Негізгі сұрақтар, тапсырмалар: 1. Білім беруді басқарудың әлемдік тенденциялары
2. Білім беруді басқарудың және білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау, есепке алу жəне тексеру әдістері
3. 12 жылдық оқыту жағдайында білім беру ұйымдарын басқару моделі.
Тапсырманы орындау түрі:Рower point форматында презентация жасау.
Әдістемелік нұсқау: Тапсырманы орындау критерийлері, бағалау талаптары: Слайдтар саны 10 кем емес және 20 артық болмау тиіс.
Презентация 3 компоненттен құралуы керек: 1) Кіріспе - бұл динамикалық және тиімді бастау; Презентацияның бұл бөлімінің міндеті – назар аударту, берілетін ақпаратқа позитивті, оң көзқарас және эмоционалды қабылдауды қалыптастыру; 2) Презентацияның ақпаратты бөлімінде тапсырманың негізгі сұрақтарының мәнін ашатын сызбалар, суреттер, қысқаша мәтіндік бөлім болуы керек; 3) Қорытындыда дәлелді қорытындылар және ұсыныстар болуы тиісті.
Презентацияның мақсаты және міндеттері нақты, анық болуы керек.
Қарастырылған сұрақ бойынша әдебиеттерге жасалған талдау болуы керек.