Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат



бет14/32
Дата28.01.2018
өлшемі1,92 Mb.
#34374
түріСеминар
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32

Әдебиет:


1. Ә.Алдамұратов. Қызықты психология. Алматы 1982

2. Ә.Алдамұратов., М.Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық практикалық сабақтар. 1,2 бөлім. Алматы 1978

3. Жалпы психология В.В. Богословский т.б. редакциямен. Алматы 1980

4. М.Мұқанов. Жан жүйесінің сыры. Алматы 1964

5. М.Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Алматы 1987

6. Т.Тәжібаев. Жалпы психология. Алматы 1993

7. А. Темірбеков, С.Балаубаев. Психология. Алматы 1966.
4 дәріс

Тақырып: Мінез түрлері

Дәрістің мазмұны :


1.Мінездің әлеуметтік типологиясы Б.С Братусь бойынша

2. Мінездің манипулятивті түрлерінің типологиясы

3. Мінездің психоаналитикалық типологиясы.

Әлеуметтік мінездің типологиялық моделін Б.С Братусь ұсынды. Басымдылық танытатын өзіне және өзге адамдарға қатынасынан шыға тұра тұлға құрылымының бірнеше принципаьлды деңгейлері көрсетіледі:



  1. Эгоцентрлік деңгей- тек өзінің икемділігі есепке алынуымен анықталды.

  2. топцентрлік деңгейі- адм өзінің қандай болмасын топқа ұқсатып , оның қатынасы осымен анықталады.

  3. гуманисттік деңгейі- өзінің және басқа адамдардың барлығын тең құқықты деп есептейді.

  4. Рухани деңгей-адамға затқа сияқты көзқарастың болуын білдіреді, адамның өмір сүруі оның рухани байлығымен байланысты, яғни бұл деңгейде адамның құдаймен қарым-қатынасыанықталып отырады.

Мінездің манипулятипті түрлерінің типологиясы. Э.Шостром.

Э.Шосторм «Анти Карнеги немесе манипулятор адам» еңбегінде әлеуметтік мінездің типі нені білдіретінін «манипуляторды» суреттеді.Қазіргі кездегі манипулятор Шостормның айиуынша нарыққа байланысты дамыды-мұнда адам туралы көп біліп,ьоны басқара білетін зат қана.Өзінің шын эмоциясын көрсеттпеу- манипуляторға керек қасиет болып табылады. Манипулятордың негізгі міндетті-қажетті әсер қалдыру.Манипулятор-бұл өзін-өзі құрту жолындағы тұлға.

Манипуляциялық жүйенің 4 негізгі түрін көрсетуге болады.


  1. Белсенді манипулятор-белсенді әдістер көмегімен адамдарды басқару. Ол өзінің әлсіздігін көрсетуден қашады.

  2. Пассивті манипулятор –белсендіге қарама-қарсы.

  3. Жарасушы манипулятор-өмірді әрдайымғы жарыс ретінде қарастырады.

Әдебиет:


1. Ә.Алдамұратов. Қызықты психология. Алматы 1982

2. Ә.Алдамұратов., М.Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық практикалық сабақтар. 1,2 бөлім. Алматы 1978

3. Жалпы психология В.В. Богословский т.б. редакциямен. Алматы 1980

4. М.Мұқанов. Жан жүйесінің сыры. Алматы 1964

5. М.Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Алматы 1987

6. Т.Тәжібаев. Жалпы психология. Алматы 1993

7. А. Темірбеков, С.Балаубаев. Психология. Алматы 1966.
5 дәріс

Тақырып: Мінез

Дәрістің мазмұны :


1. Психосоциотиптер

2. Психосоциотиптердің сипаттамасы

3.Психосоциотиптердің өзара қатынасы.

Ең күрделі мәселелердің бірі – жасөспірімдердің мінез-құлық акцентуациясы. Соңғы зертеулер көрсеткендей, мінез-құлық акцентуациясы айқын көрінген кезеңде жасөспрімдер наркотикалық заттарды пайдалануға бейім болады. Мінез-құлық акцентуациясы – белгілі бір қасиеттер өте айқын және басым көрінетін мінез-құлықтың қалыпты түрі. Мінез-құлық акцентуациясы адамның қоршаған ортаға бейімделуін қамтамасыз етеді, жасөспірімдердің тең жартысынан астамына тән.

Мінез-құлық акцентуациясы тән адамдар – психикалық сау тұлғалар. Жағымсыз әсер еткенде мінез-құлық акцентуациясы мінез-құлықтың тепе-теңдігін бұзады, бейімделмеушілікке әкеледі, тұлғааралық және тұлғаішілік келіспеушіліктердің пайда болуын қамтамасыз етеді. Мінез-құлық акцентуациясы өмір бойына немесе белгілі бір мерзімге тән. Жасөспірімдік шақтағы тұлғаның даму барысындағы дағдарыстық кезеңде мінез-құлық акцентуациясы өте айқын байқалады.

Гипертимді тип.

Мұндай жасөспірімдерге қуанышты және көтеріңкі көңіл – күй тән. Өмірде кездескен қиындықтар, қайғы, ренішті оңай жеңеді. Гипертимдер – күмәнсіз оптимисттер. Қарым-қатынаста көңілді, пысық және ақылды. Олармен әңгімелескен өте қызық. Олардың әрқашан қуанышты эмоциональды күйі қоршаған адамдарды ашуландыруы да мүмкін. Мұндай жасөспірімдердің өте жақсы көңіл-күйі іс-әрекетке деген жоғары қажеттілігінен туындайды. Олар өте әңгімешіл, әңгіме барысында бір тақырыптан екіншісіне ауытқып отырады. Мұндай адамдар қоршаған орта адамдарының талаптарына шапшаң бейімделеді. Қозғалыстары тез, табысқа тез жетеді, бірақ істі соңына дейін жасамайды. Сәтсіздіктер күшті аффективті реакциялар тудырады. Олардың қуанышты күйі жеңілтекті, ал іс-әрекетті атқаруға деген жоғары ұмтылысы аяқсыз қалдырылған істерді тудырмауы керек.

Гипертимді жасөспірімдер оқытушылармен келіспеушілік жағдайларға көп түседі. Олар талапшыл мұғалімдердің іс-әрекетімен келіспейді. Келіспеушілікті шешу үшін оның себебін анықтап және оқушыны қызықты іске араластыру керек

Қозғыш тип.

Оларға тән сипат - өзінің іс-әрекеттері мен мінез-құлқын ақылмен, саналы басқарудың әлсіздігі. Керісінше, санасыз ұмтылыстар мінез-құлықтан басым түседі. Қиын жағдайда олар жағымсыз көңіл-күй мен эмоциональды күйзеліске ұшырайды. Мұндай жасөспірімдер өздерінің қанбайтын ұмтылыстары мен инстиктерінің әсерінде болады да, еріксіз, импульсивті көрініс тауып отырады. Жасөспірімдік және жастық шақта оларда шамадан тыс және талғамай тамақ ішу байқалады. Мұндай адамдар басқаларға қарағанда алкогольдың зиянды әсеріне көп ұшырайды.


Әдебиет:


1. Ә.Алдамұратов. Қызықты психология. Алматы 1982

2. Ә.Алдамұратов., М.Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық практикалық сабақтар. 1,2 бөлім. Алматы 1978

3. Жалпы психология В.В. Богословский т.б. редакциямен. Алматы 1980

4. М.Мұқанов. Жан жүйесінің сыры. Алматы 1964

5. М.Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Алматы 1987

6. Т.Тәжібаев. Жалпы психология. Алматы 1993

7. А. Темірбеков, С.Балаубаев. Психология. Алматы 1966.
6 дәріс

Тақырып: Мінезді зерттеу әдістері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет