Бинарлы сабақтар: -пәнді үйрену мотивациясын арттырудың құралы болып қызмет етеді;
-студенттерде өздігінен білім алу дағдыларын дамытады;
-аналитикалық қасиеттерін дамытады;
-зор тәрбиелік әлеуетке ие;
-бинарлы сабақтарда бұрын оқылмаған жаңа салаларға біліктер көшіріледі, бұл студентке шығармашылық жағдайларда шешім қабылдауға көмек көрсетеді.
Мұндай сабақтар студенттерге де оқытушыларға да қызықты. Олар педагогикалық ұжымды, біріктіреді.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Жеке тұлғаның құндылық бағдарын анықтайтын халықаралық құжаттар.
2. Гуманистік педагогиканың негіздері.
3. Тұлғаның санасын дамыту әдістері.
4. Тұлғаның мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру әдістері.