Семинар бағдарламасы Сабақтың тақырыбы Пәні Уақыты



бет5/5
Дата01.04.2017
өлшемі2,04 Mb.
#13372
түріСеминар
1   2   3   4   5

Жүргізуші:Сіздер осы кезеңге дейінгі бөлімдердің барлығынан да сүрінбей өтіп келе жатырсыздар. Бәрекелді!

Үшінші айналымда өздерін қалай таныта білді екен сайыскерлеріміз?

Ұпайларын білейік

Жүргізуші: Қазақ халқы ән мен жырға бай халық. Сонымен қатар, атадан балаға жетіп мұра болып келе жатырған қанатты сөздеріміз бен мақал-мәтелдерімізде баршылық. Келесі бөлімде мақал-мәтелдер сайысы.

ІV. Мақал-мәтелдер сайысы

Ережесі:Бұл кезеңде белгілі тақырыптар беріледі. Сол тақырыптарға мақал-мәтелдер құрайсыздар. (Достық, әдептілік, еңбек, білім).

Домбыра тобы Достық, әдептілік туралы

Қобыз тобына еңбек,білім туралы мақал

Жүргізуші: Бұл айналым мақал мәтел сайысы бойынша сайыскерлеріміз өте белсенділікпен, ұйымшылдықпен жауап берді.

Осы айналым ұпайын берейік



Жүргізуші:Құр айқай бақырған

Құлаққа ән бе екен?



Өнерсіз шатылған,

Кісіге сән бе екен?- деп Ұлы ойшыл ақын А.Құнанбаев атамыз айтқандай келесі бөлімде нағыз тапқырлықтарыңыз бен музыкалық есту қабілеттеріңіз сынға түседі.

Ү. Тыңда, радио...

Ережесі:70-80 ж. радио да естіген топ жұлдыздарымыздың әндерін тыңдай отырып, орындаушы топ пен сол орындалған әннің атауын табуыңыз керек.



Марапаттау:

Жүргізуші: Сайысқа қатысқан сайыскерлер сіздерге көп рахмет айта отырып, ұстаздар сіздерге де алғысымды білдіргім келеді.

Ән аманат сіздер үшін.

Бар болыңыздар,

Сау болыңыздар!


Игибаева Маңдайлы

Қазақ тілі

2 «Г» сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары.

Сабақтың мақсаты: Сөз таптары туралы ұғым беру. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу, ой-өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру. Төрт түлік төлдері, өмірде пайдасы туралы түсініктерді пысықтау.

Сабақтың білімділігі: Оқушылардың сөз таптары туралы ұғымын кеңейту.

Сабақтың дамытушылығы: ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық жұмыс істеу.

Сабақтың тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа, ізденпаздыққа, жинаққылыққа, салауаттылыққа, әріпті көркем жазуға тәрбиелеу. Төрт түлік туралы ұғым беру, және білгендерін сұрау, сөз таптарын дұрыс меңгерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, слайд, тест карточкалар .

Қой суреті.



Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика, қазақ тілі.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру, психологиялық дайындық.

I I Үй тапсырмасы Қайталау.

Балалар біз үй тапсырмасын қайталау арқылы мына тесттерді орындайық.

Тест

Бағалау:

«5» - 0 қате

«4» - 1 қате

«3» -2 қате

«2» - 3-4 қате

Тест дұрыс жауаптары:


  1. а) ә) + б)

  2. а) + ә) б)

  3. а) ә) + б)

  4. а) ә) + б)

  5. а) + ә) б)

  6. а) ә) + б)

Ал, балалар биыл қандай жылды күтіп алды? Қой жылын күтіп алып, жылқы жылын шығарып салдық. Қой, жылқы қандай жануар? Үй жануары.

Тағы қандай үй жануарларын білесіңдер?



Сиыр, түйе, ешкі, қой, жылқы. Бұларды бір сөзбен айтқанда не дейміз?

Төрт түлік мал дейміз. Төрт түлік туралы кім қандай мақал-мәтелдер, тақпақтар, тыйым сөздер айтады?





ІІІ Жаңа сабақ Сөз таптары

Бұл не?


Атауы: қой Қимылы: өріске жайылады
Саны : біреу Түсі: ақ
Балалар, біз малдың атын білдік. Санын білдік.

1) оқушыны тақтаға шығарып Түсін білдік. 2) Бұл кім? (оқушы, бала т.б) Қимылын білдік. 3) Қандай бала? (тәртіпті бала, үлгілі бала)

4) Неше бала? (бір бала)

Бала не істеді? (кітап оқиды)

Адам аттарына кім? кімдер? деген сұрақтар қойылады.

Олай болса балалар, Сөздер мағынасына қарай бірнеше сөз таптарына бөлінеді. Зат есім, етістік, сын есім, сан есім- сөз таптары.

Ауылдық жерде мал шаруашылығымен айналысады. Мал шаруашылығы жақсы дамыған. 312-жаттығуды орындайық. Сөздерді оқы. Оларға сұрақ қой.

Сөз таптарын талдау.



Кім? Не? Не істеді? Қандай? Қанша?

Ата үй жазды көк отыз

Жазушы күн шықты үлкен екі

Адам доп шықты дөңгелек қырық



ІҮ Сөз ойла, тез ойла!

Мына әріптерден соз ойлап табу және ойыншықтар арқылы малдың төлдерін ажырату.

К, т, и, с, л, ы, р,ү, й, е, ж, қ, ш ,о.

4 түліктің пірлері:

Түйе бота Ойсыл қара

Қой қозы Шопан ата

Ешкі лақ Сексек ата

Сиыр бұзау Зеңгі баба

Жылқы құлын Қамбар ата

313-жаттығуды орындайық. Жұмбақты оқып, жатқа жазу. Әрбір сөздің жазылуына, тыныс белгілеріне назар аударайық.

Торы тай Табанында төрт ай (Таға)

Зат есім: тай, таға.

Сан есім: төрт .

Сын есім: торы.



Ү Сергіту сәті «Қара жорға» биі.

315-жаттығуды орындайық.

Бірінші бағандағы көп нүктенің орнына заттың сынын, екінші бағандағы көп нүктенің орнына заттың қимылын, үшінші бағандағы көп нүктенің орнына заттың санын білдіретін сөздер тауып жаз. Неліктен сол сөзді жазғаныңды дәлелде.

Қызыл Бояу сиыр мөңіреді үш дәптер

Аласа Үй қар еріді екі қалам

Таза Ауа құс ұшты үш сызғыш



Қосымша жаттығу. Сызба арқылы қосу.

  1. Атауы: Зат есім Үй жануары

  2. Қайтеді? Етістік Төлдейді , көбейеді, дыбыстайды

  3. Қандай? Сын есім Түсі, пішіні, т.б

  4. Ойды білдіреді: Мал – баққандікі Отын шапқандікі.

  5. Синоним сөзі: мал.

Ү Қорытындылау

Топтастыру арқылы

зат есім


сын есім зат есім

сан есім етістік


Нені үйрендік? Не білдік? Сөз таптары қайсылар? Зат есім дегеніміз не? Етістік ,Сан есім, Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?

Міне, балалар біз 4 түлік мал туралы көп нәрселерді ұқтық. 4 түліктің пайдасын білдік. Оның пайдасын көру үшін, көп еңбектену керек. Малды дұрыс күтпесе бізге ол сүт те, ет те жақсы тері, жүнде бермейді. «Малды бақсаң, мал сені де бағады» -деп бекер айтылмаған. Сондықтан 4 түлікті құрметтеп, жақсы қарап, бағып, өсіруіміз керек.



ҮІ Бағалау

ҮІІ Үйге тапсырма: 314-жаттығу. Сөз таптары. Зат есім
Каталог: uploads -> doc -> 00aa
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
00aa -> Оқу жылына арналған даму жоспары Өзекті мәселесі
00aa -> Сабақтың тақырыбы: Ежелгі қалалар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет