Романтикалық драмалар Романтикалық драмалары жақсылыққә толы болса да, Шекспирдің комедиялары жарқын қуанышынан айырылған. Қияли, таңғажайып оқиғалардың артында дәуірдің шынайы драматизмі көрініп тұр. Сондықтан да, романтикалық драмаларының трагедиялардағы оқиға сарынын қайталап отьіруы да кездейсоқтық емес. «Қысқы ертегідегі» король Леонтты жиі Отелломен салыстырады. «Цимбелин» пьесасындағы жауыз Якимо Ягоға ұқсайды «Боран» шығармасындағы оқиғалардың бірі - монархты ағасының тақтан түсіруі - «Гамлеттің» сюжетін еске түсіреді.
Бірақ трагедияларда күйреуге әкелетін қақтығыстар романтикалық драмаларда жақсылықпен аяқталады.
Философиялық символдық «Боран» ертегісі - Шекспирдің ең мүлтіксіз үйлесімді дүниелерінің бірі.
9 апта Ағылшын гуманизмінің өзіндік бейнесі. XVI ғ. ағылшын театрының дамуы. Ағылшын кәсіпқой театрының қалыптасуы. Глобус театры және Шекспир. Ричард Бербедж (1567-1619) қайта өрлей дәуіріндегі Англияның ірі актеры.