Семинар Қазақстанның үшінші модернизациясындағы цифрлық технологиялар



Дата13.01.2022
өлшемі81,91 Kb.
#111416
түріСеминар
Байланысты:
Семинар 7, Философия-1

Семинар 7. Философиядағы адам мәселесі

Орындаған: Қияш Бейбарыс , ФКС-19-3 тобы

Тексерген: Табылдиева О.Д.


Философиялық антропология адамның мәні арқылы табиғат, қоғам, таным туралы түсініктер жүйесін жасауға болады (Л. Фейербах, М. Шелер, Ф. Ницше, Н. Чернышевский және басқалары) – деп есептейді.

Адам мәселесі философиядагы ең негізгі мәселе. Гректер адам өзін тану арқылы ғана философияшылдыққа салына алады, - деп айтқан. Философияның қай бөлімін алсақ та, онтологияны немесе гносеологияны, әлеуметтік философияны немесе этиканы, аксиологияны немесе праксиологияны - біз оны адам болмысы тұрғысынан қарастырамыз. Адамды танудың әдіснамалық негізі философиялық антропология болып табылады.

«Адам» деген ұғым – адам баласына тән жалпы қасиеттердің жиынтығын білдіретін түсінік. Адамың әлемде алатын орны ерекше. Адам жаратылыстың, табиғаттың туындысы және әлеуметтік феномен. Ол табиғат жасамаған заттар мен құбылыстарды өз қолымен, ақылмен жасайды.

Адам мәселесі философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұған дәлел: философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой- толғауларынан туған.



Адам болмысының әлеуметтік-мәдени негіздері

Адамның туып өскен, тәрбиеленген қоғамы қандай болса, оның өзі де сондай болады. Дүниеде қанша адам болса, сонша мінез, сипат болады. Әр адам ең алдымен бүкіл адамзат қауымының мүшесі. Яғни онда шыққан нәсілінен, ұлтынан,табынан, жынысынан, туған жерінен тәуелсіз есті және тәрбиелі адамның барлығына ортақ адамзаттық қасиеттер болады. Оларға: қуану, қайығыру; балажандық, ананы сүю; махаббат; әділеттікті ұнату т.б. жатады.

Философия тарихында адам табиғатына көптеген пікірлер айтылады. Көне философтар адамды ғарыштың бір бейнесі ретінде «кіші ғарыш» бейнесінде қарастырады.

Сократтан бастап адамды екі жаратылыстан: көне философтар дене және рухтан тұрады деп ойлайды.

Философия тарихында адамға берілген анықтамалар көп:


Аристотельдің анықтамасы бойынша Адам – « қоғамдық хайуан», басқа хайуандардың адамнан айырмашылығы - оның қоғамнан тысқары жағдайда өмір сүре алмайтындығы.

Орта ғасырдағы католицизм діни философы Фома Аквинский адамды дене мен жанның бірлігі, хайуан мен періштенің аралығындағы нәрсе деп қарады.

Неміс философы Фейербахтың айтуынша жеке-дара, жалғыз өзі ғана өмір сүре алатын адамның болуы мүмкін емес. «Менің» болуымның міндетті шарты «сенің» болуың, басқалардың болуы.

Бақылау сұрақтары


Бостандық пен жауапкершілік өзара қалай байланысты?

Көбіне біз жауапкершілік деп өз мойнымызға біреудің өтінішін алу деп түсінеміз. Бұл тар пікір. Себебі жауапкершілік – әлдеқайда үлкен ұғым. Тіпті оның бостандыққа тікелей қатысы бар.

Мен үшін «бостандық» сөзі «әділеттілік», «даму» сөздерімен бір қатарда тұрады. Бостандық – бұл бағыныштылықтың жоқтығы. Бостандық дегеніміз – бұл еркіндік, дәлірек айтсақ, өзіңіз қателіктер жіберіп, олар үшін өзіңіз жауап бересіз. Адамның тәуелсіздігі – оның мықты, ақыл-санасының көрсеткіші. Бұл жетілген тұлғаның белгісі. Бостандық - бұл рұқсат ету не алу емес, ең алдымен жауапкершілік. Не үшін? Сіздің қадамдарыңыз, әрекеттеріңіз, ойларыңыз үшін тек өзінің ғана жауап бересіз. Тіпті өміріңіз үшін де.

Ал осы жеке адам еркіндігін мемлекет тәуелсіздігімен қатар қоя аламыз ба? Әлбетте. Бір ел егеменді болса, оның дамуы не керсінше құлдырауы халықтың қолында. Яғни, тікелей сол елдің халқы ел болашағы үшін жауапты. "Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана" деген екен Әлихан Бөкейханов. Расында да, егер біздің мемлекетімізде егемендіктің көк туы мәңгі желбіресін десек оның гүлденуіне өз үлесімізді қосу парызымыз деп білуіміз керек. Жан-жаққа жамырамай, жұдырықтай жиналып бір жауапкершілікті – тәуелсіз ел болуды арқалай алуымыз қажет.




Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет