23. Жеке құрам бойынша бұйрықтар қандай жағдайларға байланысты шығарылады?
Бұйрық – басшының мекемені басқарудың барысында, алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық т.б. мәселелерді шешу мақсатында беретін, қарамағындағылар орындауға тиісті ісқағаздарының бір түрі.
Мазмұны жағынан бұйрықтар 2 топқа бөлінеді:
- Мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты.
- Жеке құрамға байланысты.
Азаматтарды жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, басқа жұмысқа ауыстыру т.б. сияқты мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар жеке құрам бойынша бұйрық деп аталады. Яғни азаматтарды жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, басқа жұмысқа ауыстыру т.б. сияқты мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар жатады. Жеке құрам бойынша бұйрықтар кадрлар бөлімінде дайындалады. Жеке құрам бойынша бұйрықтарда оның cебебі көрсетіледі.
Жеке құрам бойынша бұйрықтар кадрлар бөлімінде дайындалады.
Жеке құрам бойынша бұйрықтарда оның cебебі көрсетіледі. Мысалы:
Зейнеткерлікке шығуына байланысты
Басқа жұмысқа ауысуына байланысты
Кәсіпорынның жойылуына байланысты
Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты
Өз өтініші бойынша
Бала күтімі үшін демалыс алуына байланысты
Еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігіне байланысты
Ресми сапарға кетуіне байланысты
Себепсіз жұмыстан қалуына байланысты
Айрықша жұмыс жағдайлары үшін.
Мекеменің негізгі қызмет бойынша бұйрықтар жеке құрам бойынша бұйрықтардан бөлек нөмірленіп, жеке жүргізіледі.
24. Бұрыштама жазу үшін қолданылатын сөздер туралы баяндаңыз
Бұрыштама – келіп түскен іс қағаздарының бұрышына жазатын мекеме басшысының қысқаша нұсқауы.Бұрыштама құжаттың бірінші бетінің жоғары жағына жазылады. Брошюра түріндегі құжаттардың мұқабасына жазылады. Онда нұсқауды орындауға тиіс адам мен орындалу мерзімі анық көрсетілуі керек.Не істеу керектігі нақты көрсетілуі тиіс. Бұрыштама соңына күні жазылып, басшы қолы қойылады немесе тегі жазылады.
Бұрыштама жазу үшін қолданылатын сөздер
қаралсын – рассмотреть
талқылансын – обсудить
бекітілсін – утвердить
тапсырылсын – поручить
баяндалсын –доложить
комисссия құрылсын – создать комиссию
ұсыныстар даярлансын – подготовить предложения
қатаң бақылауға алынсын – взять под жесткий контроль
бақылауға алыңыз – возьмите под контроль
жұмыс жоспарына қосыңыз – включите в план работы
тиісті өзгерістер енгізіңіз – внести соответствующие изменения
бұйрыққа қосыңыз – в приказ
рұқсат беріңіз – дайте разрешение
зерделеу үшін (оқып-үйрену үшін) – для изучения
орындау үшін – для исполнения
танысу үшін – для ознакомления
мәлімет үшін – для сведения
басшылыққа алу және орындау үшін – к руководству и исполнению
сұрау салуға – к запросу
қарауға – на рассмотрение
қарсы емеспін – не возражаю
мүдделі қызметтерге хабарлансын – обьявить заинтересованным службам
жұмыс ұйымдастырылсын – организовать работу
іссапарға жіберілсін – откомандировать (прикомандировать)
ақпарат дайындалсын – подготовить информацию
өтініш иесіне жауап әзірлеңіз – подготовьте ответ заявителю
бұйрықтың жобасын әзірлеңіз – подготовьте проект приказа
тексеру нәтижелері бойынша жауап әзірлеңіз – по результатам проверки подготовьте ответ
барлық құжаттар бұйрыққа сәйкестендірілсін – приведите в соответствие с приказом все документы
жедел кеңеске материалдар әзірленсін – подготовить материалы к оперативному совещанию
25. Баспа құралдарының көмегімен дайындалатын құжаттарға қойылатын талаптары туралы баяндаңыз.
Құжат мәтіні А4 және А5 пішінді бланкіде компьютер техникасының құрылғылары көмегімен мөлшері 14 Аrial немесе Тіmеs New Roman харіптерімен жоларалық бір интервалда басылады. Кейбір жағдайларда харіп мөлшері мен жоларалық интервал басқаша болуы да мүмкін.
Басылымға дайындалатын құжат мәтіні жоларалық екі интервалмен басылады.
Жазу машинкасында құжат мәтіні А4 пішінді бланкіде жоларалық бір жарым интервалмен, А5 пішінді бланкіде - жоларалық бір интервалмен басылады.
Құжат мәтiнiн басқан кезде тыныс белгілерінен кейін аралық орын қалдырылады. Цифрлық тәсiлмен ресiмделген құжатта уақыт элементтерiн бөлетiн нүктеден кейiн аралық орын қалдырылмайды.
Құжаттың бірнеше жолдан тұратын деректемелері жоларалық бiр интервалмен басылады. "Хат алушы", "бекiту белгiсi" және "келiсу белгiсi" деректемелерiндегi мекен-жай, "БЕКІТЕМІН" ("БЕКІТІЛДІ", "БЕКІТІЛГЕН") және "КЕЛІСІЛДІ" ("КЕЛIСКЕН", "КЕЛIСIЛГЕН") сөздері басқа құрамдас элементтерiнен жоларалық екi интервалда (компьютерлік техниканың баспа құрылғыларында) және жоларалық бір жарым интервалда (жазу машинкасында) бөлектенеді.
Құжатты нөлдік белгіден ресімдеген кезде мәтіндік жиектің сол жақ шегiнен мынандай деректемелер басылады:
1) жоғары тұрған органның ресми атауы;
2) ұйымның ресми атауы;
3) құжаттың жасалған немесе басып шығарылған жерi;
4) қосымшаның бар-жоғы туралы белгі;
5) қойылған қолы;
6) келісу белгісі;
7) келісу бұрыштамасы;
8) орындаушы туралы белгі;
9) құжаттың орындалғаны және оның іске жіберілгені туралы белгі;
10) құжаттың электрондық көшірмесінің идентификаторы (сәйкестендiргiшi).
Мәтiндегi "ТЫҢДАЛДЫ", "СӨЗ СӨЙЛЕДІ", "ШЕШТІ", "ҚАУЛЫ ЕТТІ", "БҰЙЫРАМЫН" және тағы басқа сөздер осы үлгiде орналасады.
Құжат түрінің атауы, құжаттың тіркеу нөмірі және мәтінге қойылған тақырып ортаға қарай теңестіріледі.
Құжат мәтінінiң бірінші жолы абзацтан басылады. Абзац мәтiндiк жиектiң сол жағынан бес баспа белгiсiнен кейін басталады.
Мәтіндік жиектің оң жағына мынандай деректемелер басылады:
1) құжаттың уақыты;
2) құжатқа қол жеткiзудi шектеу белгісі;
3) адрес;
4) бекіту белгісі;
Қалған деректемелерді, сондай-ақ бланкіде ресімделген құжат деректемелерін басудың басталу және аяқталу ретi олардың құжат бланкiсiндегi белгіленген орындарына қарай анықталады
Достарыңызбен бөлісу: |