Семинар 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) -30 сағат СӨЖ 30 сағат


тақырып: ҚР конституциялық құқығының негіздері Мақсаты



бет37/70
Дата10.10.2020
өлшемі0,68 Mb.
#64427
түріСеминар
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   70
6 тақырып: ҚР конституциялық құқығының негіздері

Мақсаты : Конституцияның жекелеген баптарын оқып үйренеді.

Негізгі сөздер : конституциялық кеңес, сайлау комиссиялары.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

  1. ҚР сайлау құқығы мен қағидалары. Сайлау жүйесінің ұғымы мен түрлері. ҚР сайлау жүйесі.

  2. ҚР Президенті.

  3. Заңшығарушы билік негізі конститутция .

  4. Атқарушы биліктің негізі конституция.

  5. Сот билігінің негізі конституция.

  6. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару.

Биліктің тармақтарға бөліну қағидасы бойынша – заң шығарушы, атқарушы, сот органдары.

Президент осы мемлекеттегі ең жоғарғы лауазым. Қазақстан Республикасы Президенті халық пен мемлекеттік биліктің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының рәмізі және кепілі болып табылады. Президент республиканың келіссөздерін жүргізеді және халықаралық шарттарға қол қояды, республика қол қойған халықаралық шарттарды Парламентке ұсынады; бекітілген грамоталарға қол қояды; республика қол қойған халықаралық шарттардың күшін жою туралы Парламентке ұсыныс енгізеді. Президент басқа да бірқатар сыртқы саяси іс-әрекеттерді орындайды. ПарламентҚазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады. Парламенттің өкілеттігі Конституцияда көзделген реттер мен тәртіп бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгіленеді. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палата: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.

Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты.

Қазақстан Республикасының Үкіметі:



  1. мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

  2. Парламентте республикаық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;

  3. Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;

  4. Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;

  5. Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөніде шаралар әзірлейді;

  6. Министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;

  7. Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің күшін толық немесе қолданылу бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;

  8. Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

  9. өзіне Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де қызметтерді орындайды.

Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек қана сот жүзеге асырады. Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады.

Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады.

Жергілікті мемлекетік басқару органдары- жергілікті және атқарушы органдар жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы бірыңғай мемлекеттік биліктің түрі. Олардың функциялары: халықтың жергілікті істерге қатысуын қамтамасыз ету, жергілікті жерлерде мемлекеттік меншікті, бюджеттің құрылуын, бекітілуін жіне орындалуын басқару, жергілікті салықтар мен жиналымдарды белгілеу, жасалған жоспарлар, экономикалық және әлеуметтік бағдарламалар негізінде тиісті аумақтың дамуын қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтік-мәдени, коммуналдық-тұрмыстық және өзге де қызмет қажетін өтеу. Жергілікті мемлекеттік басқару органдары әкімдіктерді, мәслихаттарды қамтиды.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет