс бағдарламасы
Пәні: Жалпы жертану

Мамандық: 5В011600 «География»

Курс: 1

Семестр: 2

Дәріс: 30

Семинар: 15

Аудиториялық сағат: 45

СОӨЖ: 22,5

СӨЖ: 67,5

Емтихан: 2

Семей – 2015 ж

«Жалпы жертану» пәні бойынша оқу әдістемелік кешен 5В011600 «География» мамандығының типтік оқу жоспары негізінде жасалған.
«Тарих және география» кафедрасының отырысында талқыланып бекітілді.
Хаттама № « » 2015 ж
Кафедра меңгерушісі Курманбаева С.А.
Гуманитарлық факультеттің әдістемелік кеңесі мақұлдаған.
Хаттама № « » 2015ж

Әдістемелік кеңестің төрайымы_________________Ахметова А.К.


Университеттің оқу -әдістемелік кеңесінде бекітілген

« __» __________2015ж. Хаттама №__

Төрағасы _______________________ Жарыкбасова К.С.



«Жалпы жертану» пәні бойынша оқу жұмыс бағдарламасы.
1.Пәннің оқу процесіндегі мақсаты мен міндеті.

1.1 Географиялық қабықша ( геосфера) деп аталатын бізді қоршаған әлем дүниесінің қашан және қайда пайда болғанын, дамығанын, динамикасын көрсетуге талпыну, мүмкіндігінше дәлелдей білу; қоршаған табиғи ортаны жақсарту және географиялық үрдістерді планетарлық деңгейде басқаруды оқыту.

«Жалпы жертану» пәні әртүрлі профильдегі географ – мамандарды дайындауға ең негізгі оқу пәндерінің бірі болып табылады. Курсты оқу барысында студенттер жалпы планеталық табиғи кешен болып табылатын географиялық қабық туралы түсінікті ұғына отырып, аталған қабықтың құрылысымен және оның уақыт пен кеңістікте даму заңдылықтарымен кеңінен танысатын болады. Бұл таныстық географиялық қабық өзінің даму барысы нақтылы заңдылықтармен түсіндірілетін бірегей де дербес кешен ретінде қарала тұрса да, ол әртүрлі құрам – бөліктердің, яғни атмосфераның, гидросфераның, литосфераның, сол сияқты тірі заттардың бір – бірімен орайласады.

1.2. Пәнді оқытудағы міндеті:

Бұл пән географиялық білім беру жүйесінде, әсіресе педагогикалық бағыттағы оқу орнындағы география мамандығы үшін негізгі пән болып есептеледі. Бұл пәнді оқытуда студенттер Жер планетасының ерекшеліктерімен оның аспан әлемінде алатын орнын, Күн жүйесіндегі орнын меңгеріп шығады.

Курстың міндеттері – студенттердің білімдерін қалыптастыру:


  • географиялық қабықша, планетарлық геожүйе, планетарлық табиғи кешен сияқты білімдер беру;

  • географиялық қабықшаның даму заңдылықтары, динамикасы, құрамы, құрылымы, биосфера, географиялық кеңістік, қоршаған табиғи орта, географиялық қабықшадағы компонеттердің өзара қарым-қатынасы мен байланыстары, қоршаған табиғи ортасын жақсарту мен табиғатты пайдалану басқару мүмкіншілігі туралы білім беру.

  • физико-географиялық заңдылықтарды қалыптастыра оқыту.

  • географиялық қабықтағы табиғат заңдылықтары ерекшеліктерін сипаттау.

Студенттер осы пәнді оқу барысында жер туралы толық мәліметтер ала алады. Жер шарында болып жатқан табиғи құбылыстармен танысып, ондағы өзгерістер сипатын анықтай алады. Сызбалар мен кестелерді талқылап, қорытынды шығара біледі.

Студент курс аяқталған соң келесідегідей білім, біліктілік дағдыларды игере алады:

  • Заңдылықтарға бағынған қабық құрамдастарымен және тірі заттардың өзара байланысы мен бір-біріне бағынышты әрекеттерін;

  • Жалпы планеталық табиғи кешендерін;

  • Географиялық орта мен қоғамның өзара байланысын меңгеру;

  • Аспан әлеміндегі материалдардың пайда болу туралы гипотезаларын;

  • Материяның Аспан әлемі ауқымында көрініс беру пішіндерін;

  • Жердің пішіні мен мөлшерлік көрсеткіштерін, олардың географиялық мән – мағынасын;

  • Жердің өз осінен айналу болмысын және оның Күннен айналу болмысын, бұлардан туындайтын нәтижелерді;

  • Географиялық қабық аумағындағы заттар мен энергияның биологиялық айналымының өзіндік рөлін;

  • Географиялық қабық туралы түсінікті және оның шекараларын;


1.3. Оқу процесіндегі пәннің орны

Бұл пәнді оқуда географиялық қабықтың территориялық жіктелуі жайлы мәліметтер де нақ осы курс ауқымында ашылып көрсетіледі. Бұл курспен танысу өзара байланысты және өзара бағынышты сипаттарды иеленген табиғи процестер мен құбылыстардың толассыз дамуы нәтижесінде қалыптасқан материалдық жүйе рөлін атқаратын жалпылама табиғатқа деген көзқарасты қалыптастырады және жетілдіре түседі. Бұл курста студенттерге Жердің Аспан әлеміндегі орнын, географиялық қабықтарының өзара байланысын, географиялық орта мен қоғам арасындағы өзара байланысын оқытып жеткіземіз.


2. Курс мазмұны

2.1. «Жалпы жертану» пәнінен дәріс тақырыптары. 30 сағат.




Дәріс тақырыптары

Дәріс мақсаты мен мазмұны

Оқу түрі

Сағат көлемі

1

Кіріспе. Жалпы жертанудың мақсаттары мен міндеттері.

Мақсаты: Жалпы жертану курсының мақсаттары мен міндеттерін оқыту.

Танысу қажет: Географиялық ғылымның негізі - жалпы жертану ғылымының даму кезеңдерімен

Білу керек: Тарихи географиялық территориялық зерттеу түрлерін

Меңгеру керек: География ғылым жүйесі және оның жалпы жертанудағы орнын



Күндізгі

2

2

Күн жүйесі

Мақсаты: Күн жүйесімен таныстыру, планеталардың орналасу заңдылықтарын түсіндіру.

Танысу қажет: Күн жүйесінің пайда болу гипотезаларымен

Білу керек: Жер планетасы және Күн жүйесі мен олардың қарым – қатынасын. Жердің пішіні, мөлшері және оның орбиталық остік айналуы нәтижесін.Күн жүйе сызбасын.

Меңгеру керек: Планеталардың, Күн құрылымының, химиялық құрамының сипатамасын



Күндізгі

2

3

Жер аспан әлемінде

Мақсаты:Жер шарының аспан әлеміндеги орны мен маңызын түсіндіру.

Танысу қажет: Ғарыштық денелер және олардың өзара әрекеттерімен

Білу керек: Галактика және Күн жүйесін. Галактика түрлерін, біздің Галактика Құсжолын

Меңгеру керек: Жер планетасы – тіршілік иесі ретіндегі ролін



Күндізгі

2

4

Жердің географиялық қабық дамуының негізгі кезеңдері

Мақсаты: Жердің географиялық қабық дамуының негізгі кезеңдерімен түсіндіру

Танысу қажет: Атмосфера географиялық қабығының даму ерекшелігімен

Білу керек: Гидросфера қабығының даму ерекшелігін

Меңгеру керек: Литосфера және биосфера қабықтарының даму ерекшеліктерін



Күндізгі

3

5

Атмосфера географиялық қабықтың құрамдас бөлігі

Мақсаты:Атмосфера географиялық қабықтың құрамдас бөлігімен таныстыру

Танысу қажет: Атмосфера құрамы мен құрылысы туралы

Білу керек: Күн радиациясы. Күн радиациясының түрлерінің ерекшеліктерін

Меңгеру керек: Атмосфералық қысым мен олардың жер бетінде таралу сипатын



Күндізгі

2

6

Климаттық белдеулер мен оның типтері

Мақсаты: Климаттық белдеулер мен оның типтерімен таныстыру

Танысу қажет: Жер шарында климаттық белдеулердің орналасу ерекшеліктерімен

Білу керек:Негізгі климатық белдеулер мен өтпелі климаттық белдеулер ерекшеліктерін

Меңгеру керек: Қазақстан орналасқан климаттық белдеу туралы

Күндізгі

3

7

Гидросфера географиялық қабықтың құрамдас бөлігі

Мақсаты:Гидросфера географиялық қабықтың құрамдас бөлігі ретінде оқыту

Танысу қажет: Гидросфера географиялық қабықтың заттық құрамы, құрылымдық көлемімен және абиғи судың құрылымымен.

Білу керек: Жер шарындағы су айналымын және осы процесс тұрғысында болатын өзгерістерін

Меңгеру керек: Гидросфераның басқа географиялық қабықпен байланыстарын



Күндізгі

2

8

Дүние жүзілік мұхит суы мен құрлық сулары

Мақсаты: Дүние жүзілік мұхит суы мен құрлық сулары туралы түсіндіру

Танысу қажет: Әлемдік мұхит, оның орналасу сипатымен

Білу керек: Құрлықтық сулар және олардың таралу ерекшеліктерін

Меңгеру керек: Мұхит сулары мен құрлық суларының химиялық және физикалық қасиеттерін



Күндізгі

2

9

Литосфера бетінің геоморфологиялық ерекшеліктері

Мақсаты: Литосфера бетінің геоморфологиялық ерекшеліктерін түсіндіру

Танысу қажет: Жердің (жер қыртысының) бедері жайлы түсінікпен. Бедер қалыптасу заңдылықтарымен

Білу керек: Құрлық пен мұхит түбі жер бедерінің ерекшеліктерін

Меңгеру керек: Тау массасының еруіне және бұзылуына байланысты қалыптасқан бедер типтерін



Күндізгі

2

10

Биосфера географиялық қабықтың құрамдас бөлігі

Мақсаты: Биосфера географиялық қабықтың құрамдас бөлігі ретінде түсіндіру

Танысу қажет: Географиялық қабықтағы тірі заттармен

Білу керек: Басқа жер сфераларымен байланысы өзара байланысын

Меңгеру керек: Биосфера жайындағы В.И.Вернадскийдің ілімін



Күндізгі

2

11

Ағзалардың тіршілік қауымдастығы: биомасса, биотика, биоценоз,биогеоценоз,экожүйе,б.қорықтар мен қорықшалар

Мақсаты: Ағзалардың тіршілік қауымдастығы: биомасса,биотика, биоценоз, биогеоценоз,экожүйе т.б.қорықтар мен қорықшалар туралы түсіндіру.

Танысу қажет: Биомасса, биотика, биоценоз, экожүйе жайлы түсініктерімен

Білу керек: Қорықтар мен қорықшалар ерекшеліктерін, оның түрлерін, таралуын

Меңгеру керек: Қорықшалар мен қорықтар ұқсастықтары мен айырмашылықтарын



Күндізгі

3

12

Географиялық орта және қоғам

Мақсаты:Географиялық орта және қоғам туралы білім беру

Танысу қажет: Адам – қоғам – табиғат байланысымен

Білу қажет: Адам мен табиғат арақатынасынан туындайтын проблемаларды

Меңгеру керек: Антропогендік ландшафттар және олардың түрлерін



Күндізгі

3

13

Ноосфера ілімі

Мақсаты: Ноосфера ілімі туралы түсіндіру

Танысу қажет: Ноосфера ілімінің қалыптасуы мен дамуы туралы

Білу керек: Ноосфера ілімінің негізін салушы ғалымдар жөнінде

Меңгеру керек: Қазіргі таңда ноосфера ілімінің дамуы жағдайын



Күндізгі

2


2.2. «Жалпы жертану» пәнінен семинар тақырыптары мен мазмұны.

15 сағат сағат.



Сабақ тақырыптарының атауы

Семинар мазмұны

Оқу түрі

Сағат көлемі

1

Жер және Күн жүйесінің пайда болу гипотезалары.

Жер планетасының әлем кеңістігіндегі орналасу ерекшелігімен танысу қажет.

Күн жүйесі заңдылығын және жер планетасының Күн жүйесіндегі өзіндік сипатын білу керек.

Күн және Жер қарым – қатынасын, олардың ара қашықтығын меңгеру керек.


Күндізгі

2

2

Жалпы Жер туралы мәліметтер.

Жердің пішіні, өлшемі, салмағы және оның географиялық маңызымен танысу қажет.

Жердің магниттік, жылулық, электірлік өрісі және магниттік қабаттағы қозғалысын білу керек.

Жердің Күнге қатысты негізгі орнын меңгеру керек.


Күндізгі

1

3

Географиялық қабықшаға әсер ететін жалпы географиялық факторлар

Географиялық қабық, оның шекараларымен танысу керек.

Географиялық қабықтың түрбөлшектік және құрамдас бөліктерін білу керек.

Географиялық қабықты жіктеу ұстанымын. Геожүйелер (жүйелік жарылымдар) және олардың жіктелу деңгейлерін меңгеру керек.


Күндізгі

2

4

Атмосфера.Кун радиациясы.Ауа температурасы

Күн радиациясы географиялық қабықтағы ең негізгі энергия көзі ретінде танысу қажет.

Төсеніш бетінің және атмосфераның жылу режимін білу керек.

Ауа температурасының жер шары бойынша таралуын меңгеру керек.


Күндізгі

1

5

Атмосфералық қысым және жел

Қалыпты атмосфералық қысыммен. Барлық саты және барлық градиент түрімен танысу қажет.

Жер шарында қысымның таралу заңдылықтарын білу керек.

Жел түрлерңн. Желдің сипаттамаларын. Жергілікті және планеталық желдер ерекшеліктерін меңгеру керек.


Күндізгі

1

6

Ауа массалары мен атмосфералық шептер.

Ауа массаларының қалыптасуы туралы және ауа массаларының географиялық типтерімен танысу қажет.

Жылы және салқын атмосфералық шептер түрлерін білу керек.

Басты климаттық шептер және олардың маусымдық миграциясын меңгеру керек.


Күндізгі

2

7

Морфомүсін

«Морфомүсін» түсінігінің анықтамасымен танысу керек.

Жер бедерінің морфомүсіндерін және оны қалыптастырушы процестерін білу керек.

Құрлық және Әлемдік мұхит түбі морфомүсіндерінің жіктемесін меңгеру керек.


Күндізгі

1

8

Морфоқұрылым

«Морфоқұрылым» түсінігінің анықтамасымен танысу қажет.

Морфоқұрылымның басты типтері: жазықтар мен тауларын және жазықтар жайлы жалпылама мәліметтерін білу керек.

Жазықтардың морфологиялық типтерін меңгеру керек.


Күндізгі

1

9

Су массалары және гидрологиялық шептер

Гидросфераның көлемі мен оның құрылымы туралы танып білу керек.

Табиғи сулардың ең маңызды қасиеттерін білу керек.



Судың Жердегі айналымы және оның географиялық қабықтағы маңызын меңгеру керек.

Күндізгі

1

10

Биосферадағы заттар мен энергияның биологиялық айналымы

Биосфера жайлы түсініктерімен танысу керек.

Географиялық қабықтарда таралған тірі заттар мен олардың өзара әрекетін білу керек. Географиялық қабық заңдылығы энергия және зат айналымы туралы меңгеру керек.

Күндізгі

1

11

Табиғаттағы экологиялық проблемалар

Атмосфера қабығының экологиялық жағдайы туралы білу керек.

Гидросфераның экологиялық жағдайын білу керек.

Литосфера және биосфераның экологиялық жағдайын меңгеру керек.

Күндізгі

2

2.3. «Жалпы жертану» пәнінен бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі. 22,5 сағат.



Сабақ тақырыбының атауы

Мазмұны

Бақылау формасы

Сағат саны

1

Күн жүйесі. Жер планетасы, пішіні мен үлкендігі. Жердіңмөз осінен және күнді айнала қозғалуы.

Күн жүйесінің ерекшелігін білу керек. Жер планетасының мөлшері, пішінін, өлшемдерін сипаттау керек. Жердің өз өзінен және Күнді айналуы қозғалыстарын меңгеру керек. Өз осінен және Күнді айналуда табиғатта болатын маусымдық және мерзімдік өзгерістерді білу керек.

Тест құрастыру

2

2

Атмосфераның жалпылама айналымы

Атмосфераның төменгі қабаттарының жалпы айналымын анықтайтын басты факторлармен танысу қажет. Қысым таралуының планеталық схемасын және басым бағыттағы желдерін білу керек,

Ауызша талдау

2

3

Ауа райы және климат

Ауа рай элементтерін, оны болжау әдістерін, климат түсінігін қарастыру керек. Климат құрастырушы факторлар және климат қалыптастырушы процестерді білу керек. Клмат құрастырушы факторлар ерекшеліктерін білу керек.

Конспект

2

4

Жер гидросферасының көлемі мен құрылымы жайлы жалпылама мәліметтер

Гидросфераның көлемі мен құрылымын және табиғи сулардың ең маңызды қасиеттерімен танысу керек. Оның географиялық қабықтағы маңызын меңгеру керек. Гидросфераның жер бетінде таралу заңдылықтарын білу керек.

Конспект

2

5

Құрлықтағы ағынды сулар әрекетінен қалыптасқан жер пішіндері

Ағын судың эрозиялық, тасымалдаушы және жинақтаушы әрекеттерін меңгеру керек. Сонымен қатар тұрақты ағын сулар әрекетінен қалыптасқан бедерлерді білу керек. Ағын сулар әрекетінен шөгілген және тасымалданған жыныстар мөлшерін білу керек.

Конспект

2

6

Географиялық қабық және табиғи процестер

Географиялық қабықтағы зат және энергия айналымын меңгеруі тиіс. Табиғи процестер мен құбылыстар, олардың ырғақтылығын білу керек. Географиялық қабық дамуының басты сатыларын меңгеру керек.

Ауызша талдау

2

7

Әлемдік мұхитқа тән бедер типтері

Әлемдік мұхит түбінің геоморфологиялық ерекшеліктерімен танысу керек. Құрлықтардың және Әлемдік мұхит түбінің геоморфологиялық карталарын білу керек. Карталардың ерекшеліктерін, типтерін меңгеру керек.

Ауызша талдау.

2

8

Адам мен қоғамның географиялық ортамен қарым – қатынасы

«Географиялық орта» түсінігімен танысу керек. «Географиялық орта» және «Географиялық қабық» түсініктерінің бір – бірімен қарым қатынасын, қоғам дамуындағы өзіндік рөлін меңгеру керек.

Реферат

2

9

В.И. Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі.

В.И. Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімімен толық танысу керек. Биосферада заттар мен энергияның биологиялық айналымын меңгеру керек. Географиялық қабық дамуында тірі заттардың атқаратын ролін білу керек.

Тест құрастыру

2

10

Картаға қарап Жер бедеріне сипаттама беру

Дүние жүзінің физикалық картасына қарап, сол арқылы дүние жүзінің жер бедерінің ерекшеліктерін талдап, меңгеру керек. Әр материктер жер бедерлерінің ерекшеліктерін білу керек.

Ауызша талдау

2

11

Табиғаттағы экологиялық проблемалар. Олармен күресу жолдарын анықтап жазу.

Қазіргі таңдағы экологиялық проблемалардың таралуын меңгеру керек. Антропогендік факторлардың әсерлері жөнінде білу керек. Және олардың алдын алу шараларын игеру керек.

Реферат

2,5


2.4. «Жалпы жертану» пәнінен бойынша СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі. 67,5 сағат.




Сабақ тақырыбының атауы

Мазмұны

Бақылау формасы

Сағат саны

1

Жер планетасы физикалық географияның зерттеу нысаны ретінде

Жер планетасының басқа планеталардан айырмашылығын анықтау жолдарын білу керек. Оны физикалық тұрғыда зерттеу нысанын меңгеру керек. Жер планетасында географиялық қабықтардың даму тарихын білу керек.

Ауызша талдау

7

2

Атмосферадағы су

Ауа ылғалдылығының сипаттамасын білу керек. Ылғалдылықтың жер бетінде және ауа қабатындағы конденсациясы мен сублимациясын меңгеру керек. Географиялық қабықтағы бұлттылық маңызын білу керек.

Конспект

7

3

Әлемдік мұхит пен құрлық сулары

Мұхит суының физикалық-химиялық қасиеттерңн анықтап, оның жылу режимімен танысу керек. Құрлық бетінде таралған су мөлшерін, олардың ерекшеліктерін білу керек.

Конспект

7

4

Морфомүсінді және морфоқұрылымды жерлер

Құрлық және әлемдік мұхит түбі морфомүсіндерінің жіктемесін білу керек. Тектоникалық және морфологиялық типті жерлер түрлерін ажырату жолдарын игеру керек. Жазықтардың морфологиялық және таулардың генетикалық типтерін меңгеру керек.

Конспект

7

5

Климаттық белдеулер мен типтеріне сипаттама беру

Климаттардың жіктемесін білу керек. Климаттық белдеулер түрлерінің ерекшеліктерін меңгеру керек. Климаттық белдеулердің Б.П. Алисов бойынша сипаттамасын игеру керек.

Ауызша талдау

7

6

Жер бетінің эндогендік және экзогендік өзгерісі

Дүние жүзі бойынша таралған жер бетінің экзогендік және эндогендік процесстер нәтижесінде түзілген ерекшеліктерін білу керек. Қазақстан аумағындағы сыртқы және ішкі процесстер нәтижесінде түзілген аймақтарын меңгеру керек.

Конспект

8,5

7

Географиялық қабықтың негізгі заңдылықтары

Жер планетасы географиялық қабықтың біртұтастығы, ырғақтылығы, зат айналымы заңдылықтарының ретінмен жүру процесстер ерекшеліктерін меңгеру керек. Зоналық заңдылығына сәйкес тауларда болатын биіктік белдеу бойынша өзгерістерін меңгеру керек.

Глоссарий

8

8

Географиялық қабық сфера компоненттерінің химиялық құрамының салыстырмалы сипаттамасы

Географиялық нысандардың белдемелі және белдемсіз таралуы жайлы танысу керек. Сонымен қатар полюстік ассиметрия сипатын қарастыру жолдарын білу керек.

Ауызша талдау

8

9

Экологиялық ортадағы географиялық қабық өзгерістері

Қоғам әрекеті нәтижесінде жер планетасының қазіргі таңдағы өзгерістерін меңгеру керек.Яғни географиялық қабықтағы экологиялық жағдайларын білу керек. Қоршаған ортаны ластаушы негізгі көздермен танысу керек. Олардың алдын ала шешу жолдарын меңгеру керек.

Баяндама

8


Әдебиеттер:

Негізгі


1.Селиверстов Ю.П.Землеведение. -М.Академия,2005

2.СавцоваТ.М. Общее землеведение. -М.Академия,2005

3.Неклюкова Н.П.Общее землеведение. -Алматы:Мектеп,1989

4.Геренчук К.Н.,Боков Б.А.,Черванев И.Г. Общее землеведение,Москва,Высшая школа,1990

5.Мильков Ф.И. Общее землеведение,Москва,Высшая школа,1990
Қосымша әдебиеттер:

6.Калесник С.В.Основы общего землеведения - Москва,1960

7.Калесник С.В Общие географические закономерности.М,1970

8.Марков К.К. және т.б.Введение в физическую географию.- Москва,Высшая школа,1990

9.Рябчиков А.М. Структура и динамика геосферы.М,Мысль,1972.23-137 беттер.

10.Вернадский В.И.Биосфера.М,1967

11. Вернадский В.И Химическое строение биосферы земли и ее окружение.М,1965

12.Волынский В.А.Астрономия. - Москва,Просвещение,1971

13.Магидович И.П.,Магидович В.И. Очерки по истории географических открытий.5 – том.М,Просвещение 1982-1986

14.Матвеев Н.П.Физические основы курса общего землеведения. - Москва,1978

15.Максаковский В.П. Историческая география мира. ЖОО арналған оқу құралы.- М.Экопрос,1999-584 бет

16.Әлемнің физико-географиялық атласы,-Москва,1964

17.Гришанков Г.Е. Введение в физическую географию: предмет и метод: Учебное пособие. – Киев: Изд-во «Знания», КОО, 2001.-с 73-205.

18. Голубчик М.М. Географическая наука: теория и методология. Учебное пособие –М.: Гуманит. Изд. Центр Владос, 2001.

19. Флинт Р.Ф. История Земли. М.: Прогресс, 1978 с 78-97.

20. Исаченко А.Г. История географических идей. – М.: Мысль, 1971.-416



4. Пәннің материалдық – техникалық қамтамасыз етілуі.



Дәріс тақырыптары

Мультимедиялық презентациялар

Оқу фильмдері

Муляжи

Макропрепараттар

Басқалар

1

Күн жүйесі

Слайд презентация













2

Жердің географиялық қабық дамуының негізгі кезеңдері


Слайд презентация













3

Дүние жүзілік мұхит суы мен құрлық сулары


Слайд презентация










Карта

4

Климаттық белдеулер мен оның типтері














Карта

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет