Семинар жүргізуші оқытушының аты жөні: аға оқытушы Рамазанова Самал Амиргалиевна


-семинар. Педагогикалық ұжымның даму бағдармаласын жобалау технологиясы



бет81/200
Дата11.10.2023
өлшемі2,65 Mb.
#184801
түріСеминар
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   200
Байланысты:
ББ аймағ.жобалау

7-семинар. Педагогикалық ұжымның даму бағдармаласын жобалау технологиясы
Жобалау әрекетінің нәтижесі мақсаттық - бағдарлы жобалармен қатар ұйымның даму бағдарламалары түрінде де жасалады. Оның құрылымы негізінен жобалардың құрылымына өте ұқсас келеді, бірақ мазмұны мен түрі жағынан айырмашылықтары бар.
Аталған бағдарламаны жүйелілік тұрғыдан құрастыру жоспарланған нәтиже мен оған жету жолдарының арасындағы өзара байланыстың болуын көздейді. Даму бағдарламалары төмендегі мазмұнда құрастырылды:

  • Бағдарлама мақсаты мен құрылымдық логикасын анықтау;

  • Білім беру ұйымының, педагогикалық процестің проблемаларын диагностикалау жолдарын анықтау;

  • Білім беру ұйымының, педагогикалық процестің күтілетін жаңа сапасын белгілеу;

  • Оған жету жолдарын анықтау;

  • Білім беру ұйымының, педагогикалық процестің дамуын басқарудағы мақсатты нақтылау;

  • Оны орындаудың нақты іс -әрекеттер жоспарын жасау;

  • Бағдарлама құрастырушылар тобын анықтау;

  • Бағдарламаны жүзеге асыруды басқаруды жоспарлау;

  • Бағдарламаның орындалуын көрсететін индикаторларды белгілеу.

Бағдарлама құрастыру жұмысының нәтижесі – құжат ретіндегі даму бағдарламасын мәтіні. Оны құрастырудың өзіндік талаптары болады: құжатты оқитын, пайдаланатын, оның орындалуы мен реттелуін қадағалайтын адамдарды анықтау, сол арқылы құжаттың жазылу стилі, құрылымы, саны, сақталатын орны анықталады; құжаттың бекітілу деңгейін анықтау, мысалы, педагогикалық кеңес, басқару кеңесі, жалпы жиналыс, білім басқармасы т.б.; бағдарлама негізіне жасалатын құжаттарды белгілеу, мысалы, жылдық жоспарлар, құрылымдар жоспарлары, кейбір нормативтік құжаттар.
Бағдарламаның құрылымы оның идеясын, мақсатын, таңдаған даму бағдарын көрсетеді, сонымен қатар, төмендегі міндеттерді орындайды:

  • бағдарламаның кімге арналғаны анықталады;

  • білім беру ұйымының даму тұжырымдамасы нақтыланады;

  • білім беру ұйымының жетістіктері талданып, проблемалары айқындалады;

  • білім беру ұйымы дамуының ішкі ресурстарына баға беріледі;

  • бағдарламаның теориялық негіздері қарастырылады;

  • білім беру ұйымы қызметінің басым мақсаттары мен даму жолдары анықталады;

  • даму міндеттеріне сәйкес жобалар құрастырылады;

  • бағдарламаны орындау кестесі жасалады;

  • бағдарлама жобасы сараптаудан өткізіледі.

Сонымен қатар, жобалардағыдай, даму бағдарламасында төмендегідей мағлұматтар берілуі талап етілді: педагогикалық ұжымның сол кезеңде кол жеткен нәтижелері туралы; одан жоғары нәтижелерге жетудің мүмкіндіктері туралы; жоғары нәтижелерге жетудегі кедергілерді анықтау және оны болдырмауға қажет ресурстар туралы.
Бағдарламаны жүзеге асыру бірнеше жылдарды қамтитын болғандықтан, оның аралық орындалу кезеңдері белгіленді, әдетте оқу жылдарын кезең ретінде алып отыру қолайлы деп есептеледі. Бұл жағдайда жобалар сияқты, әр кезеңнің мақсаты мен міндеттері, күтілетін нәтижелері, орындалу әдістері мен нәтижені бағалау көрсеткіштері, оны өлшеу құралдары айқындалды.
Бағдарлама мазмұнына сай өзгерістердің бірнеше кезеңдері белгіленді:
Қазіргі жағдайды талдау, немесе жобалау алдындағы зерттеу жұмысықалыптасқан мақсат, міндеттер жүйесіне, оны жүзеге асыру құралдарына, білім беру әрекеттерінің жағдайына, нәтижелері мен бағалау жүйесіне сипаттама беру;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет