Сұрақтар мен тапсырмалар
Жобалау әрекетіндегі топтық коммуникацияның ролі
Жасөспірімдер үшін топтық қатынастың маңызы
Оқушылардың топпен жұмыс істеу қабілетінің көрсеткіштері
Білім беру үрдісіне қатысушылардың қарым – қатынас түрлері
Оқушылар арасындағы, топтағы қарым – қатынас
Топтық коммуникацияны ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі
Жобалау – топтық қарым – қатынас белсенділігін арттыру құралы ретінде
Топтық қарым – қатынасты қалыптастыру мен дамыту
Оқушыларды жоба жасау үшін топтарға бөлудің жолдарын өз бетіңізбен құрастырып көріңіз. Онда қандай принциптерді ұстануға болатынын түсіндіріңіз.
12-дәріс. Оқытудағы жобалау әрекеті барысында оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру
Білім берудегі жобалау әрекеті арқылы оқушылардың түрлі қабілеттілік сапалары мен құзыреттіліктері артатыны – олардың ақпаратта ала білуі, оны сұрыптай және өңдей отырып пайдалана білуі, өз бетімен және топпен жұмыс істеу, тұлғааралық қарым – қатынасты ұйымдастыру, проблеманы анықтай алу мен оны шеше білу, т.б. дағдылары қалыптасатын белгілі.
«Қазақстан Республикасындағы білім беруді 2011 - 2020 жылдарға дейінгі дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында» білім берудің жаңа нәтижелері ретінде білім алушылардың құзыреттіктерін қалыптастыру деп белгіленіп отыр. Сондай - ақ құзыреттілікке бағытталған Жалпы орта білім беру стандартында орта білім беру мақсаты – «білім алушылардың түйінді және пәндік құзыреттерін қалыптастыру арқылы олардың танымдық қабылеттерін, алған білімдерін оқу және өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалана алуын, өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруын қамтамасыз ету» деп сипатталған. Онда әр білім саласы бойынша түйінді және пәндік құзыреттерді кіріктіру арқылы күтілетін нәтижелерді анықтау қажеттігі» және «түйінді құзыреттер әр білім саласының алатын орнына сәйкес пәнаралық сипаттағы қабілеттер ретінде алдымен оқу пәндері арқылы қалыптасып, дамитыны» атап өтіліп, түйінді құзыреттерге: ақпараттық, коммуникативтік, проблемалардың шешімін табу құзыреттері жатады делінген.
Достарыңызбен бөлісу: |