Ономастикалық ұсыныстардың бастамашысы (кез келген жеке немесе заңды тұлға))
Ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге, аудандық маңызы бар қалаларға атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде жергілікті атқарушы органдарға жүгінеді.
2.2.
Аудан әкімдігі ауыл, кент, ауылдық округтер, аудандық маңызы бар қалалар әкімдерімен бірлесіп
1.Жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізу мерзімдерін айқындайды және ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей өзінің Интернет - ресурсында (бар болса) және тиісті аумақта таратылатын БАҚ-та Жиналыстың күн тәртібін, өткізілетін күнін, орны мен уақытын көрсете отырып, хабарландыруды орналастырады.;
2.Қажетті құжаттар мен материалдарды БАҚ-та және өзінің Интернет-ресурстарында (бар болса) орналастырады.)
3.Ашық дауыс беру жүргізеді және шешім қабылдайды. Дауыс беру қорытындыларын жиналыс өткізілетін жерде жариялайды және хаттама ресімдейді, онда дауыс бергендердің "жақтап" немесе "қарсы"жалпы саны көрсетіледі. Хаттамаға жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысушылардың тізімі қоса беріледі.
4.Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамалық шешімін оны өткізгеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде БАҚ-та жариялайды және жергілікті атқарушы органдардың Интернет-ресурсында (болған жағдайда) орналастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |