XIX ғасырдың бірінші жартысындағы француз мелодрамасы
Напалеон тағынан құлап 1848 жылы Екінші республиканың орнауына дейінгі ширек ғасырдан астам уақыт бойы Франция қарқынды саяси өмір сүрді. Антифеодалдық жағдайды сынау, кейде ашық, кейде жасырын түрде шыға бастады. Баспасөз бетінде әдеби сын, керкем әдебиет шығармаларында, тарихи деректерде сонымен қатар театрда бой көрсетті.
Төңкерістен кейінгі мелодрама жанрын қалыптастырушы және осы жанрдың «классиктерінің» бірі Гильбер де Пиксерекур (1773—1844) болды. Оның пьесалары халықты өзінің атымен-ақ тартып қызықтырды: «Виктор немесе Орман сәбиі» (1797), «Селина немесе құпия сәби» (1800), «Үш бетті адам туралы» (1801) және т.б. Бұл пьесалар керерменді - таңғажайып оқиғасымен және сахналық эффектілерімен таңқалдырды. Пиксерекур пьесалары гуманистік және демократиялық тенденциялардан алыс емес еді.
Достарыңызбен бөлісу: |