Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) -45 сағат СӨЖ 45 сағат



бет54/108
Дата05.02.2022
өлшемі7,63 Mb.
#20083
түріСеминар
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   108
МОЛЬЕР 1622-1673
Мольер - француз ұлттық комедиясының атасы. Театр тарихында Мольердің есімі комедияның ұлы реформаторы ретінде қалды Ол комедия жанрын терең қоғамдық мағынамен толықтырып, сатиралық бағыт берді және жарқын театрлық пішінін қосты.
Мольер (оның шын аты-жөні Жан Батист Поклен) 16 қаңтарда 1622 жылы Парижде сарай маңы қызметшісі - түсқағаз жабыстырушы әрі жиһаз жасаушының





отбасында дуниеге келеді. Ол Клермон колледжіне түседі. 1643 жылы өзіне Мольер деген бүркеншек есім алған соң, басқа да театрмен әуестенетін жастармен және бірнеше кәсіби актерлермен бірігіп «Жарқырауық театрды» ұйымдастырады. Драматургиялық дүниелердің әлсіздігі мен тәжірибесіз орындаушылардың нашар ойыны көп ұзамай-ақ, жаңа театрдың жабылуына әкеп соғады. Мольер мен оның жолдастары Парижден кетуге мәжбүр болып, одан кейінгі он үш жылда (1645 - 1658) шет аймақтарда өнер көрсетіп жүрді.

Оның Парижде жазған алғашқы комедиясы «Күлкілі бәлсінулер» (1659) - салонды-ақсүйектік мәдениетке соққы берді. «Күлкілі бәлсінулердің» сәтті өткені соншалық пьеса отыз сегіз рет көрсетілді.
Мольердің келесі туындысы - «Сганарель, немесе жалған ашына» (1660) фарсынан бейненің психологиялық мінездемесінің жан-жақты тереңдей түскенін. мінездер комедиясына қарай бет бұрғанын байқауға болады.
Мольердің атын күллі әлемге паш еткен оның «Тартюф» комедиясы еді, Ол 1664 жылы жазылғанымен үлкен сахнаға тек бес жылдан (1669) кейін ғана шығуға мүмкіндік алды.
1666 жылы Мольер «Мизантроп» атты комедиясын аяқтайды. Мунда драматург дүниетәнымының азаматтық негіздерін толықтай көрсетеді.
Оның шығармашылық мұрасында айрықша орын алатын «Сараң» (1668) комедиясы мен «Сарайдағы тоғышар» (1670) комедия - балетінде байлыққұмар, атаққұмар адамдардың сатиралық бейнелерін көруге болады.
10 апта Ағылшын гуманизмінің өзіндік бейнесі. XVI ғ. ағылшын театрының дамуы. Ағылшын кәсіпқой театрының қалыптасуы. Глобус театры және Шекспир. Ричард Бербедж (1567-1619) қайта өрлей дәуіріндегі Англияның ірі актеры.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет