Семинар №2 Сұрақтарға жауап: Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізудің мерзімі және түрлері



бет3/3
Дата17.07.2020
өлшемі22,33 Kb.
#75307
түріСеминар
1   2   3
Байланысты:
4 тақырып до 14

Өтінішті қарау барысында оған қатысты ЖТӘ жүргізілген адамды ЖТӘІ-ге қоса тігілген материалдармен таныстыруға тыйым салынады.

Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді заңсыз деп тану және келтірілген залалды өндіріп алу туралы арызды қылмыстық процесті жүргізетін органның орналасқан жері бойынша аудандық соттың тергеу судьясы құпиялықты сақтап, ҚПК-нің 106-бабының тәртібінде қарайды.

ЖТӘ жүргізудің ұйымдастырылуын көрсететін құжаттамалық материалдар және оған тігілмеген барлық нәтижелері әрбір нақты қылмыстық іс бойынша ЖТӘІ-де жүйеленеді.

ЖТӘІ орындаушы бөлімшеде болады және жедел есепке алу ісі болып табылмайды.

ЖТӘІ-ні жүргізу мерзімі және оны жою тәртібі Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 240-бабының талаптарына сәйкес регламенттеледі.

Орындаушы бөлімше сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан қылмыстық іс бойынша жасырын тергеу әрекеттерінің аяқталғаны туралы хат алғаннан кейін бес күннің ішінде баянат негізінде ЖТӘІ-ні тоқтатады, ол 240-баптың 1-1 және 6-бөліктерінде көзделген мәселелерді түбегейлі шешкенге дейін онымен бөтен адамдардың танысу мүмкіндігін болдырмайтын жағдайларда орындаушыда сақталады, одан кейін еркін түрде акт жасай отырып, жойылады. Қылмыстық істі қалпына келтіру және ЖТӘ-ні одан әрі жүргізу қажет болған кезде орындаушы бөлімше баянат бойынша ЖТӘІ-ні өндірісіне қабылдайды.

ЖТӘ-ні жүзеге асыру кезінде адамды құқыққа қарсы әрекеттер жасауға итермелейтін немесе арандататын әрекеттер (әрекетсіздік) жасауға жол берілмейді.
23. ЖТӘ жүргізу барысында бақыланатын аумақта (жергілікті учаскеде, үй-жайда) және (немесе) бақыланатын абоненттік қондырғы бойынша ЖТӘ санкцияланбаған адамның құқыққа қарсы әрекет жасағаны тіркелген кезде ЖТӘ бөлімшесі ЖТӘ жүргізу туралы қаулы шығарған адамға дереу хабарлайды, ол алынған нәтижелерді жиырма төрт сағат ішінде зерделейді.

Қаулы шығарған адам хабарламамен танысқаннан кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес ақпаратты тексеру бойынша шаралар қабылдайды.

ЖТӘ жүргізу кезінде заңдылықтың сақталуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оған бағынысты прокурорлар жүзеге асырады.

Сот ЖТӘ жүргізу туралы қаулыны санкциялағаннан кейін орындаушы бөлімше 48 сағат ішінде Бас прокуратураның жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын бөлімшесін немесе облыс прокурорын қадағалау тиесілігі бойынша жазбаша хабардар етуге міндетті.

Бас прокуратураның бөлімшесіне арнайы және құқық қорғау органдарының орталық аппараттары, облыс прокурорына осы мемлекеттік органдардың облыстық, қалалық және аудандық бөлімшелері хабарлайды.

Электр (телекоммуникация) байланыс желілері арқылы берілетін ақпаратты жасырын бақылауды, ұстап қалуды және түсіріп алуды жүргізу туралы хабарлама:

1) Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізбесінің нөмірін;

2) IMEI кодын;
3) қаулыны санкциялау күнін;

4) оған қатысты ЖТӘ жүргізілетін адамның анықтамалық деректерін;

5) тексеретін адамның телефон нөмірін;

6) ЖТӘ жүргізу кезеңін қамтиды.

ЖТӘ-нің басқа түрлері бойынша хабарламада СДТБТ нөмірі мен жүргізілетін ЖТӘ түрі көрсетіледі.

ЖТӘ жүргізу туралы хабарлама құпиялық немесе мемлекеттік құпиялар туралы заңнаманың талаптарын сақтай отырып, жіберіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет