Семинар 6апта Орындаған: Тексерген



Дата07.02.2022
өлшемі22,64 Kb.
#87207
түріСеминар
Байланысты:
адм


Әкімшілік құқық. Семинар 6апта
Орындаған:.
Тексерген:
Жергілікті атқарушы билік органдары.
1.Жергілікті атқарушы билік органдарының жүйесі.
2.Әкімнің құқықтық мәртебесі. Жергілікті мемлекеттік басқару туралы ҚРның заңнамасы.
3.Әкім өкілеттігі. Әкімнің жоғарғы және орталық атқарушы билік органдарымен ара қатынасы
4.Әкім және жергілікті өкілді органдарының ара қатынасы.
5.Әкім актілері. Әкімшіліктердің құқықтық мәртебесі,олардың құрылымы.
6.Әкім ,әкімшілік және жергілікті атқарушы билік органдарының территориялық бөлімшелерімен өзара әсерлесуі.

1. Жергілікті атқарушы органдар ҚР-ның атқарушы органдарының бірынғай жүйесіне кіреді, тиісті аумактың мүддесі мен даму қажеттілігін үштастыра отырып, аткарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.


Жергілікті атқарушы органдар — жоспарлар, аумақты дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті жасауды жүзеге асырады және олардың атқарылуын қамтамасыз етеді, коммуналдық меншікті баскарады.

Жергілікті атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:


1) аумақты дамыту жоспарларын, эканомикалық және әлеуметтік
бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқа-
рылуын қамтамасыз ету;
2) коммуналдык меншікті басқару;
3) жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай заңдармен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктердіжүзеге асыру.
Жергілікті аткарушы органдардың қүзыреті, үйымдастырылуы және олардың кызмет тәртібі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» 2001 ж. 23-каңтардағы заңмен және басқа заңдармен, Презвденттің және Үкіметтің нормативтік кесімдерімен белгіленеді.
2. Әкім - ҚР-ныц Президенті мен Үкіметінің жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиісті аумақта мемлексттік саясаттың жүргізілуін, Республиканың орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, ҚР-ның заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігі берілген, тиісті аумақтық әлеуметтік - экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты өкілі.
Әкімдік тиісті аумақтық облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық), аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихаттың алдында өзіне жүктелген міндеттсрді іске асыру үішін жауап береді.
Әкімдік ҚР-сы Конституциясы, заңдары, Президенті мен Үкіметінің актілері, өзге де нормативтік актілер негізінде және оларды орындау мақсатында қаулылар шығарады. Әкімдіктің қаулысына әкім кол қояды.
ҚР Әкімшілік құқығының субъектілері – бұл әкімшілік құқық реттейтін басқарушылық қатынастарға қатысушы жеке тұлға немесе ұйым.
Оның мынадай түрлері бар:
• 1)жеке тұлғалар – бұл ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар;
• 2) ұжымдық субъектілер – оған мыналар жатады: мемлекеттік ұйымдар (атқарушы мемлекеттік басқару органдары, мемлекеттік (қазыналық) ұйымдар мен мекемелер, олардың лауазымды тұлғалары) және мемлекеттік емес ұйымдар (қоғамдық бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, коммерциялық ұйымдар және олардың қызметкерлері)
Әкімшілік құқықтың субъектілерінің әкімшілік - құқықтық мәртебесі азаматтардың құқықтық мәртебесінен басталады, сондықтан да «азамат» ұғымын анықтап алуымыз қажет. Заң әдебиеттерінде және заңнамада ол, біріншіден адамның қандайда болмасын мемлекетке тиістілігін білдіреді, адамның мемлекетпен тұрақты саяси –құқықтық қатынасын білдіреді; екінішіден, «азамат» деп құқықтың кейбір салаларында қандайда болсын сфераларда нақты құқықтар берілген жеке тұлға. Дәл осы мағынада ол әкімшілік құқықта да қолданылады, өйткені әкімшілік құқықта азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетел азаматтары да оның субъектісі болып табылады.

Азаматтар өмір бойында барлық мемлекеттік органдармен, соның ішінде мемлекеттік басқару органдарымен соқтығысады, өйткені олар азаматтар үшін көбінде мемлекет өзі сияқты көрінеді. Мемлекеттік органдармен қарым-қатынасқа түскенде азаматтардың көптеген құқықтары жүзеге асырылады, және керісінше, олардың қызметтерінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтары декларация болып қалыптасуына әкеледі.


Қазақстанның қазіргі уақыттағы дамуы азаматтық қоғамды қалыптастыруға, құқықтық мемлекетті орнатуға, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүддесі алдында басымдылығын тануға ұмтылуымен сипатталады. Адамның құқықтарын қорғау үшін өмір сүретін мемлекет рөлін қайта ойластыру азаматтардың мүдделеріне қызмет ету керектігін көрсетеді, мемлекет пен азаматтың өзара қарым-қатынастарының мәнін түбірімен қайта өзгерту қажеттілігіне әкеледі. Бұл жерде әкімшілік құқықтың маңызы өте зор болмақ, өйткені әкімшілік – құқықтық нормалар ғана мемлекет пен азаматтар арасындағы қатынастарды реттейді; азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын дамытады және бақылайды; адамның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру механизмін құрастырады, мысалы, адамның өмір сүруге құқығы сияқты табиғи құқығының өзі де кейбір жағдайларда әкімшілік – құқықтық нормалармен байланыстырылады: өмірдің басталу сәті мен аяқталу сәті Денсаулық сақтау органдарымен анықталады; білім алу сияқты конституциялық құқықты жүзеге асыру білім туралы заңнамада және басқа да нормативті – құқықтық актілерде бекітілген бірқатар әкімшілік құқық нормаларымен байланыстырылған.
Азаматтардың әкімшілік – құқықтық мәртебесі – бұл әкімшілік құқық нормаларымен бекітілген азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің кешені және құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру кепілдіктерінің жиынтығы.

3. Жергілікті мемлекеттік басқару дегеніміз жергілікті әкімшілік- территориялық жердегі Орталық өкіметтің атынан немесе жоғары тұрған әкімішліктің атынан жүргізілетін биліктің бір түрі.


Жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын адамдарды деңгейі жоғары тұрған әкімшілік орындары тағайындайды. (Мысалы, ауылдың әкімін аудан әкімі тағайындаса, аудан әкімін тағайындау облыс әкімінің қолында).
2001 жылы қаңтар айында «Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заң қабылданды.2-бапта. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы.
1. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Осы Заң Алматы қаласының айрықша мәртебесi және астана мәртебесi туралы заңдарға қайшы келмейтiн бөлiгiнде Алматы қаласы мен астананың аумағында қолданылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзі-өзі басқару құрылымына, калыптасу және тағайындалу тәртібіне қатысты жалпы ережелерді көрсетеді
Қазақстан Республикасының Конституциясы жергілікті басқару органдары деген жалпы атаумен жергілікті өкілетті органдар мен жергілікті атқарушы органдарды біріктірді Осыған байланысты жергілікті мемлекеттік органдардың кейбір ерек-шеліктерін атап көрсетейік.
Бірінші ерекшелік — жергілікті өкілетті органдар жергілікті мемлекеттік басқару органдары болып есептеледі Жергілікті өкілетті органдар қызметішң баскарушылық сипаты осымен танылады
Екінші ерекшелік — жергілікті мемлекеттік органдарды тікелей халық құрса да, ол мемлекеттік басқару органдары болып есептеледі
Екеуі де жергілікті басқару органдарына жатқанымен, жергілікті өкілетті органдар ұйымдық жағынан жергілікті атқарушы билік органдарымен байланысты емес, ол — үшінші ерекшелік
Төртінші ерекшелік — жергілікті мемлекеттік баскару органдары ұйымдық-кұқықтық қатынаста тікелей халық арқылы жүзеге асырылатын жергілікті өзі-өзі баскарумен байланысты емес

4. Әкімдіктер мен әкімдердің міндеттері мен өкілеттіктері «ҚР-ның кейбір заң актілеріне жергілікті мемлекеттік баскару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 ж. 11-мамырдағы; «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне мсмлекеттік баскару деңгсйлері арасында өкілетгіктердің ара-жігін ажырату жоне бюджсттік қатынастар мәселелері бойынша өзгсрістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 ж. 20-желтоқсандағы; «ҚР-дағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» ҚР-ның заңына өзгерістер меп толықтыру снгізу туралы» 2004ж. 21 -желтоқсандагы заңдармен нақтыланып, кеңейте түсілген.


Заңның 31 -б-да республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдіктерге жүктелген өкілеттіктерді қалалық әкімдіктер жүзеғе асырады.
Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімін Премьер-министрдің ұсынуы бойынша ҚР-ның Президент кызметке тағайындайды. Оны қызметінен Президент босатады. Аталған аумақ әкімінің өкілеттігі ҚР-ның жаңадан сайланған Президенті қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады. Бұл ретте әкім Президент тиісті әкімді тағайындағанға дейін өз міндетін атқаруды жалғастыра береді.
Аудан (облыстық маңызы бар қала), Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдері ҚР-сы Президенті белгілейтін тәртіпте қызметке тағайындалады немесе сайланады. Президент белгілеген тәртіпте олар қызметінен босатылады және өз өкілеттігін тоқтатады.
Ауыл (село), кент әкімдерінің өкілсттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатудың және атқарылатын қызметінен мерзімінен бұрын босатудың негіздері мен себептері аталған Ережелердің 8-тарауында қаралған. Ауыл, кент әкімінің өкілеттіктерін тоқтату Ережелерде көрсетілген негіздер бойынша тиісті аудан әкімінің шешімімен рәсімделеді. Ал әкімді қызметінен босату тиісті аудандық (қалалык) мәслихаттың депутаттарының үштен екісінің келісімін алған жағ-дайда, жоғары тұрған әкімнің шешімімен жүзеге асырылады.
Облыс (қала) әкімі өзінің жекелеген өкілеттігін жүзеге асыруды төменгі тұрған әкімдерге беруге құқылы. Әкім өз құзыретіндегі және әкімдіктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Президент пен Үкімет алдында жауап береді.
Жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңның 33-б-да жоғарыдағы айтылғандарға ұқсас мәселелер аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің де құзыретіне жатқызылып бекітілген. Әкім өз құзыретіндегі және өкімдіктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Президенттің, Үкіметтің және облыс әкімінің алдыңда жауап береді.

5. Әкiмдіктің, әкiмнiң актілерi


1. Әкiмдік Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерi, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде және оларды орындау орайында қаулылар шығарады.
2. Әкiмдік қаулысына әкiм қол қояды.
3. Әкiм нормативтiк-құқықтық сипаттағы шешiмдер және әкiмшiлiк-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкiмдер шығарады.
4. Әкiмдіктің және (немесе) әкiмнің өз құзыретi шегiнде қабылдаған актiлерiнiң тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады.
5. Әкiмдік және (немесе) әкiм актiлерiнiң қолданылуын тиiстi прокурордың тоқтата тұруы мүмкiн.
6. Әкiмдіктің және (немесе) әкiмнiң азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актiлерi (Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялары және заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар актiлерден басқа) мiндеттi ресми жариялауға жатады.
7. Әкiмдіктің және (немесе) әкiмнiң жалпыға мiндеттi маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актiлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдарының мемлекеттiк тiркеуiне жатады.
Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді әкімдіктің, әкімнің қабылдауы "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
8. Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметi, жоғары тұрған әкiмдік және (немесе) әкiм, әкiмдіктің және (немесе) әкiмнiң өзi, сондай-ақ соттың шешiмi әкiмдік және (немесе) әкiм актiлерi қолданылуын жоюы не толық немесе iшiнара тоқтата тұруы мүмкiн.
Әкімдіктің және (немесе) әкімнің азаматтардың кұқыктарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілері (мемлекеттік құпиялары және заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар актілерден басқа) міндетті ресми жариялауға жатады. Олардың осы сияқты және жалпыға міндетті маңьгзы бар актілері белгіленген тәртіппен Әділет министрлігінің аумақтық органдарының мемлекеттік тіркеуіне жатады.
Әкімдіктің және (немесе) әкімнің актілерінің колданылуын тиісті прокурор тоқтата тұруы мүмкін.
ҚР-ның Президенті, Үкіметі, жоғары тұрған әкімдік және (немесе) әкім, әкімдіктің және (немесе) әкімнің өзі, сондай-ақ соттың шешімі әкімдіктің және (немесе) әкімнің актілерінің қолданылуын жоюы не толық немесе ішінара тоқтата түруы мүмкін.
Азаматтардың әкімшілік – құқықтық мәртебесі мынадай элементтердің жиынтығынан тұрады:
1) әкімшілік құқық қабілеттілік пен әкімшілік әрекет қабілеттілік;
2) мемлекеттік басқару сферасындағы құқықтар мен міндеттер;
3) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының әкімшілік – құқықтық кепілдіктері.
Әкімшілік құқықтық қатынастардың субъектісі болуы үшін азаматтарда әкімшілік құқық қабілеттілік пен әкімшілік әрекет қабілеттілік болуы тиіс.
Әкімшілік құқық қабілеттілік – бұл адамның мемлекеттік басқару сферасындағы құқықтар мен міндеттерге ие болу қабілеттілігі.
Әкімшілік құқық қабілеттілік пен әкімшілік әрекет қабілеттіліктің жиынтығы тұлғаның құқық субъектілігі деп аталады. Өз кезегінде ол мынадай түрлерге бөлінеді:
а) жалпы – 18 жастан;
б) арнайы – субъектінің арнайы атақтарын, жас шамасын талап ететін кейбір құқықтық қатынастар үшін қажет болады, мысалы, Мәжіліс депутаты болып сайлануы үшін – 21 жас; судья лауазымына тағайындалуы үшін – 25 жас талап етіледі.

Әкімшілік құқық субъектілік жас шамасынан басқа да факторларға байланысты болып келеді: денсаулық жағдайы, тұрғылықты жері, білімінің болуы және т.б. Осылардың кейбіреуі толық немесе жартылай шектеулі әкімшілік құқық және әрекет қабілеттілікке ие болуы себептері болуы мүмкін: жан күйзелісімен ауыру, мүгедектік көлік құралдарын басқару құқығынан айырады; соттылығының болуы немесе арнайы білімінің болмауы мемлекеттік аппараттағы лауазымдарға орналасуы мүмкіндігінен айырады.


Азаматтың мемлекеттік басқару сферасындағы құқықтары мен міндеттері субъекттің әкімшілік – құқықтық мәртебесінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады.
Жоғарыда жазылғандарды қорытындылай келе, жергілікті атқарушы органдарға әкімдер және олардың аппараттары жатады. Заң талаптарына сәйкес, әкім – Қазақстан Республикасы Президенті мен Республика Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдарды басқаратын , қарауындағы аумақта мемлекеттік саясаттың жүзеге асуын, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімдерінің үйлесімді қызмет жасауын қамтамасыз ететін , атқарушы органдарға басшылық жасайтын, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын, Қазақстан республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігіне ие, сол сияқты тиісті аумақтың әлеуметтік және экономикалық дамуына жауапты уәкілі болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдардың және әкімнің қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік мекеме - әкімнің аппараты құрылады.


Ал жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді. Сонымен бірге тиісті аумақтық мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етіп отырады. Олардың құзыретіне: аумақты дамыту жоспарлары, экономикалық және әлеуметтік бағдарламалары, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету, коммуналдық меншікті басқару, жергілікті органдардың жұмысын ұйымдастыру және т.б. жатады.
Жергілікті әкімшілік пен оның органдарының қызметін ұйымдастыру құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін бюджет жобасын талдайтын және оны орындайтын жергілікті әкімшіліктің аппараты құрылады.
Мемлекеттік биліктің атқарушы бұтағы да реформаланды, жетілдіріле түседі. Елбасының биылғы жылғы Жолдауында көрсетілгендей, бұл билік тармағы да бұдан әрі ықшамдалып, біраз өкілеттігін жергілікті органдарға береді.

Пайдаланған Әдебиеттер :


1.Мемлекет және құқық негіздері, Алматы 2001
2.Жергілікті басқару: бүгін және ертең , Егемен Қазақстан 2005ж
3.ҚР конституциясының түсіндірме сөздігі, Алматы 1996
4.adilet.zan.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет