Семинар-практикум Шеберлік-класс: «Студенттің үлгі жеке тұлғасы»



бет5/7
Дата12.10.2020
өлшемі200,5 Kb.
#68307
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7
2. «Дыбыстық хат» аялдамасы. «Қимылдың тілі» жаттығуы.

Жүргізуші: Психологиялық жағынан біз саяхатқа баруға дайынбыз. Біздің екінші аялдамамыз «Дыбыстық хат» деп аталады.



















Жүргізуші: Мен бүгін ғажайып хат алғам. Ашып қарайық.

«Қимылдың тілі»

Мақсаты: сабақтағы оқушының қимылын, отырысы мен бет қимылын дұрыс түсіне білуге үйрету.

Оқу құралдары:  әртүрлі бет қимылы мен отырғандары бейнеленген адамдардың суреттері (1- 9 суреттер).

Жүргізуші: АҚШ психологы А. Пиз өзінің «Қимылдың тілі» атты кітабында былай деп жазған:

«Телефон айлакерлер үшін жаратылған, өйткені сөйлесіп тұрған адамның бет қимылын, тұрған тұрысын көрмейміз, ол шын, әлде өтірік айтып тұрғаның біле алмаймыз».


Ал, сіз қимылдың тілін білесіз бе? Мен сізге бірнеше суреттерді ұсынамын. Сіздер оларға қарап, не көріп тұрғандарыңызды айтасыз:

Тақтаға №1 және №2 суреттер ілінеді



№1 Сөйлесіп отырған адамға көзқарасы теріс. Адамның қолы мен аяғы

«құлып» формасында. Ол өзінің өмірде қажетті мүшелерін құтқаруға дайын.

№2 Адам жай ғана тоңып отыр. Бұл отырған отырысты біз кейде басқаша

қабылдаймыз. Ең бірінші оқушымыз қандай жағдайда екенін

анықтауымыз қажет, ал сосын белгілі қорытынды жасауға болады.



Келесі №3 сурет жапсырылады.



Жүргізуші: №1 және №3 суреттерді салыстырыңыз, №3 сурет туралы не айта аласыз? Бұл адамның тұрған тұрысы өз сырымен бөліскісі келетіні туралы айтады. Адамның киімінің ағытылған түймелері сырын айтуға дайын болғанын көрсетсе, көйлегінің барлық түймелері түйілгені «құлып» ролін атқарады.

Келесі болып № 4, 5 суреттері көрсетіледі.





Жүргізуші: №4 суреттегі бала және №5 суреттегі жас өспірім өтірік айту қалпында. Әр адамның санасында өтірік айтуға болмайтындығы жөнінде ой қалыптасқаннан, баланың қолы еріксіз аузын жабуға тартылады. Өскен сайын бұл әдет кетпейді, бірақ өзгереді – жасөспірім жайлап еріндерін саусақтарымен сипаса, ересек адам мұрынның ұшына қолын тигізеді.

№ 6, 7 суреттері көрсетіледі.





Жүргізуші: Оқушының ауызындағы саусағы – қолдау қажеттілігін көрсетеді. Ондай баланы мадақтау қажет. Кішкентай бүлдіршіндер саусақтарын емгенде анасының омырауы естеріне түсіп, тыныштала бастайды.

Есейген сайын бұл әдет қалмай, түрі өзгеріп, уайымдағыш оқушылар қарандаштары мен қаламдарын қеміреді, ал ересек адамдар темекі тартады.

Ал №7 суреттегі оқушының отырысы көңілсіз және сабақта іші пысып отырғанын көрсетеді. Оқушының басы неғұрлым қолына қатты сүйенсе, соғұрлым іші пысып отырған деңгейі жоғары. Ал оқушының басы толық алақанның үстінде жатса – ол сіздің сабағыңыз оқушыға мүлдем қызық емес екенінін жоғарғы көрсеткіші.

Соңғы болып тақтада № 8, 9 суреттер көрсетіледі.





Жүргізуші: №8, 9 суреттерге назар аударыңыздар, бұл адамдар №7 суреттегі қызға ұқсайды бірақ, алақандары жұмылған, сұқ саусағымен жағын тіреп отыр, бұл қимыл сөйлеп тұрған адамды бағалау сәтін білдіреді. Егерде сіздің аппонентіңіз сізге сын көзбен қараса ол №9 суреттегідей отырады.

Бұл бейнелер сізге оқушылардың сіздің сабағыңыздан алған әсерін түсінуге мүмкіндік береді. Сабақ қызық болдыма деген сұрақты қоюдың қажеті болмайды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет