Рольдік ойын Пән: Үй жағдайындағы мейіргерлік күтім Тақырыбы: Бөліп шығару жүйесінің созылмалы ауруларының өршуі кезіндегі үйдегі мейіргерлік күтім.



Дата29.08.2023
өлшемі14,76 Kb.
#179994
Байланысты:
Роль ойын


Рольдік ойын


Пән: Үй жағдайындағы мейіргерлік күтім


Тақырыбы: Бөліп шығару жүйесінің созылмалы ауруларының өршуі кезіндегі үйдегі мейіргерлік күтім. (Балалардағы гломерулонефрит ауруы).

Ойынның мақсаты: Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге үйрету, бейімдеу, учаскеде, балалар мекемесінде аурудың асқынуының алдын алу жөнінде,ата – анасына кеңес айтып, үгіт – насихат жұмыстарын жүргізуге үйрету.


Үй жағдайында балада гломерулонефрит ауруының өршуіне байланысты анасы учаскелік фельдшер мен учаскелік мейіргерді үйге шақырады.
Оқушылар рөлдерге бөлінеді.
Рольдерде:

  • Анасы

  • Баласы

  • Учаскелік дәрігер

  • Мейіргер

  • Қабылдау бөлімінің мейіргері

  • Дәрігер

  • Посттағы кезекші мейіргер

Анасы:
Балам 5 жаста. Соңғы екі аптада балам әлсіз, басы ауырады, тәбеті төмен, таңертең ұйқыдан тұрғанда беті, қабағы ісіп тұрады, зәрінің түсі қызыл, іш өтпейді, дәреті жақсы.
Учаскелік дәрігер:
Қабылдау кезінде дәрігер анасымен амандасып, баласының шағымдарын сұрастырдаы. Анасынан баланың қашаннан бері ауырып жүргенін, жанұяда бүйрек ауруымен ауырған адамдар, бар ма, жоқ па? Қандай тамақ ішіп жүргенін, суды қалай, қанша мөлшерде ішетінін, қай уақыттан бері бетінің, қабағының ісіп жүргенін,тамағының ауыратынын,зәр сындыруға күніне неше рет баратынын, жүрек айну, бас айналу және тағы басқа дабелгілерін сұрастырады. Баланың терісін шырышты қабықтарын қарайды, ауыз қуысын, тілін, көмей бездерін қарайды. Кариес тістері бар екенін анықтайды. Жақ асты бездерін сипалап қарайды, бүйрек тұсына пальпация жасап, жүрек шуылдарын тыңдайды,тыныс алуын санайды, қан қысымын өлшейді, тамыр соғу жиілігін санайды, банкаға зәр сындыруын сұрайды, амбулаторлық картасын толтырып, анализдерге жолдама жазады.
Учаскелік мейіргер:
Баланың салмағын, бойы, дене қызуын, ҚҚ өлшейді. Дәрігердің нұсқауымен лабораторияға жалпы қан, зәр анализдеріне, Нечипоренко әдісіне зәрді тапсыруға жолдама жазады, бүйректі УЗИ-аппаратына зерттеуге жолдама жазады.
Анасы:__Баланы_жолдама_қағаздарымен_зәр_анализдерін_лабараторияға_тапсырады._Баланы_УЗИ-ге_түсіріп,анализдердің_қоытындыларын_алып,_дәрігерге_қайтып_келеді.__Учаскелік_дәрігер'> Анасы:
Баланы жолдама қағаздарымен зәр анализдерін лабараторияға тапсырады. Баланы УЗИ-ге түсіріп,анализдердің қоытындыларын алып, дәрігерге қайтып келеді.
Учаскелік дәрігер:
Баланың жағдайын сұрастырады, тапсырған анализдерінің нәтижесі бойынша алдын-ала диагнозын «Гломерулонефрит»қойып балалар ауруханасына жатып,емделу керектігін айтып, түсіндіреді, жолдама жазады.
Анасы:
Учаскелік дәрігердің жолдамасымен балалар ауруханасына баланы алып келеді.
Қабылдау бөлімі, медбике:
Ауру баланың анасымен амандасады, жолдаманы дәрігерге көрсетіп, дәрігерді шақырады.
Дәрігер:
Қабылдау бөлімінде анасымен амандасып,шағымдарын сұрастырады, анамнез жинайды, баланы қарайды, баланы ауруханаға жатқызуын емделуін анасына түсіндіреді, медбикеге қандай палатаға жатқызу керектігін анализдер алу керектігі жөнінде нұсқау береді.Ауру тарихын толтырады, анализдерге жолдама жазып, ем тағайындайды.
Қабылдау бөлімінің мейіргері:
Балын тіркеу журналына тіркейді, анасына баланың аты-жөні, қандай бала-бақшаға баратыны,әкесі, шешесі туралы мәліметтерді сұрастырып, ауру тарихының бетшесін толтырады. Баланың дене қызуын, тамыр соғуын, тыныс алу жиілігін санап қан қысымын өлшейді. Баланың бойын, дене салмағын өлшейді. Педикулезге тексереді, баланың жататын палатасының нөмірін айтып, қандай киім ыдыс, тамсақ керек екенін анасына түсіндіріп айтады.
Посттағы кезекші мейіргер:
Ауруханаға түскен баланың ауру тарихымен танысып қандай анализдер тапсыру керек екенін белгілеп, балаға қашан, қай уақытта анализ тапсыру керек екенін айтады, дәрет ыдысын береді. Дәрігердің тағайындаған емі бойынша егулерін өткізеді, инструментальды зерттеуге дайындайды, лабораторияға жолдама жазады, қандай тамақ жеп, ішу керектігі жөнінде кеңес айтады, ішкен сұйығы мен бөлген сұйығын бақылайды, ҚҚ өлшейді, дене қызуын ТАЖ санайды. Анализдің қорытындыларын алып, ауру тарихына жапсырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет