Семинар Модуль Банктерде есепке алу-операциялық жұмысты және құжат айналымын ұйымдастыру Тақырып


Жұмыс түбін және құжат айналымын ұйымдастыру



бет3/3
Дата04.01.2022
өлшемі18,42 Kb.
#109335
түріСеминар
1   2   3
Байланысты:
ббе 2

Жұмыс түбін және құжат айналымын ұйымдастыру.

Банк аудитiн аудиторлық қызмет туралы заңдарға сәйкес аудит жүргiзуге құқылы және осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сай келетiн аудиторлық ұйым (аудитор) жүргізеді.

      1-1. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу банктерге (барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған немесе мәжбүрлеп тарату процесіндегі банкті қоспағанда), банк холдингтеріне және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдарға міндетті болып табылады, ол туралы есептің көшірмесі мен аудиторлық ұйымның ұсыныстарын осы құжаттарды алған күннен бастап немесе оларды банктерге, банк холдингтеріне және банк (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдарға бергеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде банктер, банк холдингтері және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдар немесе аудиторлық ұйымдар уәкiлеттi органға табыс етуге тиіс. 

      Банктің және банк холдингінің шоғырландырылған жылдық қаржылық есебін банктерге аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым куәландыруға тиіс. 

      Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын бас ұйым мен оның еншілес ұйымдары ретінде банк конгломератына кіретін ұйымдардың аудитін бір сол аудиторлық ұйым жүзеге асырады. Резидент еместердің бас ұйымы мен оның еншілес ұйымдарының аудитін, мұндай аудитті жүргізу олардың резиденттілік елі заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін жағдайларда, бір сол аудиторлық ұйым жүзеге асыруға тиіс.

3. Банктерге аудит мыналарды анықтау мақсатында жүргiзiледi: 

      жүргiзiлген банк операцияларының есепте және есеп беруде дер кезiнде, толық және дәлме-дәл көрсетiлуi; 

      жүргiзiлген банк операцияларының осы Заңның және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi;

      жүргiзiлген банк операцияларының оларды жүргiзудiң жалпы шарттарына сәйкестiгi, сондай-ақ банк операцияларын жүргiзу тәртiбiнiң банкiнiң iшкi ережелерiне сәйкестiгi.

      4. Аудиторлық ұйым аудит нәтижелерін және өз қорытындыларын банктің директорлар кеңесі мен басқармасына, банк айқындайтын қажетті жағдайда банк конгломератының құрамына кіретін басқа заңды тұлғаларға табыс етілетін есепте баяндайды. 

      Банктің немесе банк конгломератының құрамына кіретін басқа заңды тұлғалардың қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі коммерциялық құпия болып табылмайды.

      5. Банк аудиторлық есептің көшірмесін оны алғаннан кейін он күн ішінде банк конгломераты құрамына кіретін басқа заңды тұлғаларға беруге міндетті.

      6. Банк, банк холдингі, өзінде банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылар болып табылатын ұйым аудиторлық есепте көрсетілген, банктің немесе банк конгломератының қаржылық жағдайға әсер ететін кемшіліктерді уәкілетті орган айқындаған мерзім ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган кемшіліктер жойылғанға дейін: 

      банкке – осы Заңның 46-бабында көзделген қаржылық жағдайын жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды;

      банк холдингіне, өзінде банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылар болып табылатын ұйымға осы Заңның 47-1-бабының 2-тармағында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.



      Банк холдингі аудиторлық есепте көрсетілген, банктің немесе банк конгломератының қаржылық жағдайына әсер ететін кемшіліктерді аталған тұлғалар осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган кемшіліктер жойылғанға дейін банк холдингіне осы Заңның 47-1-бабының 3-тармағындакөзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы. 

      7. Банктердің, банк холдингтерінің және өздерінде банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылар болып табылатын ұйымдардың активтерін, міндеттемелерін және шартты міндеттемелерін тану бөлігінде аудиторлық есепте жазылған, қаржылық есептілік және (немесе) қаржылық есептілікке байланысты өзге де ақпарат туралы пікірлер мен тұжырымдардың уәкілетті орган жүргізген тексеру нәтижелерінен ауытқуы анықталған жағдайда, уәкілетті орган аудиторлық ұйымнан осындай ауытқу себептерін түсіндіруді талап етуге құқылы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет