"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы "Қазақстан Республикасы Заңының 23 бабына»
1. Мәсихаттың өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген оның өкілеттік мерзімі өткеннен кейін тоқтатылады.
2. Мәслихаттың өкілеттігін Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен және Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының Төрағаларымен консультациялардан кейін, сондай-ақ мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатады.
Достарыңызбен бөлісу: |