Семинар ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы экономикалық жағдай қандай дәрежеде болды?


Алаш қозғалысы қай кезеңнен бастау алады және қозғалыс жетекшілерінің мақсаты қандай және қандай әдістерге сүйенді?



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі19,16 Kb.
#83021
түріСеминар
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 бекиту сурактар

4 Алаш қозғалысы қай кезеңнен бастау алады және қозғалыс жетекшілерінің мақсаты қандай және қандай әдістерге сүйенді?
Алаш қозғалысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында Ресейлік басқару жүйесінің күшейе түсуі, Ресейден көшіп келушілердің күрт артуы, қазақтардың құнарлы жерлерден ығыстырылуы бел ала бастады. Ендігі жерде қазақ халқының өзін-өзі сақтап қалуы үшін күресті күшейту мәселесі туындады. Бірақ енді зардабы көп қарулы көтеріліс жолымен емес, ұтымды саяси жолмен күрес жүргізу қажет еді. Осылайша Бірінші орыс төңкерісі жолдарында қазақ халқының мүддесі үшін күресті бастаған қазақ зиялыларның әрекеттері кейініректегі Алаш қозғалысының бастамасы болды.Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов жетекшілігімен ұлттық зиялылар ұлт азаттығы үшін саяси күрес жолдарын меңгере бастады. Олар түрлі қозғалыстарға қатысып, үгіт-насихат жұмыстары үшін газеттер, кітаптар шығаруды жолға қойды. 1911 жылдан «Айқап» журналы, 1913 жылдан «Қазақ», артынша «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ақжол» газеттері ұлт-азаттық күрес жолын айқындауға қызмет етті. Алаш қозғалысы- қазақ елінің өзін- өзі басқару және біртіндеп дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне қоныс аударуға шек қою, адам құқын қадір тұту, экономиканы дамыту, қазақ тілінің беделін арттыру жолындағы күресті басты мақсат етті. Алаш қозғалысы арқасында 1917 жылы қазақ комитеттері, Түркістан автономиясы және Алашорда үкіметі құрылды. 1917 жылыпайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылды. Алаш қозғалысының барлық жақтаушылары қуған-сүргінге ұшыратылып, өлім жазасына кесілді. Бірақ Алаш қозғалысынан басталған ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Одан кейін ұлт-азаттық жаңа сипатта Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, С.Спандияров, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев сынды зиялылар қызметінде жалғасын тапты. Алайда тоталитарлық билік оларды Алаш қозғалысы ізбасарлары ретінде жаппай жазалады. Сөйтіп, Бірінші орыс төңкерісінен бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30-жылдарға дейін жалғасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет