Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 45 сағат Барлығы 135 сағат Орал 2009 ж



бет85/140
Дата06.02.2022
өлшемі2,18 Mb.
#38528
түріСеминар
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   140
Қарастырылатын сұрақтар: Орта ғасырлар. «Орта ғасырлар» терминінің бастауы. Тарихи жағдай. Мәдениет пен әдебиет дамуы.
Дәріс мақсаты: Студенттерді аталмыш кезеңдегі әдебиет және мәдениет дамуы барысынан хабардар ету.
Дәріс мазмұны:
Орта ғасырлар – эллиндік-классикалық мәдениеттің құлдырау шегіне жетіп, ал одан кейін оның жаңа заманда қайта түлеу кезеңімен сәйкес келетін, ұзаққа созылған біртұтас мәдени дәуірді қамтиды. Ғылымда көне заманнан бастап жаңа заманға дейін созылатын уақыт шеңберін ортағасырлар деп атайды. Бұл тарихи кезең бір мың жылдан астам уақытты қамтиды, яғни Ү ғасырдан бастап ХҮ ғасырға дейін созылады. «Орта ғасырлар» деген термин алғаш рет Италияда қайта өрлеу дәуірінде пайда болған. Бұл «орта ғасырлар» дәуірі негізінен үш кезеңнен тұрады.
І – «Бастапқы орта ғасырлар кезеңі»- дәуір бастауынан басталып – Х-ХІ ғасырларға дейін созылады;
ІІ – «Жоғарғы, классикалық кезең» - ХІ ғасыр мен ХІҮ ғасыр.
ІІІ – «Кейінгі орта ғасырлар кезеңі»- ХІҮ ғасыр және ХҮ ғасыр аралықтарын қамтиды.
Орта ғасырлар дәуіріндегі айрықша дамыған мәдениет салаларының бірі- әдебиет болды. Бастапқы орта ғасырлар кезеңінде ауыз әдебиеті, оның ішінде батырлық эпостар ерекше қанат жайды. Бұл құбылыс әсіресе Англия және Скандинавия елдеріне тән болды. Бұл эпостарды орындайтын музыканттар халықтың ықыласына бөленіп, ерекше құрметке ие болды.
Ел арасына кең тараған ағылшын-саксондық батырлық эпостың бірі – 700 ж. шамасында жазылған «Боевульф» поэмасы болды. Ғалымдардың пікірінше, бұл дәуірдегі батыс еуропаның әдебиетте өзінің мазмұны мен әсерлілігі жағынан Скандинавияның эпикалық халықтық поэзиясына пара-пар келетін әдеби шығармалар болмаған. Осындай бағалы туындылардың бірі құдайлар мен батырлар жайындағы көне норвеждік және исландық мифологиялық және батырлық сипаттағы жырлардың жинағы болып саналатын – «Старшая Эдда» эпосы. Бұл баға жетпес әдеби туынды ХІІ ғасырда латын жазуының пайда болу кезеңінде жазылған.
Бұл тарихи дәуірде рыцарлық әдебиет те қанат жая бастады. Бұл жанрдағы ең атақты тамаша әдеби мұра – француздардың халықтық ерлік эпосы – «Роланд туралы жыр». Мұнда Испанияға жасалған әскери жорық кезінде қаза тапқан граф Роландтың әскери ерліктері жайында баяндалады. ХІІ – ХІІІ ғасырлардағы неміс жазуының баға жетпес әдеби мұрасы – «Нибелунгтар жайындағы жыр» да халықтың шексіз құрметіне бөленді. Көне германдықтардың аңыздарына негізделген бұл жырда Ү ғ. Бургунд корольдігіне жасалған ғұндардың шапқыншылық соғыстары – уақиғаның негізгі арқауы болған.
Батыс Еуропа елдерінде рыцарьлық поэзияда дами бастады.Германияда лирикалық поэзияның өкілдері саналған миннезингілер (жалынды махаббат жыршылары) өз шығармаларын өздері орындайтын болған. «Куртуаздық» (сарай маңындағы) поэзия – француз елінде трубадурлардың лирикалық поэзия саласындағы тамаша жетістіктерінің бірі болды. Трубадурлар таза махаббатты және өз сүйіктісіне жан-тәнімен берілген рыцарьлық қауіп-қатерге толы өмір жолдарын, олардың көзсіз ерлік істерін үлкен шабытпен жырға қосты. Солардың ішіндегі ең атақтылары – Бертран де Борн (1140-1215ж.ж.), Джауфре Рюдель (1140-1170ж.ж.) және т.б. болды.
Ортағасырларда әдебиет аренасына шыққан алғашқы жанрлардың бірі – рыцарлық әдебиет болды. Рыцарлық әдебиет әсіресе лирика мен роман жанрында кең дамыды. ХІ ғасырда рыцарлық әдебиеті дамыған елдің бірі – Франция болды. Францияның Прованс атты аймағы Ұлы Карл империясының күйреуінен соң тәуелсіздікке қол жетіп, Франциядан бөлінеді. Сөйтіп саяси және экономикалық егемендікке жеткен Прованс аймағында қоғамдық өндіргіш күштер мен өзге де тұрмыстық салалардың дамуы белең алды. Осындай қоғамдық сананың едәуір нығайған кезеңінде, француз әдебиеті де бұл дамудан тыс қалмады. Батыс еуропалық әдебиеттердің ішінде француз әдебиетінде алғашқы куртуаздық-рыцарлық идеал қалыптасты. Рыцарлық әдебиеттің алғашқы негізін қалаушылар – трубадурлар деп аталатын ақындар болды (trobar-іздеу, табу).
ХІІ-ХІІІ ғасырдағы француз поэзиясының тағы бір тамаша көрінісі – «ваганттар» поэзиясы болды.Ваганттар деп кезбе ақындарды атаған. Олардың шығармашылығының бір ерекшелігі – вагант ақындардың католик шіркеуі мен дінбасыларын, олардың зұлымдық іс-әрекетін әділ сынның қыспағына алуы болып саналады. Олар көргенсіздік, екіжүзділік, білімсіздік сияқты жағымсыз қасиеттерден шіркеу мүлде арылу керек деп санады.
Ал өз кезегінде ваганттар тарапынан қатал сынға ұшыраған христиан шіркеуі оларды қуғын-сүргінге ұшыратып отырды. «Ваганттар ордені» деп аталатын атақты жырлар ваганттар поэзиясының аса құнды шығармаларының бірі боп саналады.
ХІІІ ғ. ағылшын әдебиетінің мәңгілік өшпес мұраларының бірі – Робин Гуд жайындағы балладалар. Робин Гудтың күні бүгінге дейін дүниежүзілік әдебиеттің ең белгілі, ең сүйікті кейіпкерлерінің қатарынан орын алуы – ағылшын әдебиетінің бет-бейнесін айқын аңғартады.
Италия әдебиетінде итальян тілінде жазылған жырлар, балладалар, сонеттер басым болып келеді. ХІІ ғ.-дың ортасында Италияда әйелдерге деген махаббатты дәріптейтін соны бағыт – «Жаңа әдемілік стиль» пайда болды.Бұл стильдің негізін салушы – ақын Гвидо Гвиницелли.ХІІІ ғ.-дың аяғында итальян тіліндегі ең алғашқы құқықтық шығармалар да жарық көре бастады. Солардың тырнақалдысы – новеллалар жинақтары болды. Кейіннен бұл новеллалардың сюжеттерін Джованни Боккаччо атақты «Декамеронды» жазғанда кеңінен пайдаланды.
Бұл дәуірде қала әдебиеті де қалыптаса бастады. Оның көрнекті өкілдері – Чекко Анджольери, Гвидо Орланди және т.б. Олардывң шығармаларында қала халқының өмірі, оның күнделікті тұрмыс-тіршілігі реалистік тұрғыдан көрініс тапты. Қала әдебиетінің дамуы Батыс өркениетінің қалыптасуына айрықша әсер етті және бұл мәдени процесс қалалық мәдени өмірдің барлық салаларында ақсүйектердің мәдени белсенділігімен ұштасты.

7 дәріс. Тақырыбы: Көне үнді әдебиеті




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет