Саламатсыз ба оқытушы?
Тақырыбы: «МЕКТЕПТЕГІ МУЗЫКА ПӘНІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР»
Орындаған студент: Махмутова Айнұр
Үй тапсырмасы:
1.Музыка сабағының мақсаты мен міндеттерін білу
2. Музыка сабағының негізгі міндеттерін жазып жолдау
Музыканы оқыту процесінде оқушылардың музыкалық ойлау қабілеттері, дүниетанымы, практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптастады. Оқушы тек музыкалық білімдерді меңгеріп қана қоймайды, оның дүниені тануға, түрлі музыкалық құбылыстарды пайымдауға, өз бетімен білім толықтыруға, меңгерген білімдерін практикада қолдануға талпынысы, қажеттіктері дамиды. Оқытушы болса, ол тек жалаң білім берумен шектелмейді, оқыта отырып тәрбиелейді, оқушылардың білім алуға деген қажеттіліктерін, музыкалық қабілеттерін дамытады, жаттығулар мен тапсырмалар беріп, білімділік деңгейлерін бақылайды. Бір сөзбен айтқанда, музыкалық-педагогикалық процеске басшылық жасайды.
Музыканы оқыту процесі өзіне тән компоненттерімен сипатталады. Олар: музыканы оқыту (музыкалық білім, музыкалық іскерлік, музыкалық дағдылар), музыканы оқыту мақсаты, музыкалық білім мазмұны, музыканы оқытудың әдістері және құралдары, музыканы оқытуды ұйымдастыру, музыканы оқытудың нәтижелері.
Музыканы оқыту тар мағынасында оқушылардың музыкалық білім, іскерлік, дағдыларын меңгерту деп анықталса, кең мағынада музыкалық білім, іскерлік, дағдыларды меңгертумен бірге, олардың музыкаға дегенэмоционалды-құндылықты тәжірибесі мен музыкалық шығармашылық іс-әрекеттері тәжірибесің қалыптасуын айтамыз.
Бүгінгі таңда музыкалық білім берудің мақсаты оқушылардың рухани, адамгершілік, эстетикалық, көркемдік мәдениетінің қалыптасуы деп түсіндіріледі. Бұл мақсат музыкалық білім берудің келесі негізгі міндеттерінің жүзеге асырылуын көздейді:
-балалардың музыкаға деген сезімін, сүйіспеншілігін ояту
Өнер туындыларына эмоционалды-эстетикалық сипатта баға беруін
Сезім мәдениетін дамыту;
Оқушыларды халықтық, классикалық, жаңа кезеңі музыкасымен, әсіресе аса бай форма мен жанрдагы музыка өнері туындыларымен таныстыру;
Өмірмен рухани байланыстағы музыка туралы білімдерді меңгерту;
Музыкалық қабілеттерін, дағды, іскерліктерін дамыту, музыкамен шұғылдану процесінде өздерінің жеке тұлға екендігін саналы түрде ұғындыру;
Тыңдаушылық және орындаушылық, музыка шығару, импровизациялау іс-әрекеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Музыкалық-эстетикалық талғамын тәрбиелеу;
Көркемдігі жоғары музыкамен шұғылдануға деген қажеттіктерін дамыту;
Өз бетімен музыкалық білімін толықтыруға қабілеттілігін дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |