Оқушылар жобасының сипаттамалары:
оның нақты нәтиже алуға бағытталғаны;
күтілетін нәтижелердің алдын-ала эскиз, сұлба ретінде белгіленуі, белгілі
бір деңгейде нақтылануы және детальдары анықталады;
орындалу мезгілі нақтылануы;
нәтижені алуға бағытталған іс - әрекеттердің алдын – ала жоспарлануы;
бағдарламасы жасалуы – жобаның жалпы өнімін алуды қамтамасыз ететін түрлі әрекеттердің белгілі бір мерзімде орындалатын нәтижелері анықталуы; жоспарлануы;
жобалау әрекеттерін орындау барысында оның кезеңдері бойынша мониторинг жасалып, түзетулер жүргізіліп отыруы;
жобалаудың қорытынды өнімін ала отырып, оны жоспарланған бастапқы жағдайға байланысты талдау, сәйкестендіру, одан арғы жұмыстарды жағдайға сай жоспарлау;
Жобалау типтері. Білім беру құралдары ретінде қолданылатын жобаларды бірнеше типке бөле аламыз. Мысалы, оқу пәндеріне сай типке бөлу, тәрбиелік, немесе әдістемелік т.б. жобалар.
Жалпы алғанда жобалар моножоба (бір пән аумағында), полижоба (пәндер аралық), пәннен тыс (сабақтан тыс) жобалар т.б. Осы бағытта қарастырсақ білім беру жобалары, тәрбие жобалары деп те бөлінеді.
Жобаның басты белгісі – оның ұзақтығы. Жобалар қысқа мерзімге (мысалы, бір аптаға дейін), орта мерзімді (бір айға дейін), ұзақ мерзімдік (1 тоқсаннан бастап – жарты жылға дейін). Одан ұзаққа созылатын жобаларды да жоққа шығаруға болмайды. Ұзақ мерзімді жобалар бірнеше кезеңге бөлініп, әр кезең өз алдына бөлек жоба бола алады.
Жобаның қатысушыларына қарап та оны типтерге бөлуге болады: топтық, жеке, ішкі топтар, кіші топтармен орындалатын жобалар.Жобалауға қатысушылар соны 12 – ден асса, олар кіші топтарға бөлуге болады. Сондай – ақ, топтар туралы өзгеріп отыратын немесе құрамы өзгермей отыратын деп те бөлінеді. Өзгермелі құрамды топтар арнайы да ұйымдастырылады, оның құрамы белгілі бір кезеңдер үшін ғана құрылуы мүмкін.
Басқару түріне байланысты жобалар педагогтың тікелей басқарумен орындалатын, немесе педагог кеңес берушілік қызмет қана атқаратын жобалар болып та бөлінеді.
Жобаларды дифференциялаудың тағы бір түрі – жобалау әрекетінің түрлері. Мысалы, жобалар зерттеушілік немесе қолданбалы да болып бөлінеді. Сондай – ақ, шығармашылық, тәжірибелік болып та бөлуге болады.
Жобалауды типтерге бөлу неліктен қажет? Әрине, тұрақты типтік түрлері болмаған соң оларды типке бөлмесе де болар еді. Жобалау әрекеті ұйымдастыруда да, орындауда да типтерге бөле аламыз. Мысалы, жоспарлау арқылы жобаның соңғы кезеңінде оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеттері артатынын ескере отырып, оқушының жобалаудың барлық кезеңдерінен өтуін қадағалауға болады.Сондай – ақ, жобалау типтеріне сүйене отырып, педагогтың тікелей жетекшілік ететін жобаларынан – кеңес берушілік роліне өтуге, сол арқылы қатысушылардың субъектілігін арттыру амалдарын жүзеге асыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |