Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 45 сағат Барлығы 135 сағат Орал 2011 ж


АНТИКАЛЫҚ ƏДЕБИЕТТІҢ КЕЗЕҢДЕРГЕ БӨЛІНУІ



Pdf көрінісі
бет53/98
Дата23.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#159450
түріСеминар
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   98
Байланысты:
Әлем әдебиетінің тарихы (1)

АНТИКАЛЫҚ ƏДЕБИЕТТІҢ КЕЗЕҢДЕРГЕ БӨЛІНУІ. 
Əдебиет зерттеуші ғалымдардың пікірінше, антикалық əдебиет, негізінен, 3 
кезеңнен тұрады. 
І – кезең – ғылымда “Классикаға дейінгі” немесе көне (архаикалық) кезең деп 
аталады. Бұл дəуір халық ауыз əдебиетінің сан ғасырлар бойғы тарихын қамтып келіп, 
біздің жыл санауымызға дейінгі І-ші мыңжылдықтың алғашқы жартысына дейін 
созылады. Бұл заман шығармалары бізге жетпеген, олар туралы нақты деректер де тым 
аз. Бұл шығармалардың тарихта болғандығын ғалымдар, негізінен, кейінгі дəуірлердің 
жекелеген авторларының шығармаларында кездесіп қалатын олардың атауларына ғана 
сүйеніп пайымдайды. Бізге толығымен болмаса да жеткені – соқыр жырау Гомердің 
“Илиада” мен “Одиссея” атты ерлік эпостары. Олар, шамамен, б.э.д. ҮІ ғасырда 
жазылған.
ІІ – кезең – Ежелгі Грекияның құлиеленушілік құрылысының гүлденіп, дамыған 
уақытына сəйкес келеді. Ол біздің жыл санауымызға дейінгі ҮІІ - ІҮ ғасырлар 
аралығын қамтиды. Əдетте, бұл кезеңді “классикалық” кезең деп атайды, себебі, бұл 
дəуірде жеке тұлғаның ішкі жан-дүниесінің, сезім табиғатының, оларды сыртқы ортаға 
көрсету, шығару формаларының дамуына байланысты оларды оқырман мен көрермен 
көңіліне жеткізудің бірден-бір құралы ретінде лирика мен драманың көптеген түрлері 
дүниеге келді. Сондай-ақ ежелгі грек философтарының, филологтарының, 
тарихшыларының жəне шешендерінің (Сократ, Платон, Демокрит, Эпикур жəне т.б.) 
дана да көркем шығармаларынан тұратын бай прозалық əдебиеттің дамуы да – осы 
дəуір ерекшелігі. 
ІІІ – кезеңді ғалымдар, əдетте, “эллинизм дəуірі” немесе “эллиндік кезең” деп 
атайды. Бұл дəуір – ірі құлиеленушілік қарым-қатынастар дəуірі. Сол замандарда елді 
əлеуметтік-саяси тұрғыдан ұйымдастырып, басқарудың бірден-бір үлгісі боп 
саналатын, “полистер” деп аталатын шағын қалалық мемлекеттердің орнына тарих 
сахнасына ірі əскери-монархиялық бірлестіктер шықты. Қоғам өмірінде орын алған 
осындай тарихи аумалы-төкпелі кезеңге байланысты қоғам өмірімен əркез тығыз 
байланыста болатын əдебиет пен мəдениет салалары да көптеген өзгерістерге 
ұшырады.
Жалпы эллиндік дəуір – классикалық кезең мəдениетінің құлдырау дəуірі болып 
саналады. Əрине, бұл кезең өте ірі уақыт көлемін қамтыған кезең болды. Ол біздің 
жыл санауымыздан бұрынғы ІІІ ғасырдан біздің эрамыздың Ү ғасырына дейін 
созылды. Сол себепті бұл дəуірдің өзін кейбір ғалымдар “Бастапқы эллинизм дəуірі” 
жəне “Кейінгі эллинизм дəуірі” деп екіге бөліп қарастырады. Сонымен қатар, осы 
эллинизм дəуірі рим əдебиетінің де бастау алып, дамуымен қатар келеді. Сондықтан да 
бұл заманды кейде “эллиндік-римдік дəуір” деп те атайды.
Б:д.д. ІІІ ғасырда пайда болған рим əдебиеті архаикалық (көне) кезеңді өзі пайда 
болған уақыттан кейінгі екі ғасыр бойы басынан кешірді.
Б.д.д. І ғасыр, əдетте, рим əдебиетінің кемеліне жетіп, гүлденген уақыты деп 
саналады, яғни бұл – рим əдебиетінің классикалық кезеңі. Ал кейінгі белес – біздің 
жыл санауымыздың І - Ү ғасырлары – классикадан кейінгі кезең деп есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет