Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) -45 сағат СӨЖ 45 сағат



бет45/108
Дата05.02.2022
өлшемі7,63 Mb.
#20083
түріСеминар
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   108
ЛОПЕ ДЕ ВЕГА (1562-1635)
«Театр империясының билеушісі» Лопе Фелис де Вега Карпьо Испанияның ең ұлы драмалық ақыны. Дүниежүзілік драматургияда оның есімі Шекспир және Мольер аттарымен қатар тұруы заңды. Лопе де Веганың даңқы жоғары болғаны совшалықты испан тілінде £$ тиу іоре («бұны Лопе істеді») деген сөз де бар.
Лопе де Веганың шығармашылығында аңызға тән таңғажайып нәрселер көп кездеседі. Мәселен, әлі күнге дейін ол қанша пьеса жазғаны нақты анықталмаған. Ақынның замандастары екі мыңнан (1800 ақсүйектік шығармалар мен 400 ауто-діни пьесалары) асады деп айтып кеткен. Лопенің 500 пьесасы сақталғанын есептесек бұл саннан әлі бір де бір драматург асқан жоқ. Веганың тақпақпен жазған пьесаларының жазылуы да аңызға айналған таңертең бір акт, екі-үш күнде бір пьеса тудырған.
Ұлттық поэтикалық комедияның бірыңғай жүйесін құрған Лопе де Вега жанрлық шығарма тақырыбының түрлілігін және олардағы шиеленіс драматизмінің дәрежесін жақсы түсінді.
Драматургтің барлық пьесаларын екі үлкен топқа: қаһармандық драмалар мен комедиялар деп бөлуге болады.
Лопе де Веганың қаһармандық драмаларының ішіндегі ең үздік үлгісі - «Фуэнта Овехуна». Бұл пьеса халықтық-эпикалық кең планда 1604 пен 1618 жылдар аралығында жазылды (Бастапқы кезде Лопенің шығармалары автордың рүқсатынсыз және жазылған уақыты көрсетілмей басылды. 1604 және 1618 жылдары Лопе өзінің бірқатар драмалық шығармаларының жазылған уақыты қойылған тізімін басып шығарды). Шығармада Фуэнта Овехуна деревиясының шаруалары озбыр әрі зорлықшыл Калатрав орденінің командорына қарсы көтеріледі және феодалдармен күресінде олар корольдің көмегіне сүйенеді.
Адамдардың теңдігі туралы гуманистік идеялар махаббатта айқын көріне бастады. Шынайы сезімдер пайда болған жерде әлеуметтік дәрежелер өз мағынасын жоғалтады. Таптық тосқауылдар мен субьективті нанымдарды сындыратын үлкен махаббат тақырыбына «Шөп қорыған ит» комедиясы арналды.
Оның шығармалары XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап орыс тіліне аударыла бастады. 1961 жыпы «Шеп қорыған ит» комедиясы М.О.Әуезов атындағы Қаэақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Қызғаныштан махаббат» деген атпен қойылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет