Шартты рай—қимыл, іс-әрекеттің болу-болмау, орындалу мүмкіндігін, шартын білдіріп, етістік түбіріне, лексика-грамматикалық категориялар тұлғаларына -са, -сеқосымшасы жалғану арқылы жасалады. Шартты райлы етістік 3-жақта ықшамдалған түлғада (жедел өткен жақ тұлғасы сияқты) жіктеледі, сөйлемде негізінен алғанда тиянақсыз тұлға болып қолданылады, сондықтан көбіне-көп шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауышы қызметінде жұмсалады.
Жекеше Көпше
Мен айт-са-м, сөйле-се-м Біз айт-са-қ, сөйле-се-к
Сен айт-са-ң, сөйле-се-ң Сендер айт-са-ңдар, сөйле-се-ңдер
Сіз айт-са-ңыз, сөйле-се-ңіз Сіздер айт-са-ңыздар,
Ол айт-са- , сөйле-се- сөйле-се-ңіздер
Олар айт-са, сөйле-се-
Қазақ тілінде шартты рай тұлғасындағы етістік әр уақытта шарттылық мәнде қолданыла бермейді. Кейде ол шартты рай тұлғалы етістік мезгіл бағыныңқы сөйлемнің немесе да, де шылауымен тіркесіп қарсылықты бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметінде жұмсалады. Көзімді ашып, алдыңғы жаққа қарасам, екі адам қарауытып тұр екен (Ғ.М.) Тыс қанша көріксіз болса да, қоңыр үйдің өз күні балқып тұр екен ғой! (М.Ә).
Сондай-ақ шартты райлы етістік тілек, арман, мақсат сияқты модальдылық мәнді білдіріп, тиянақты мәнінде сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады: Шіркін, биыл оқуға түссем!Осы отырысыңды әкең көрсе!Сен машинамен келсең,біз бәріміз есік алдына шығып тосып тұрсақ! Бұнымен бірге шартты райлы етістік жіктеліп келіп ғой, еді, екен,. етті(ма, ме) сұраулық шылау сияқты көмекші сөздермен тіркесіп, сөйлемді аяқтап тұрады да, сөйлеушінің тілек-арманын, өтініш-өкінішін, болжам, ниетін т.б. білдіреді: бар-са-м екен, сөйле-се-ң етті, бар-са-ңыз ғой, жолық-са еді т.б.
Сондай-ақ -са, -сетұлғасына -шы, -ші қосымшасы үстеліп, 3-жақта жіктеліп, тиянақты тұлға ретінде қолданылады, екінші жақта кейде -ң жіктік жалғауының орнына -й тұлғасы айтылады
мен барса-м-шы біз барса-қ-шы
сен барса-ң-шы, біз барса-й-шы, сендер
сіз барса-ңыз-шы, барса-ңдар-шы
сіздер барса-ңыздар-шы.
Шартты райлы етістік игі едісөздерімен тіркесіп, қалау рай да жасайды: бар-са игі еді, жолық-са-м игі еді т.б. Болжамды сияқты модальды реңкті білдіріп, шартты райлы етістік керексөзімен де тіркесіп қолданылады: айт-са керек, көнбе-се керек т.б. Бұлардың барлығында да шартты райлы етістік жіктеліп келеді де, көмекші сөз сөйлем баяндауышын тиянақты етіп отырады.
Қалау рай – сөйлеушінің қимыл іс-әрекетті орындауға я орындамауға қалау, тілек, ниет, ынтасын білдіріп, белгілі жолдармен жасалатын рай категориясының бір түрі. Қалау рай бірнеше жолмен жасалады, негізгі етістіктерге -ғы, -гі, -қы, -кі қосымшалары жалғанып тәуелденіп барып (тәуелдік жалғауы арқылы жіктеліп, яғни жақтық, жекешелік-көптік мән үстеліп), оған кел (келді, келеді) көмекші етістігі тіркесіп жасалады. Жіктелуі:
Менің оқы-ғы-м келді (келеді) біздің оқы-ғы-мыз келді (келеді)
Сенің оқы-ғы-ң келді (келеді) сендердің оқы-ғы-ла-рың келді (келеді)
Сіздің оқы-ғы-ңыз келді (келеді) сіздердің оқы-ғы-ла-рыңыз келді (келеді)
Оның оқы-ғы-сы келді (келеді) олардың оқы-ғы-сы келді (келеді)
Сөйтіп, бұл тұлғалы қалау рай етістік синтаксистік сипаты жағынан жақсыз сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады.
Кейде сөйлемде қалау рай конструкциялы тіркестің ілік септігіндегі сөздің септік жалғауы түсіп қалып та жұмсалады, бірақ ілік септік тұлғасындағы сөз логикалық субъекті болғанмен, грамматикалық субъект болып таныла алмайды. Бұл – ауызекі сөйлеу тілдің әсері болу керек.
Сондай-ақ етістік түбіріне -ғай,-гей, -қай, -кейқосымшаларының үстелуі арқылы және осы тұлғаға еді көмекші етістігі тіркесу арқылы немесе шартты рай тұлғалы етістікке игі, екен сөздерінің тіркесуі арқылы да тілек мәнді қалау рай жасалады. Жіктелуі:
Мен бар-ғай-мын, бар-ғай едім, барса игі едім, көрсем екен, біз бар-ғай-мыз, бар-ғай едік, бар-са игі едік, көрсе-к екен.
Сен бар-ғай-сың, бар-ғай едің, барса игі едің, көрсең екен, сендер бар-ғай-сыңдар, бар-ғай едіңдер, көрсең-дер екен.
Сіз бар-ғай-сыз, бар-ғай едіңіз, барса игі едіңіз, көрсе-ңіз екен, сіздер бар-ғай-сыздар, бар-ғай едіңіздер, барса игі едіңіздер, көрсе-ңіздер екен.
Ол бар-ғай, бар-ғай еді, барса игі еді, көрсе екен Олар бар-ғай, бар-ғай еді, барса игі еді, көрсе екен.
Рай категориясын сипаттамасы туралы және білдіретін мағынасы мен тұлғасына қарай бөлуде жалпы түркі тілдерінде болсын, қазақ тілінде болсын әртүрлі пікірлер қалыптасқан. Ғалымдар арасында рай категориясына әртүрлі анықтамалар беріліп, оларды жіктеп бөлуде қайшы көзқарастар орын алып келді. Рай категориясын түрліше түсіну, оны модальдықпен ажыратпай қарастыру түрлі көзқарастың пайда болуына себеп болды. Осыған байланысты профессор С. Исаев рай категориясы етістіктің модальдық мәнін толық қамти алмайтынын дәлелдеп, олардың арасындағы айырмашылықтарды талдап берді. Ал рай категориясын бөлудегі бірізділіктің болмауы (олардың саны үштен он беске дейін жетеді) түркі тілдерінде рай категориясы әлі жеткілікті зерттелмегенін байқатады.
Достарыңызбен бөлісу: |