Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) -45 сағат СӨЖ 45 сағат



бет30/108
Дата05.02.2022
өлшемі7,63 Mb.
#20083
түріСеминар
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   108
МЕНАНДР {Б.д.д. 343 (2 ?) - 292)
Менандр IV-!!! ғасырлардың басында өмір сүрген. Ол жаңа аттикалық комедияның тамаша өкілдерінің бірі. Менандр Афин қаласында бай отбасында дүниеге келген.
1956 жылы Щвейцариялық коллекционер Александрии базарынан «Күңкілдек» комедиясы жазылған папирусты сатып алған. Бұл МенандрдыИ, біздің дәуірімізге дейін толық мәтінмен жеткен жалғыз комедиясы болып саналады. Оны 1958 жылы В.Мартен алғаш рет жариялады. Бұдан басқа «Аралық сот» және «Кесілген бұрым» комедияларынан 2300 өлең жолдары табылған. Ал «Самиянка». «Батыр» және «Жер иеленуші» комедияларынан аздаған үзінділер жеткен.
Аристофан мен Менандрдың арасында жетпіс бес жылдай уақыт айырмашылық бар. Бұл кезде Аристофан дәуіріндегідей саяси комедиялар жазылған жоқ. Грек қоғамы саяси оқиғапарға алаңдауды қойды. Аристофан мен Менандрдың арасында бірнеше комедиографтар комедия жазған. Оларды орта комедиялар деген атпен атаған. Бұлар саяси тақырыптардан қол үзіп, тұрмыстық комедия жазудың жолына түседі. Алайда орта комедияда шарттылық басым болып, күнделікті тіршіліктегі адамның өмірін керсете алмады.
Менандрдың «Аралық сот» комедиясынан 700 жолдай жетті. Соған қарамастан пьеса оқиғасының не туралы екендігі түсінікті. Комедияның негізгі тартысына отбасылық тартыс алынған.
Жаңа аттикалық комедия - Грецияда жасалған соңғы драмалық жанр. Онда қоғамдық-саяси мәселелер қозғалмады Ондағы турмыстық тақырыптар мен оқиғалар. жекелеген адамдардың тағдыры рим театрына, одан кейін жаңа дәуір театрларына көшті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет