Семинар 15 Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 30 сағат СӨЖ 30 сағат


Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар



бет5/6
Дата28.06.2017
өлшемі1,1 Mb.
#20269
түріСеминар
1   2   3   4   5   6


7.Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар

Практикалық (семинарлық, студиялық) сабақтарға әдістемелік нұсқаулар

Тақырыбы: 1. Диалектология ғылымы, міндеттері.

Мақсаты: Қазақ лексикологиясының өз алдына бір саласы – диалектология ғылымымен, оның зерттеу объектісі – диалекті мен говор туралы ұғым бере отырып, жерілікті ерекшеліктердің әдеби тілімізді байытудағы рөлін көрсету.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

1.Диалектология ғылымының негізгі нысаны.

2.Говорлар мен диалектілердің пайда болуы.

3.Жергілікті тіл ерекшеліктерінің әдеби тілді байытудағы рөлі.



Әдістемелік нұсқау:

  1. Жаңа лингвистикалық терминдердің анықтамасын жазып, мағыналарын терең түсіндіру.

  2. Басты-басты ұғымдар туралы конспектілер жазу.

  3. Көркем әдебиеттен тілдік ерекшеліктерге мысалдар келтіру.

Әдебиет : 1,2,3,12,13
Тақырыбы: 2. Қазақ диалектілерінің Қазан революциясына дейін және кейін зерттелуі

Мақсаты: Қазақ диалектілерін Қазан революциясына дейін және кейін зерттеген тюрколог және орыс ғалымдары мен қазақ диалектолог ғалымдарының ой-тұжырымдарымен таныстыру.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

  1. Ревалюциядан бұрынғы - Н.И.Ильминский, В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, Н.Р.Катанов, В.В.Катаринский, М.Терентьевтердің қазақ тіліндегі диалектілері туралы пікірлері. Ш.Сарыбаев, О.Нақысбеков, Ә.Нұрмағанбетов т.б. еңбектері мен ой- тұжырымдары.

  2. Ревалюцияға дейін бастырған ауыз әдебиеті нұсқаларында жергілікті тіл ерекшеліктерінің қоса қамтылуы. (Батырлар жырлары, мақал – мәтелдер. т.б.)

Әдістемелік нұсқау:

семинар – диспут. Белсенді өрбіген әңгімені ұйымдастыру, яғни дәріс материалдарына, студенттердің өзіндік жұмысына негізделуі тиіс. Жаппай сұрауды қолдану.

Әдебиет : 1,2,3,17,18,19
Тақырыбы: 3. Лексикалық ерекшеліктер

Мақсаты: Қазақ сөйленістеріндегі лексикалық ерекшеліктерге тоқтала келіп, оларды лексика-семантикалық жақтан топтастыруға, варианттар мен дублеттерді, сәйкесті және сәйкессіз диалектизмдерді ажырата білуге үйрету.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

1. Зат, құбылыс атауларын білдіретін сөздер.

2. Әдеби тілде баламасы бар доминанттар.


  1. Сәйкесті, сәйкессіз диалектілік ерекшеліктер.

Әдістемелік нұсқау:

  1. Ауызша баяндау. Әдебиеттер тізімінде берілген шығармалармен толығырақ танысу.

  2. Ғалымдар зерттеулерінен өзіне керекті, маңызды жерлерін конспекті жазу

Әдебиет : 1,2,3,1
Тақырыбы: 4. Диалектілік сипаттағы кәсіби сөздер

Мақсаты: Диалектілік сипаттағы кәсіби сөздерді әдеби тілдегі кәсіби сөздермен салыстыру, жасалу жолдарын меңгерту.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

        1. Балық шаруашылығымен байланысты сөздер.

  1. Бау – бақша шаруашылығымен байланысты сөздер.

  2. Су шаруашылығымен байланысты сөздер.

  3. Мақта және темекі шаруашылығымен байланысты сөздер.

Әдістемелік нұсқау:

  1. Ауызша сұрақ, жауап, кәсіби сөздерді топтастыру

Әдебиет : 1,2,3,5,7,1
Тақырыбы: 5. Говорлардағы кірме сөздер

Мақсаты: Кірме сөздердің ену жолдарымен таныстыра отырып сөйленістердегі кірме сөздерді анықтау, салыстыру.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

  1. Кірме сөздердің ену жолдары

  2. Орыс, араб-парсы, моңғол, туысқан түркі және қытай тілдерінен енген сөздер


Әдістемелік нұсқау:

Карточкалар түрінде



Әдебиет : 1,2,12,18
Тақырыбы: 6. Қазақ диалектілеріндегі фонетикалық ерекшеліктер.

Мақсаты: Қазақ сөйленістеріндегі дауысты және дауыссыз дыбыстардың ауысулары мен алмасулары, өзара сәйкестігі және кейбір дыбыстардың тұрақсыздығының кездесетіндігін көрсету.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

  1. Дауысты дыбыстарға байланысты ерекшеліктер

  2. Дауыссыз дыбыстарға байланысты ерекшеліктер

  3. Кейбір дыбыстардың тұрақсыздығы

Әдістемелік нұсқау: Осы тақырыптардағы білімін кеңейтуге және тереңдетуге және студенттердің өз бетімен жұмыс істеуін дамыту үшін қосымша оқу әдебиеттерімен жұмыстануы керек. Фонетика, тарихи-фонетика ғылымдарымен байланысына назар аударылуы керек.

Әдебиет : 1,2,3,5,12
Тақырыбы: 7. Қазақ диалектілеріне тән морфологиялық сипаттар

Мақсаты: Қазақ сөйленістерінің морфологиялық сипаты әдеби тілдің грамматикалық тұлғалануынан соншалықты өзгешелігінің жоқтығын, кейбір септік жалғаулары мен грамматикалық формалардың ауытқуларына байланысты ерекшеліктерді көрсету.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

  1. Септік, тәуелдік, жіктік жалғауларына байланысты ерекшеліктер

  2. Етістік тұлғаларына байланысты ерекшеліктер

  3. Есімдіктердің тұлғалық ерекшеліктері

Әдістемелік нұсқау: Әдеби тіліміздеі морфологиялық тұлғалар мен жергілікті жердегі морфологиялық сипаттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарына ой жүгірту.

Әдебиет : 1,2,3,12,13
Тақырыбы: 8. Говорлардағы үстеу, шылау сөздердің түрлеріне байланысты ерекшеліктер

Мақсаты: Жергілікті жерде ұшырасатын үстеу және шылау сөздер, олардың түрлері мен ерекшеліктерін саралау.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

  1. Үстеу сөздер, түрлері, ерекшеліктері

  2. Шылау сөздер, түрлері, ерекшеліктері

Әдістемелік нұсқау: Сұрақ-жауап, семинар сұрақтарына, материалдарды өз алдына талдауға негізделеді.

Әдебиет :12,5,4
Тақырыбы: 9. Говорлардағы сөз тудырушы жұрнақтар

Мақсаты: Әдеби тіліміздегі жұрнақтардың қазақ сөйленістерінде есімнен зат есім, сын есім, етістік тудыратын түрлеріне мысалдар арқылы көз жеткізу.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

1. Зат есім тудыратын жұрнақтар

2. Сын есім тудыратын жұрнақтар

3. Етістік тудыратын жұрнақтар



Әдістемелік нұсқау: Сабақтың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға дайындалу және мерзімді баспасөзден мысалдар келтіре отырып баяндау. Ашық ойлар минуты сабағы.

Әдебиет : 4,7,6

Тақырыбы: 10. Лингвистикалық география-диалектологияның бір саласы

Мақсаты: Бұл ғылымның беріде дамыған сала екендігінен хабардар ете отырып, зерттеу әдістерімен, негізгі терминдермен, бұл саладағы диалектолог-ғалымдардың еңбектерімен таныстыру.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

  1. Лингвистикалық географияның зерттеу әдісі

  2. Түркі тілдерін лингвистикалық география тұрғысынан зерттеу

  3. Изоглостық белгілер (изофон, изолексема, изоморфема, изосинтагма)

Әдістемелік нұсқау: Тақырыптың мазмұнымен танысып, ауызша баяндай отырып талдау.

Әдебиет : 18, 8 ,6,14
Тақырыбы: 11. Аймақтық лексикография

Мақсаты: Алғашқы диалектологиялық сөздіктер, бұл сөздіктердің толықтырылып қайтадан шығарылуындағы ғалымдардың еңбектері мен ондағы тілдік ерекшеліктердің берілу тәртібін меңгерту.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

1.Жалпы лексикографияның салалары.

2.Алғашқы диалектологиялық сөздіктер.(С.Аманжолов,Ж.Досқараев)

3.Қазақ тілінің диалектологиялық сөздіктері.А.1969,А1991,1999,2001



Әдістемелік нұсқау: Сөздікпен жұмыс.

Әдебиет : 1,2,3,12,13,27
Тақырыбы: 12. Қазақ тілі говорларының батыс тобы

Мақсаты:Қазақ тілі батыс говорының басқа говорлардан өзіндік ерекшеліктерін көрсету.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

1.Фонетикалық ерекшеліктер

2.Лексикалық ерекшеліктер

3.Грамматикалық ерекшеліктер



Әдістемелік нұсқау: Ауызша баяндау, студенттер әдебиеттермен жұмыстана отырып, ғылыми зерттеулерге толық сипаттамалар беру қажет.

Әдебиет : 11.12,13,18
Тақырыбы: 13. Қазақстаннан тысқары,туыстас республикаларда тұратын жергілікті тіл ерекшеліктері

Мақсаты: Қазақстаннан тысқары Өзбекстанда, Қарақалпақстанда, Түрікменстанда тұратын қазақтардың тіліндегі ерекшеліктерге тоқталу

Семинарлық сабақтың мазмұны:

1. Фонетикалық ерекшеліктер.

2.Лексикалық ерекшеліктер

3.Грамматикалық ерекшеліктер



Әдістемелік нұсқау: Осы мәселелер талданған ғылыми еңбектерді оқып, конспекті жасау.

Әдебиет : 1,2,3,21,12
Тақырыбы: 14. Қазақ диалектологиясының ғылым ретінде қалыптасуындағы қазақ ғалымдарының рөлі.

Мақсаты: Қазақ диалектолог ғалымдарының өмірі мен қызметі, диалектология ғылымын қалыптастырудағы орны мен өнегелі істері жөнінде әңгімелеу, үлгі тұту.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

1.С.Аманжоловтың өмірі мен қызметі

2.Ж.Досқараев,Н.Сауранбаев,Ғ.Мұсабаев еңбектері.

3.Академик Ш.Сарыбаевтың орны



Әдістемелік нұсқау: Ғылыми еңбектерін оқып, үйрену.

Әдебиет : 1,2,3,12,13,27
Тақырыбы: 15. Қазақ сөйленістерінің монғол,қытай тілдерімен байланысы

Мақсаты:. Соңғы кезде дәлелденіп жүрген шығыс сөйленістеріндегі моңғол, қытай тілдерінің элементтері туралы, олардың ерекшеліктерін сөз ету.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

1.Қазақ пен монғол тілдерінің ара қатынасы туралы.

2.Қазақ пен қытай тілдеріне ортақ сөздер.

Әдістемелік нұсқау: Сабақтың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға дайындалу және көркем әдебиеттерден және мерзімді баспасөзден мысалдар келтіре отырып баяндау.

Әдебиет : 1,25,52,53

ОЖСӨЖ сабақтарға әдістемелік нұсқаулар

Осы курс бойынша аптасына 1 СОӨЖ қарастырылған. Бұл жұмыс кеңес және бақылау функцияларын атқарады. СОӨЖ кезінде студенттер оқытушыға өзіндік жұмысты орындау барысында пайда болған қиыншылықтар және сұрақтар бойынша жолығуларына болады. Бұндай мәселелер болмаған жағдайда, СӨОЖ-ге берілген уақыт өткен материалдар бойынша есеп беруіне және өзіндік жұмыстарды орындап тапсыруына пайдаланылады.



ОжСӨЖ

Тақырып : Диалектология ғылымы, өзге ғылымдармен байланысы

ОжСӨЖ мақсаты:

  • Диалектология ғылымының нысанымен таныстыру

  • Говор мен диалектінің пайда болуынан хабардар ету

  • Әдебиет, тарих, география ғылымдарымен байланысын көрсету

Сабақ өткізу түрі: Сұрақ-жауап, салыстыру

Тапсырмалар және сұрақтар:

    1. Тақырып сұрақтары бойынша кесте құрастыру.

    2. Диалектология пәні бойынша глоссарий жасау.

    3. Талдау әңгіме: «Диалектология мен әдебиет сабақтастығы».

    4. Қазақ тіл біліміндегі диалектологияға қатысты зерттеу еңбектердің тізімін жасау

Әдістемелік нұсқаулық:

  • Материалды жүйелеу, реферат, баяндама әзірлеуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;

  • Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу

  • Студенттер орындаған тапсырмаларды талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.

Әдебиеттер: 1,2,3,23,34
Тақырып : Қазақ диалектологиясының Қазан революциясына дейін және кейін зерттелуі

ОжСӨЖ мақсаты:

  • .Қазан революциясына дейін зерттеген ғалымдар еңбегімен таныстыру

  • Қазан революциясынан кейін зерттеген ғалымдар еңбегімен таныстыру

  • Қазіргі диалектолог ғалымдардың еңбегімен таныстыру

Сабақ өткізу түрі: ОжСӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау

Тапсырмалар және сұрақтар:

1. Баяндама: «Қазан революциясынан кейін зерттеген ғалымдар еңбектері»;



  1. Ильминскийдің, Позднеевтің, Мелиоранскийдің еңбектерінен

кесте жасау

3. «Тіл – халық рухы» тақырыбында ойбөліс



Әдістемелік нұсқаулық:

  • Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту.

  • Материалды жүйелеу, реферат, баяндама әзірлеуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;

  • Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу

  • Студенттер орындаған тапсырмаларды талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.

Әдебиеттер:
Тақырып : Қазақ сөйленістерінің батыс тобының лексикалық ерекшеліктері

ОжСӨЖ мақсаты: Батыс сөйленістерін өзге сөйленістердегі лексикалық ерекшеліктермен салыстыру

Сабақ өткізу түрі: ОжСӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау

Тапсырмалар және сұрақтар:

  1. Тақырып бойынша баяндама әзірлеу

  2. Салыстырмалы карточкалар дайындау

  3. Тест сұрақтарын әзірлеу

Әдістемелік нұсқаулық:

  • Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту,

  • Материалды жүйелеу, реферат, баяндама әзірлеуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;

  • Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.

  • Студенттер орындаған тапсырмаларды талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.

Әдебиеттер: 12,20,17,15
Тақырып : Батыс сөйленістерінде кездесетін кәсіби сөздер

ОжСӨЖ мақсаты: Жайық және Шалқар балықшыларының тіліндегі тілдік ерекшеліктерді өзге сөйленістердегі балықшылардың тілімен салыстыру, дақыл түрлеріне байланысты сөздердің ерекшеліктерін аңғарту.

Сабақ өткізу түрі: СӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау

Тапсырмалар және сұрақтар:

  1. Балық шаруашылығына байланысты ғылыми зерттеулерге шолу;

  2. Сөздікпен жұмыс

4. Реферат тақырыбы: «Жайық өзенінде кездесетін балық атаулары»;

Әдістемелік нұсқаулық:

  • Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту,

  • Материалды жүйелеу, реферат, баяндама әзірлеуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;

  • Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.

  • Студенттер орындаған тапсырмаларды талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.

Әдебиеттер: 12,10,15
Тақырып : Қазақ сөйленістеріне орыс тілінен енген сөздер

ОжСӨЖ мақсаты: Орыс тілінің тек әдеби тілімізе ғана емес, сондай-ақ қазақ сөйленістеріне де, қазақ әдеби тілінің орыс тіліне де тигізген әсерін нақты мысалдар арқылы дәлелдеу.

Сабақ өткізу түрі: ОжСӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау
Тапсырмалар және сұрақтар:

  1. Түркі тілдерінен орыс тіліне енген сөздер

  2. Орыстың говорынан қазақ говорына енген сөздерді анықтау.

Әдістемелік нұсқаулық:

  • Өткен материалды тереңірек оқу және пысықтау.

  • Материалды жүйелеу, реферат, баяндама әзірлеуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;

  • Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.

Әдебиеттер: 2,3,1,4

Тақырып: Қазақ сөйленістеріндегі дауысты дыбыстарға байланысты ерекшеліктер.

ОжСӨЖ мақсаты: 4 сөйленіске тән дауысты дыбысқа байланысты ерекшеліктерді салыстыру

Сабақ өткізу түрі: СӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау

Тапсырмалар және сұрақтар:

  1. Дәріс материалдарының сұрақтары бойынша кесте құрастыру.

  2. Интернет сайттарынан қосымша материалдар жинақтау.

  3. Карточкалар жасау

Әдістемелік нұсқаулық:

  • Өткен материалды тереңірек зерделеу (зерттеу) және дамыту,

  • Қажетті материалдарды өз бетінше іздеуге, сұлбалар мен кестелерді құруға, материалдарды жүйелендіруге дағдыны қалыптастыру;

  • Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.


Әдебиеттер: 3,4,5
Тақырып : Оңтүстік және батыс сөйленістеріне тән морфологиялық сипаттар

ОжСӨЖ мақсаты: Оңтүстік және батыс сөйленістеріне тән есімдік және етістік тұлғаларына, кейбір септік жалғауларының орын ауыстырып қолданылатындықтарына көңіл бөлу.

Сабақ өткізу түрі: ОжСӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау

Тапсырмалар және сұрақтар:

  1. Оңтүстік сөйленісіне тән етістік, есімдік және септік жалғауларын атаңыз.

  2. Батыс сөйленісіне тән етістік, есімдік және септік жалғауларын атаңыз

Әдістемелік нұсқаулық

  • Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту,

  • Материалды жүйелеу, реферат, баяндама әзірлеуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;

  • Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.

  • Белгілі бір студенттер орындаған тапсырмаларды түсіндіру; Студенттер орындаған тапсырмаларды талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.

Әдебиеттер:
Тақырып : Қазақ сөйленістеріндеі үстеу, шылау сөздер

ОжСӨЖ мақсаты: Әдеби тілдегі үстеу, шылау сөздер мен сөйленістердегі үстеу, шылау сөздерді салыстыру.

Сабақ өткізу түрі: ОжСӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау

Тапсырмалар және сұрақтар:

        1. Оңтүстік сөйленісіне тән шылауларды ата;

        2. Батыс сөйленісінде кездесетін үстеулерге мысал келтір;

        3. Шығыс және орталық-солтүстік сөйленістерінде кездесетін үстеу, шылау сөздерді анықта.

Әдістемелік нұсқаулық:

  • Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту,

  • Материалды жүйелеу, реферат, баяндама әзірлеуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;

  • Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу

  • Студенттер орындаған тапсырмаларды талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.

Әдебиеттер:10,14,20
Тақырып : Сөйленістердегі сөз тудырушы жұрнақтар
ОжСӨЖ мақсаты: Әдеби тілдегі жұрнақтар мен сөйленістердегі сөз тудырушы жұрнақтардың айырмашылығын анықтау.

Сабақ өткізу түрі: СӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау

Тапсырмалар және сұрақтар:

  1. Баяндама: «Әдеби тілдегі жұрнақтардың жергілікті жерде жаңа сөз жасауға қатысы»

  2. Өнімді және өнімсіз жұрнақтарды анықтау.

Әдістемелік нұсқаулық:

      • Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту.

  • Материалды жүйелеу, реферат, баяндама әзірлеуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;

  • Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.

Әдебиеттер: 7,5,6,4
Тақырып : Диалектілік изоглостар

ОжСӨЖ мақсаты: Диалектілік изоглостардың түрлерімен таныстыру, мысалдар жинақтау

  • .

Сабақ өткізу түрі: СӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау

Тапсырмалар және сұрақтар:

  1. Диалектілік, әдеби және аралас изоглостарға мысал келтір

  2. Кең аумақты, орта аумақты, тар аумақты изоглостар бір-бірінен қалайша ерекшеленеді.

Әдістемелік нұсқаулық:

  • Өткен материалды тереңірек зерделеу (зерттеу) және дамыту,

  • Қажетті материалдарды өз бетінше іздеуге, сұлбалар мен кестелерді құруға, материалдарды жүйелендіруге дағдыны қалыптастыру;

  • Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу

Әдебиеттер: 12,11,13
Тақырып : Қазақ диалектологиялық сөздіктері

ОжСӨЖ мақсаты: Қазақ диалектологиялық сөздігінің 1969 жылғы нұсқасы мен соңғы шыққан ІІІ томдық сөздіктің арасындағы айырмашылықтарды салыстыру

  • .

Сабақ өткізу түрі: СӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау

Тапсырмалар және сұрақтар:

  1. Қазақ диалектологиялық сөздігін кімдер жасаған?

  2. С.Аманжолов пен Ж.Досқараевтың еңбектері туралы не білесің?

Әдістемелік нұсқаулық:

  • Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту,

  • Материалды жүйелеу, реферат, баяндама әзірлеуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;

  • Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу

  • Студенттер орындаған тапсырмаларды талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.

Әдебиеттер: 9,10,11
Тақырып : Батыс сөйленісінің қазақ диалектілеріндегі орны

ОжСӨЖ мақсаты: Батыс сөйленісінің қазақ диалектілеріндегі алатын орнын, оның ертедегі ру-тайпа тілдерімен байланысын анықтау

  • Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту,

  • Материалды жүйелеу, реферат, баяндама әзірлеуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;

  • Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ өткізу түрі: СӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау

Тапсырмалар және сұрақтар:

        1. Батыс сөйленістерінің ерекшеліктері туралы ғалымдардың пікірлері

  1. Ертедегі ру-тайпа тілдерінің батыс сөйленісіндегі көрінісін әңгімеле

  2. ОЖСӨЖ сұрақтарының біреуі бойынша сұлба құру.

Әдістемелік нұсқаулық:

  • Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту,

  • Материалды жүйелеу, реферат, баяндама әзірлеуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;

  • Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.


Әдебиеттер: 7,5,13
Тақырып : Билингвизм сипатындағы сөздер

ОжСӨЖ мақсаты: Түрікменстандағы қазақтардың тілін Қазақстанда тұратын қазақтардың тілімен салыстыру, билингвизм сипатындағы сөздерді анықтау

Сабақ өткізу түрі: ОжСӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау

Тапсырмалар және сұрақтар:

  1. Түркіменстандағы қазақтар тілінде түркімен сөздері көп пе, мысал келтір.

  2. Билингвизм дегенді қалай түсінесің? Дәлелде.

Әдістемелік нұсқаулық:

  • Өткен материалды тереңірек зерделеу (зерттеу) және дамыту,

  • Қажетті материалдарды өз бетінше іздеуге, сұлбалар мен кестелерді құруға, материалдарды жүйелендіруге дағдыны қалыптастыру;

  • Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет