Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар.
Жобалаудың жинақталған субъектілер саласы үшін қандай ерекшеліктері бар?
мәдени коммуникацияны психологиялық қамтамасыз етудің мәні неде?
жобалау субъектісі бар кеңістікте неліктен авторлық құқық мәселесі бар?
Әдебиеттер.
Негізгі:
1. Дитрих Я. Проектирование и конструирование: Системный подход / Пер. с польск. - М., 1981.
2. Заир-Бек Е. С. Основы педагогического проектирования. - СПб., 1995.
3. Ильин Г. Л. Проективное образование и реформация науки. - М., 1993.
Қосымша:
1. Педагогические основы проектирования образовательных систем нового вида. - СПб., 1995.
2. Колесникова И. А. Основы технологической культуры педагога. - М.; СПб., 2003.
3. Проектирование профессионального педагогического образования / В. А. Болотов, Е. И. Исаев, В. И. Слободчиков, Н. А. Шайденко // Педагогика. — 1997. — № 12.
4-семинар. Педагогикалық жобалау және басқару. Жобалаудың білім берудің жаңа нәтижелерін қалыптастырудағы рөлі.
4.1. Педагогикалық жобалау және басқару
Педагогикалық жобалау білім берудегі белгілі бір жүйенің (басқару, оқыту, тәрбиелеу, зерттеу, әдістемелік, т.б.) осы кездегі жағдайымен салыстырғанда жобаланып отырған болашақ жағдайының тиімділігін ұғыну, оны жоба ретінде ұйымдастыру және жүзеге асыруды көздейді. Бұл жерде жобалау қызметіне даму қадамдарын орындаушы «белсенді агент» позициясы беріледі және ол белгілі бір мақсаттық – құндылықтық ұстанымдары негізінде күтілетін нәтижені орындаудың жолдарын белгілейді, басқарады, ұйымдастырады, бағалайды.
Педагогикалық жобалау нысандарын И.А.Колесникова білім беру ұйымын басқарудағы жобалау, оқу-тәрбие жүйесін басқарудағы жобалау, қоғамдық басқаруды жобалау деп анықтайды. Жобалау барысында пайда болатын өнімнің, нысанның нәтижесіне, қолданылуына байланысты білім беру жобалары тұжырымдамалық, мазмұндық, технологиялық және процессуалдық деңгейлерде жүзеге асырылады.
Жүйе құрамындағы басқарушы және басқарылушы компоненттердің өзара қатынастары мен жүйенің өзін өзі дамыту ресурстарын тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа сәйкес күтілетін нәтижелерін қамтамасыз етудің тиімді механизмі – басқарудағы жобалау болып табылады.
Басқарудағы жобалау білім беру саласын жаңартатын, оқыту мен тәрбие үрдісін үшін жаңа жағдайлар жасай алатын көпфункционалдық педагогикалық процесті басқару қызметі ретінде қарастырылуда. Жобалаудың білім берудегі қызметін анықтауда жоғарыда келтірген зерттеушілер пікірлеріне сүйене отырып, зерттеушілік, талдаушылық, жобалаушылық, жаңартушылық, нормалаушылық, құрастырушылық, т.б. көптеген сипаттағы мәндерін белгілей аламыз.
Педагогикалық жүйелерді басқарудағы жобалау білім беру процесінің синергетикалық заңдылыққа сәйкес өзін – өзі дамыту әрекеттерін қолдайтын құндылықтар мен мақсаттарға негізделуі тиіс. Педагогикалық жүйелер жобалау қызметін қолдануға болатын әлеуметтік жүйелердің ішіндегі ықпал ету мүмкіндігі мол құрылым, өйткені, жобалау қызметі негізінде білім беру жүйесінің өзін дамытумен қатар, қоғамдық – саяси, мәдени, экономикалық салалардағы оң өзгерістерді жүзеге асыруға болады.
Білім беру ұйымын басқарудағы жобалау. Педагогикалық жүйелердің басқа да әлеуметтік жүйелер сияқты білім беру ұйымның нәтижелігі мен тиімділігі оның құрылымдық, ақпараттық әлеуеттерінің, ресурстарының тиісті деңгейде қамтамасыз етіліп отыруынан ғана емес, ең бастысы, ұйымды басқарудың ұтымды жүйесін құрастырудан және оны үнемі жетілдіріп, әрі дамытып отырудан болады.
Қоғам дамуындағы қайта құрулар білім жүйесіндегі өзгерістердің, оны басқарудың жаңа сипаттарын қалыптастырудың алғы шарттары болады. Мысалы, Ф.Кумбс «білім беру жүйесі дағдарыс үстінде, оның әкімшілікке негізделген құрылымы одан шығу жолдарын ұсына алмайды, өйткені бұл құрылым баяғы заманнан бері бері өзгерген жоқ. Сондықтан, оның жай дамуы бұдан бұрынғы білім мен сол кездегі қоғам туғызған қарапайым міндеттерге сай болғанымен, бүгінгі қоғамның жаңа талаптарын орындауға дайын еместігін көрсетеді. Ол - білім беруді жаңаша ұйымдастыру, оған сыни көзқараспен қарау және жаңалықтарды белсенді ендіруді жүзеге асыруға есептелмеген құрылым» деп атап көрсеткен.
Жүйелерді ұйымдастырушылық дамытудың логикасына сай педагогикалық жүйелер өз құрамындағыбелгілі бір кіші жүйелерден тұратын болғаннан кейін оны дамыту мақсатты, мазмұнды және әдістерді өзгертуді көздейді. Сонымен қатар, басқару процесі барлық білім беру деңгейлерін қамтитын болғаннан кейін сол жүйелердің әрқайсысын дамытуды көздейтін басқару міндеттері қойылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |