Семинар 3 Тақырыбы: «Ауылшаруашылық жолдарын жобалаудың негізгі техникалық нормативтері.»


Автокөлік пен автомобиль жолдарының шаруашылықтағы маңызын ашу



бет2/3
Дата08.02.2022
өлшемі73,71 Kb.
#118604
түріСеминар
1   2   3
Байланысты:
3семинар Серікбай Мадина (1)

Автокөлік пен автомобиль жолдарының шаруашылықтағы маңызын ашу.

Көлікпен соңғы жылдары 80% көлемі бойынша және басқа көлікке қарағанда 4 есе көп жүк тасымалданады. Жүк айналымы бойынша көлік тасымалы темір, су және құбырдан кейін 4 орын алады және ТМД бойынша барлық жүк айналымының 6% құрайды. Өзінің бірнеше қасиеттеріне қарай автомобиль көлігі басқа көлік түріне қарағанда ауыл шаруашылығында қолдануға аса тиімді. Себебі, оны жоғары маневрленгіштігі сипаттайды. Ол көлік құралдарын қажетті мөлшерде бейімдеуге мүмкіндік береді. Өзен көлігі гидрографиялық торға, темір жол – темір жолға, әуе – аэродромдарға байланысты.


Тасымалдың үлкен жылдамдығы темір жол бойынша тасымал жылдамдығына тең және тек әуе көлігінің жылдамдығына ғана теңдестірілмейді. Ауыл шаруашылық үшін автокөліктің маңызы тасымалданатын жүктің жартысының көбі ауылшаруашылықтық болғандығымен көрсетіледі.
Бұл тұқым, тыңайтқыш, отын және майлау материалдары, машиналар, өзге де өнім. Қазіргі жағдайларда ауыл шаруашылық жұмыстардың жартысынан астамыавтокөліктік болып саналады, Сондықтан, көлік тасымалы – ауыл шаруашылық өнім өндірісінің технологиялық үрдісінің маңызды құрама бөлігі.
Автокөліктің жұмыс тиімділігі көп сатыда жол жағдайына байланысты. Қазіргі уақытта, ауылдық аудандарда орналасқан жолдардың көп бөлігінде қатты жамылғы жоқ. Жаңбырлы күндері мұндай жолдардан өту қиындайды, кейде мүлдем мүмкін емес. Сол үшін шаруашылықтарға жүкті трактор көмегімен тасымалдайды, ол тасымалдау жылдамдығын төмендетеді және экономикалық жағынан тиімсіз. Жолдардың жаман күйі автокөлік жұмысының тиімділігін төмендетеді: 3-4 есе тасымал жылдамдығы төмендейді, 3-5 есе шығыны өседі, өнімнің сақталу мерзімі бұзылады, 4-5 есе тасымалдау құны артады.
Тасымалдың өзіндік құны – көлік жұмысының аса маңызды экономикалық көрсеткіші. Соңғы жылдары орта есеппен мынаны құрады: автокөлікпен – 5,2тг; өзен көлігімен – 0,26тг, теңіз – 0,16, темір жолмен – 0,25 тг (тонна - км). Тасымалдаудың өзіндік құны жақсы жолдарда 2,5-3,0 тг/ткм аспайды, ал шаруашылықтарда 10-18 теңге/ткм, яғни 2-3 есе көп.
Автотасымал көлемінің ұлғаюына байланысты ауылшаруашылық жолдарда қозғалыс қарқындылығы мен жылдамдығы артады. Жолдармен автопоездардың қозғалысы кейінгі артылған талаптарды ұсынады: максималды бұрылыстардың шектелуі, шағын радиусты бұрылыстарда жол бөлігін кеңейту, аса капиталды жол төсемі мен құралдарын қолдану.
Автожолдардың сапасына қарай санаттарға бөлінуі:
V санатқа жергілікті маңызы бар, ішкі өндірістік, тұрақты ішкі шаруашылық, қызметтік жолдар. V санаттағы жолда қозғалыс қарқындылығы тәулігіне 200 автомобиль.
ІV санатқа облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдары, жергілікті маңызы бар жолдар, өндірістік кәсіпорындар, ірі құрылыс объектілері, ауыл шаруашылық жолдары жатады.
І – ІІІ санаттағы жолдарды жоғары санаттағы, ал ІV – V санаттағы жолдарды – төменгі санаттағы жолдарға жатқызады. Елді мекен шегінде жолдарды көшелер деп атаймыз.
Ауыл шаруашылық жолдарға ауылды аудандардағы жолдар жатады. Бұл жолдар ІV – V санатқа жатады. Ауыл шаруашылық жолдары нысаналы мақсатына қарай 2 топқа бөлінеді. 1-ші топқа шаруашылықтан тыс жолдар жатады:
- шалғай шаруашылықтарды аудан орталығымен байланыстыратын, жалпы мемлекеттік, республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарымен, темір жол станцияларымен және айлақтарды байланыстырады.
- өзара ауыл орталықтарын, фермаларды, ауыл шаруашылық өнімін өндіру бойынша кәсіпорынды байланыстырады.
2-ші топқа ішкі шаруашылық жолдар жатады:
- ауылдық елді мекендерді орталық мекенжайларды, бөлімшелер мен бригадаларды даламен, мал фермаларымен, шеберханалармен, қоймалармен байланыстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет