ТИРСО ДЕ МОЛИНА (шамамен 1583- 1648) Тирсо де Молина (шын есімі - Габриэль Тельес) Лопе де Веганың дәстүрін тікелей жалғастырушы бола турып ұстазынан өзгеше өмірге деген прозалық көзқарасымен ерекшеленді.
Тирсо де Молинаның ең танымал комедиясы Дон Жуанның бастан кешірген оқиғаларының бірінші өңделген түрі берілген «Сивильдік бұзақы, немесе Тас мейман» (шамамен 1616 жыл). Бұл комедияның сюжетінің негізіне драматург әйелдердің жүрегін жаулап алатын, атақты идальго Хуан Тенорьо туралы халық аңызын негізге алған.
Тирсо де Молинаның өмірге деген құштарлығы оның бүкіл әлем репертуарындағы ең керемет жаэылған «жағдай комедиясы» «Дон Хиль көк шалбар» (1615) пьесасында байқалады.