Жаңа білім беру стандарттарына көшуді ұйымдастыру: Оқу жоспарының варианттарын таңдау.
Пәнаралық нәтижелерге бағытталған жұмыс жоспарларын құрастыру.
Оқу үрдісін жоспарлау.
Оқу тәртібін белгілеу.
Сабақ кестесін жасау.
Білім беру технологияларына өзгерістер енгізу.
Оқулықтардың пәндік -әдістемелік түрлерін таңдау.
Бейіндік оқытуды ендіру.
Желілік қарым – қатынасты орнату.
Элективтік таңдау және факультативтік курстарды таңдау және мазмұнын құрастыру.
Білім беру үрдісін жаңаша ұйымдастыру: Білім алушылардың қорытынды және аралық бақылау жүйелеріне өзгерістер енгізу.
Ұлттық бірыңғай тестілеуге даярлау.
Пәндік және метапәндік нәтижелерді бағалау.
Функциональдық сауаттылық пен түйінді құзіреттіліктерді бағалау.
Білім беру үрдісінің мектепішілік сапалық көрсеткіштерін анықтау.
Мектептің жаңаша ұйымдастырылу сапасы: Жаңа қарым - қатынас нормалары.
Білім берудің әртүрлі жүйелерінің орынды пайдаланылуы ( өз бетімен білім алу, қосымша білім беру, шығармашылық тәжірибелер, т.б.).
Өзін - өзі басқару ұйымдары.
педагогикалық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің үйлесімді сақталуы.
Педагогикалық және әлеуметтік бастамаларды қолдау.Әлеуметтік жобалау.
Білім берудің нәтижелеріне қоғамдық сараптама жасалуы және мектептің қоғамдық аттастациялаудан өтуі.
Мектептегі білім беру ортасы Басқа мекемелерімен - мектепке дейінгі білім беру, қосымша білім беру, кәсіптік білім беру мекемелерімен, мәдениет және спорттық ұйымдармен өзара байланысы.
Ата- аналармен педагогикалық серіктестік тұрғысындағы қарым- қатынасы.
Қоғамды ұйымдармен қарым- қатынасы.
Мемлекеттік мекемелермен және түрлі меншік иелеріндегі өнеркәсіптермен, мекемелермен қарым- қатынасы.
5. Педагогтарды инновациялық міндеттерін орындауға даярлау Педагогикалық мақсат қою жүйесін басқару.
Кәсіби жетілдірудің түрлері мен әдістері.
Педагогтардың құзыреттілігін дамыту бағдарламасы.
Педагогтарды құзыреттілігін дамытуға ынталандыру.
Педагогикалық ұйым мүшелерінің өзара қарым - қатынастары.
Даму бағдарламасын құрастыру бірнеше кезеңдерден тұрады:
Бірінші кезең: білім беру нәтижелерін бағалау кезеңі. Басқарудың теориялық моделі білім беруді жаңартуды қол жеткен білім беру нәтижелеріне талдау жасаудан, оларды білім берудің жаңа нәтижелеріне жету үшін қойылған мақсатпен салыстырудан бастау тұрғысынан қарастырады. Бұндай баға беруді педагогтар мен білім алушылар, ата – аналар арасында жүргізілген сауалнамалар қорытындаларын, қоғамдық сараптама мен қоғамдық аттестациялау қорытындаларын жинақтау негізінде ұйымдастыруға болады. Білім беру нәтижелерін бағалау бір жолғы жүргізілетін үрдіс болмауы да мүмкін, оның ұзағырақ мерзімді қамтуы, оның ішінде білім беру үрдісі субъектілерінің мақсат қоюшылық технологиясын дамыту, білім беру мақсатын қайта қарастыру кезеңдері ретінде жүргізілуі мүмкін.
Білім беру нәтижелерін бағалауды тақырыптық семинарлар, тренингтер, конференциялар, педагогикалық кеңестер, әдістемелік кеңестер түрінде өткізіп, оларда нәтижелердің алуан түрлері талдауға болады. Бұл шаралардың алдында міндетті түрде ақпараттарды талдау әдістері, оларды жинақтау мен талдау жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Екінші кезең: жобалау кезеңі Бұл кезеңде білім беру бағдарламаларыны нұсқаларын таңдау жүзеге асырылады. Нұсқаларды таңдау еліміздегі білім беру сапасын арттыруды көздейтін нормативтік құжаттарға, білім беру үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктеріне, ұйымдастырылу мәдениетіне, педагогтар кәсібилігіне қатысты жүргізіледі. Онда білім беру нәтижелерін көтерудің түрлі жолдары мен әдістері, түрлі білім мекемелерінде жүргізілген тәжірибелік, инновациялық жұмыстар қорытындалары, ғылыми және әдістемелік әдебиеттердегі теориялық және практикалық зерттеулер туралы ақпараттар мен мәліметтер жинақтау және талдау жасалады. Аталған бірінші және екінші кезеңдердегі бағдарлама мазмұны орындалу мерзімі бойынша аралас келуі де, ұжымның аналитикалық – талдау түрінде жүзеге асырылатын кәсіби деңгейін көтеруге бағыталған бағдарлама ретінде де қарастырыла алады.
Бұл жұмыстардың қорытындалары ретінде білім беру нәтижелерін көтерудің түрлі жолдары мен әдістері туралы мәліметтер жинақтары жасалады.
Келесі қадам болуы мүмкін өзгерістердің жобалық матрицаларын құрастыру. Бұндай матрицаларды өзгерістер жасалатын әрекеттің әрбір бағыты үшін жасаған дұрыс болады. Нұсқаларды таңдаудың критерийлері ретінде қол жеткен нәтижелерді бағалау, білім беру жүйесінің әлеуеті, басқару стратегиясының моделі (дәстүрлі, иннвациялық, эксперименттік). Осылардың қорытындысы бойынша бірнеше бағыттарды матрицалар құрастыруға болады. Олар: білім беру үрдісі, мектептің ұйымдастырылу мәдениеті, білім беру ортасы, педагогтардың әлеуетіне қатысты.
Матрицаларды құрастыру үрдістер сипатында болып, ұжымды білім беруді жаңарту бағдарламасын орындауға даярлау кезеңінен тұрады, ол үшін инновациялық бағыттарды ендіру үшін арнайы даярланған топ құрылады.
Үшінші кезең: модельдеу кезеңі Бұл кезеңде мектептің білім беру жүйесіндегі өзгерістердің бөлек – бөлек матрицаларын өзара келісімге келтіру нақты жобалар құрып, олардың орындалу кезеңдері анықталады.
Осы кезеңге дейін мектептің білім беру жүйесінде болатын барлық өзгерістердің негізгі бағыттары анықталады, ұжымның білім беру нәтижелерін көтеру бағдарламасын орындауға даярлағы қамтамасыз етіледі. Даярлықтың шарты ұжымның стратегиялық әрекеттерінің нақтылануы, мектептің перспективалық даму бағдарламасының құрастырылуы болып табылады. Бұндай бағдарламаны орындаудағы жетекші элемент ретінде жобалау тобын қалыптастыру және жеке бағыттарды орындауға жауапты адамдарды тағайындау есептеледі. Бағдарламаны орындау алдында оны басқарудың жағдайлары жасалады. Олар, білім беру жүйесінің барлық элементтеріндегі өзгерістерді құқықтық қолдауды қамтамасыз ететін жекелеген нормативтік актілерді жасаудан тұрады. Бағдарламаның басталуы алдында оның орындалуын бақылау түрлері белгіленеді және оны білім беру үрдісі субъектілеріне таныстыру технологиялары анықталады.
Ұйымның даму бағдарламасын жасаудың негізгі мәнісі білім беру ұйымының жалпы әлеуетіне баға беру, сонымен қатар, оны көтеру мүмкіндіктерін анықтау және жүзеге асыру шараларын белгілеу болып табылады. Соған сай, оның әлеуеті өзі жете алатын, жетуге болатын білім нәтижелерімен және қолда бар ресурстарымен айқындалады. Ресурстармен қамтамасыз етілу деңгейі білім саласындағы жалпы саясатқа, білім беру ұйымының орналасқан жеріне (ауыл, аудан, қала), сонымен қатар, білім беру ұйымының өзіне, оның қажет ресурстарды тарта білу қабілетіне де байланысты болып келеді.
Бағдарлама білім беру ұйымының өзінде бар мүмкіндіктерге сай даму бағытында өзгерістерді енгізудің, ресурспен қамтамасыз етілудегі өзгерістердің, қолда бар ресурстарды пайдаланудағы өзгерістердің жоспарлануын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық жүйені дамытуды жобалар көбінесе даму бағдарламасының бір бөлігі ретінде де, немесе, өз алдына дербес те жүзеге асырыла алады. Бұлардың қайсысын алсақ та, педагогикалық жүйенің проблемаларын анықтау, оның құрылымдары мен компоненттерін мақсатты түрде дамытуды, ондағы негізгі процестерге өзгерістер енгізуді көздейді. Бұл өзгерістер «қалыптасқан жүйені күтілетін жүйеге сәйкестендіру үшін іс жүзіндегі жүйенің белгілі бір қызметін өзгертіп, оны күтілетін жүйе деңгейіне жеткізетін жаңа сипатты жүйе құрастыру, іс жүзіндегі жүйеден күтілетін жүйеге өту процесін жоспарлау және шешімді жүзеге асыру» логикасында жүзеге асырылады.
Қорыта келе, басқарудағы мақсаттық - бағдарлы жобалау технологиясы жүйенің өзіндік ұйымдастырушылық қабілеті оның құрамындағы субъектілік компоненттердің өз бетімен білім алуы мен өзін өзі дамыту сапаларын педагогикалық жүйелерді дамытуға жұмылдыра алады, сонымен қатар, аталған сапалар жүйе қызметінің басты мақсаты болып табылады.