Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) -45 сағат СӨЖ 45 сағат



бет53/108
Дата05.02.2022
өлшемі7,63 Mb.
#20083
түріСеминар
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   108
РАСИН 1639-1699
Классицистік трагедия жанры дамуының екінші кезеңі Жан Расиннің есімімен байланысты. Ол бұл жанрды терең этикалық мәселелермен және кейіпкерлерді психологиялық нәзіктікпен сипаттап, суреттеумен байытты.
Расин «Андромаха» (1667) трагедиясын жазды, мұнда ол мінез-құлықтарды айқын бейнелей білетін, қоғамдық ой-сананы терең, жан-жақты аша алатын суреткер ретінде қалыптасқанын байқатты.
Трагедияны 1667 жылы қараша айында «Бургунд отелінде» көрсетті. Залдағы көрерменнің көпшілік көзіне жас алып, ду қол шапалақтарымен қоштап отырды. Күллі Париж «Андромаханы» керуге құлшынды. «Ол «Сид» сияқты соншама көп шу шығарды, - деп жазады замандасы. - Ас пісіруші, көшір, ат бапкері, тіпті, су тасушыға дейін «Андромаханы» талқылауды жөн көрді».
Расин зұлымдықтың негізгі бастауын қоғамда орын алған менменшілдік құштарлықтардан көреді және жақсы адамдар оларға төтеп бере алмайды деп есептеді. Ақын мұндай ойларын «Береник» (1670), «Баязет» (1672). «Митридат» (1673) трагедияларында жалғастырды, пьесалардағы кейіпкерлердің ішкі жан-дүниесінің тереңдігі, жан-жақтылығы және жоғарғы поэтикалық құрылымымен айрықша көзге түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет