Гуманитарландыру - ол ізгілендіру мақсатына жету құралы, яғни зиялылықты қалыптастыруды, сезім, көңіл-күй мәдениетін тәрбиелеуді, өмірлік құндылықтар мен бағдарламалардың, белгілі бір жүйесін орнықтыруды көздейтін сан қырлы үрдіс.
Білім беруді гуманитарландырудың басты міндеті -бүкіл тәрбие, білім беру, оқу-ағарту және мәдениет кешенін гуманистік бағдардағы адам тәрбиелеуге саяды. Гуманитарлық білім беру, соның ішінде гуманитарлық пәндерді оқыту адамның әлеуметтік – мәдени тұрпатын сомдау тәсілі ретінде көрінеді, өйткені ол жеке тұлғаның дамуындағы сыңаржақтылық пен толымсыздықты еңсеруге жәрдемдеседі, әр кісінің азаматтық тұғырын табуына жетелейді, сол арқылы оның ішкі мүмкіндіктерін ашуына деген мумкіндігін кеңейтеді.
Жаһандану /глоболизация/ - ғаламдасу, әлемдік ауқымдану. Глоболизация /ағыл. Globfl әлемдік дүниежүзілік, жалпы/ - жаңа жалпы әлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі және әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпы адамзаттық өлшемге ие болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |